Материалдар / Дәстүрден тыс-әдіс тәсілдер.

Дәстүрден тыс-әдіс тәсілдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады









Шығармашылық. Жапсыру:

Дәстүрден тыс-әдіс тәсілдер.

Күншуақ ортаңғы тобы





Тәрбиеші: Боксариева К.





2024-2025ж.





Дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салу, мүсіндеу, қол еңбегі бүлдіршіндердің ең сүйікті ісі де болады. Өйткені, бояу әлеміне ену, оны қолмен ұстап, сезіну арқылы салынған дүние – балалардың танымдық деңгейін ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға деген қызығушылығын да арттырады. Сондықтан болар, дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу: -баланың психикасына (эмоционалдық жағдайына); -логикалық ойлау қабілетіне; -саусақ моторикасының дамуына; -қағаз бетіне бағдарлай білуді; -көзбен көріп, мөлшерлей білуді; -эстетикалық талғамының қалыптасуына зор ықпал етеді. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнерінің, мүсіндеудің, табиғи материалдармен жұмыс жасаудың шығармашылық қабілеттерін шыңдауда балалар үшін маңызы зор. Өз түсінгенін бұқпасыз, боямасыз жеткізетін жеткіншектің бояу арқылы бағдарлауында тәрбиешінің орны ерекше. Сондықтан да, өзімнің шығармашылық жұмысымның арқауы ретінде осы дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуды, мүсіндеуді, қол еңбегін алуды жөн көрдік. Аптасына бір рет өткізілетін бұл іс-әрекеттер балалардың қиялын, ой-өрісін дамытады, щығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық жұмысымның өзектілігіне келер болсақ: Бала қиялына ерік беру арқылы оның ішкі сезімін, жан дүниесін бағдарлау, нәтижеге жетер жолдағы тиянақтылық пен іскерлік дағдысын дамыту. Ерте кезде-ақ философтар шығармашылық феноменды аңғаруға және адам дамуына ықпалы қаншалықты екенін анықтауға ұмтылды (Платон, Аристотель, Ф. Аквинский, И.Кант). Орыс философиясында шығармашылық зор түсініктердің бірі екендігін мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский, И.А.Беряев ). Бейнелеу өнері шығармаларын жақсы дәрежеді қабылдау үшін, бала өнердің өзінің бейнелеу тілін түсінетін дамыған қабілет болу қажет. Өнер қабылдау балада арнайы үйренуді қажет етеді. «Өнерлі екен он саусақ» балаларды дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуға, мүсіндеуге, жапсыруға, табиғи материалдарды қолданып өз шығармашылық қабілеттерін дамытып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелей білуге үйретеді.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, мәдениетін дамыту. Шығармашылық іскерліктері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері: Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, бір затты әр қырынан көре білулеріне, жасаған жұмыстарын талдауға, өз ойларын жеткізе білулеріне машықтандыру. Бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту. Саусақ моторикасының дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал ету. Сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бастаған істі аяғына жеткізуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік қасиетін дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу техникасын меңгеріп, өз беттерінше жұмыс жасайды. Шығармашылық қабілеттері шыңдалады. Жасаған жұмысы туралы айтып бере алады.



.













Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі