15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дәстүрімізді білеміз бе?
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дәстүрімізді білеміз бе?»
Мақсаты:
Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.
Күтілетін нәтижелер:
Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігі- нен қорытынды шығара алады.
Сабақтың түрі: танымдық
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу;
Көрнекілігі: салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал – мәтелдер , даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері, интерактивті тақта, слайд, буклет;
Қанатты сөздер: «Халқын сүйген-салтын сүйер.» «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.», «Салтын, тілін, дінін ұмыту – мәңгүрттікке бастар жол», «Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды»; «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
Армысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар Баршаңызды келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтаймын. Отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық, бейбіт өмір тілей отырып бүгінгі 3 «А» сыныбымен өтетін «Дәстүрімізді білеміз бе?» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамын.
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер
ме, қадірлі қоңақтар, құрметті
мұғалімдер!
Біздің бүгінгі «Халық
дәстүрі – асыл қазына» атты сайыс
түрінде өтетін тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер.
2- жүргізуші
Келіпсіздер
үлкен –кіші баламыз да,
Келіпті
әке, аға, анамыз да
Ең бірінші сәлемдесу парызымыз
Ағайын, жиналған көп амансыз ба? дей келе 22 наурыз мерекесі қарсаңына тұспа- тұс келген «Халық дәстүрі-асыл қазына» тақырыбындағы сайыс түрінде өтетін тәрбие сағытымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Олай
болса, сынып оқушыларын ортаға шақырайық
2-жүргізуші
Бүгінгі сайысымызға үш топ қатысып отыр:
1.Парасат тобы
2. Зерде тобы
3.Наурыз тобы
«Қазақы дастарханым» әні.
Сөзін
жазған Ж. Боранбаев
Әнін жазған М.
Ілиясов
Бүгінгі
ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық
белгісі ме?
Жағалай малдас
құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар
тауым!
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің
бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға
ақ пейілді
Иілсе келін-балаң.
Ықылас,
ізет еткен
Сыйластық елін
табам.
Қайырмасы.
Дәм татар талай
ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей
таза ұстасын,
Халықтың шар
айнасын!
Қайырмасы.
1-жүргізуші
Енді сіздерді әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
Ж.Мусалимова-мектеп кітапханашысы
Г.Асылбекова-бастауыш сынып мұғалімі
Ә.Орманқызы-әлеуметтік педагог
2-жүргізуші
Құрметті сайысқа қатысушылар енді сайыстың шартымен таныстырамыз.
«Атадан қалған жоралғы» ( сәлемдесу)
Тапқырлар тобы ( сұрақ - жауап)
Тіл өнері ( жұмбақтың шешуін қазақша, орысша екі тілде жауап беру), мақалдан тірек сөзді тауып үш тілде айту.
«Өнер – халық қазынасы» ( сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді)
Дәстүрімізді білеміз бе? «Үш сөйлем әдісі»
Сөз мәйегі мәтел
1 –жүргізуші
І кезең: «Атадан қалған жоралғы» Сәлемдесу
Құрметті әділ қазылар бірінші кезеңіміздің ұпай сандарын беріңіздер
2- жүргізуші
ІІ кезең: «Тапқыр топ» ойыны. сұрақ - жауап
Ұлттық бас киімді ата? ( сәукеле, тақия, бөрік)
Ұлттық ойындарды ата
Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
Малдың сүтінен алынып ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам (құрт)
Шілдехана тойы қай кезде тойланады? (кішкене нәресте дүниеге келгенде)
Көрімдік сұрау дегеніміз не? ( бұрын көрмеген адамды біреуге көрсеткен кезде)
Қойдың басы қандай қонақтарға беріледі?(үлкен,жасы келген қарияларға)
Тұсау кесерді қалай түсінесің? ( жаңа тәй –тәй басқан баланың тұсауын кесу)
Наурыз көже қай мезгілде дайындалады? ( наурызда)
Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады ( 7 түрлі)
Түйе сүтінен не алынады? ( шұбат)
Қазақтың ұлттық тағамы? (ет)
Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын? ( қымыз)
Жыл басы қай айдан басталады?
Күн мен түннің теңелетін күні (22 наурыз)
Үш жүзді ата
Төрт түлікті ата
Абай атамыз айтқан бес асыл іс
Жүргізуші
Осыменен екінші кезеңіміздің ұпай сандарын әділқазылардан сұраймыз
Жүргізуші
ІІІ кезең: «Тіл өнері» деп аталады. Жұмбақтың шешуін тауып үш тілде жауап беру керек.
Мақалдың түйінді сөзін тауып, үш тілде айту.
1.Бұтағында азығы, ортасында қазығы. (алма, яблоко, apple)
2.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз, лук, onion)
3.Жаздай інге тығылып, жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып, әкелді әкем бір күні. ( сәбіз марков, carrat)
1.Тақия толған сөк,
Таң атқанда жоқ. (жұлдыздар, звезды, stars)
2.Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау. (жұмыртқа, яйцо, an egg)
3.Тұрады
ылғи сөреде,
Іші толы
өнеге.
(кітап, книга, а book)
1.
Батыр туса ел ырысы, ___ жауса, жер
ырысы. (жаңбыр, дождь, rain)
2.
Өз елімнің басы болмасам да, сайының
____ болайын. (тас, камень,
stone)
3. Ел жаусыз болмас, жер ____ болмас. (тау, гора, mountain)
1-жүргізуші
Хор: Бау –бақша белдер
Келесі сайысымызды бастамас бұрын, әділқазылардан «Тіл – өнері» жарысының бағасын беруіңізді сұраймын.
2-жүргізуші
Өнердің нәр береді шапағаты
Әркімнің өнерге бар махаббаты,
Талпынып сайыскерлер ән салғанда
Көпшілік қошеметпен қол соғады-дей келе сайысымыздың келесі кезеңі
ІҮ «Өнер – халық қазынасы» деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз өз өнерлерін көрсетеді)
2 жүргізуші
Әділ-қазылар алқасы «Өнер » сайысының балын шығарғанға дейін, сыныбымыздың биші қыздарының орындауындағы «Ұлытау» биін тамашалаңыздар.
Өнер сайысының бағасын берсеңіздер
1-жүргізуші
.
Қазағымның
салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді
ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт
- дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ
атты үлкен, кіші балдырған.
Сайысымыздың 5- кезеңі : Дәстүрімізді білеміз бе? деп аталады
Сүйінші! Көрімдік сұрау. Тұсау кесу, Беташар, Шілдехана, бесікке салу
Құрметті әділ қазылар 5 кезеңіміздің ұпай сандарын беріңіздер
2-жүргізуші
Ата
дәстүр абырой көтергенде,
О,
бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз
енді біз, ал халайық,
Қанатты
сөз, мақал менен мәтелдерге.
Сайысымыздың сөңғы кезеңі «Жалғасын тап» деп аталады. Сайыстың бұл кезеңінде топ мүшелеріне мақалдардың бастапқы бөлігін айтады, екінші жалғасын топ мүшелері табады.
Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты.
Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады.
Ақуды атпа, досыңды сатпа.
1.Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің тоқсан тоғыз.
2.Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.
3. Алтын алма, білім ал.
4.Ұяда.............,
ұшқанда ...................
(Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің.)
5)Ата............,
бала ..................... .
(Ата- бәйтерек, бала
жапырақ.)
6)Ер......... , ез .................. .
(Ер
бір өледі, ез мың өледі.
7)Өле
................. , бөле ...................
(Өле жегенше
, бөле же.)
8)Таяқ ............... , сөз
................
(Таяқ еттен өтеді, сөз
сүйектен өтеді.)
9)Мал .............. , жер
...................
(Мал баққандікі, жер
жыртқандікі. )
8).................. сүйіндіреді,
.................. күйіндіреді.
(Жақсы сөз
сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
2-Жүргізуші
Келесі сайысымызды бастамас бұрын, әділқазылардан «Жалғасын тап» жарысының бағасын беруіңізді сұраймын.
1-жүргізуші
Осыменен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір қай топ жеңістің мәресіне жетті, қай топтың аты бәйгеден келді, қай топ шаңда қалып қойды ол жағы әділ қазылардың еншісінде
2-Жүргізуші
Әділ қазылар ұпай санын анықтағанша сынып оқушыларының орындауында «Алға Қазақстан» флеш-мобын тамашалаңыздар.
1-жүргізуші
Қорытынды сөз әділ қазылар алқасында
2-жүргізуші
Балалар, өз білімдеріңді ортаға салып, тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан барлық балалар мен көрермендерге үлкен алғысымызды білдіреміз.
1-жүргізуші
Егеменді еліміздің ертеңі-жас жеткіншектері халықтың рухан қазынасын, өнерін қастерлеп, аталар даналығынан толық сусындап өсіп, халқымыздың адал, үмітін ақтар перзенті болуларыңа тілектеспіз.
Ұлттық бас киімді ата?
Ұлттық ойындарды ата
Қамырдың негізгі шикізаты
Малдың сүтінен алынып ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам
Шілдехана тойы қай кезде тойланады?
Көрімдік сұрау дегеніміз не?
Қойдың басы қандай қонақтарға беріледі?
Тұсау кесерді қалай түсінесің?
Наурыз көже қай мезгілде дайындалады?
Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады
Түйе сүтінен не алынады?
Қазақтың ұлттық тағамы?
Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын?
Жыл басы қай айдан басталады?
Күн мен түннің теңелетін күні
Үш жүзді ата
Төрт түлікті ата
Абай атамыз айтқан бес асыл іс
Тіл өнерінің сайыскерлерін ортаға шақырамын.
Парасат тобының сайыскері Бақыт Рухия
Зерде тобының сайыскері Қасымбек Шұғыла
Наурыз тобының сайыскері Аман іңкәр
Сіздерге берілетін тапсырма біріншіден жұмбақтың шешуін табасыздар және үш үш тілде айтасыздар.
Екіншіден мақалдың түйінді сөзін табасыздар және үш тілде айтасыздар.
1.Жаздай інге тығылып, жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып, әкелді әкем бір күні. ( сәбіз марков, carrat)
2.Бұтағында азығы, ортасында қазығы. (алма, яблоко, apple)
3.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз, лук, onion)
1.Тақия толған сөк,
Таң атқанда жоқ. (жұлдыздар, звезды, stars)
2.Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау. (жұмыртқа, яйцо, an egg)
3.Тұрады
ылғи сөреде,
Іші толы
өнеге.
(кітап, книга, а book)
1. Ел жаусыз болмас, жер ____ болмас. (тау, гора, mountain).
2.Өз елімнің басы болмасам да, сайының ____ болайын. (тас, камень, stone)
3. Батыр туса ел ырысы, ___ жауса, жер ырысы. (жаңбыр, дождь, rain)
Жарайсыңдар достар сендер жақсы өнер көрсеттіңдер
Бұл сайыста топ басшылары сынға түседі.
Парасат тобының топ басшысы Шайқали Асылжан
Зерде тобының топ басшысы Әлихан Әли
Наурыз тобының топ басшысы Жүсіп Жақсыкүл
Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз.
Білім туралы мақал
1.Білетінің бір тоғыз, Білмейтінің------ (тоқсан тоғыз.)
2.Қына тасқа бітеді, білім ---- ---- (басқа бітеді).
3. Оқусыз білім жоқ, білімсіз (күнің жоқ).
Достық туралы мақал.
Ағаш тамырымен мықты, ( Адам досымен мықты.)
Дұшпан күлдіріп айтады, (Дос жылатып айтады.)
Ақуды атпа, досыңды сатпа.
Тәлім- тәрбие туралы мақал- мәтелдер
1.Ұяда.............,
ұшқанда ...................
(Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің.)
2)Ата............,
бала ..................... .
(Ата- бәйтерек, бала
жапырақ.)
3)Ер......... , ез .................. .
(Ер
бір өледі, ез мың өледі.
4)Өле
................. , бөле ...................
(Өле жегенше
, бөле же.)
5)Таяқ ............... , сөз
................
(Таяқ еттен өтеді, сөз
сүйектен өтеді.)
8).................. сүйіндіреді,
.................. күйіндіреді.
(Жақсы сөз
сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
Рахмет достарым
Сендер
намысты қолдан бермеуге тырыстыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген