|
Сабақта меңгерілетін оқу
мақсаттары
|
5.2.3.2 Түрлі конструкциялық,
табиғи және жасанды материалдардан қарапайым бұйым
дайындау.
5.2.6.1 Материалдар мен
құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап қолданудың маңыздылығын
сезіне отырып демонстрациялау
|
|
Басталуы
5-8 мин
|
Оқушылармен
сәлемдесу.
Оқушыларды жаңа тақырып пен
оқу мақсаттарымен таныстыру.
Топқа бөлу: Суреттің екінші
бөлігін тауып жұпқа бөлінеді
Құндылықтарға
баулу.
Құндылықтарды оқушы бойына
сіңіру мақсатында сабақ ережесімен
таныстыру
|
-Оқушылар амандасып ,тақырыпты
ашу мақсатында сұрақтарға жауап береді.
-Жұпқа
бөлінеді
-Оқушылар ережені оқып жұптық
жұмыс барысында ережені еске сақтайды
|
Сабақта оқушыларға бағалау
парағы беріледі
|
Тақырыптық
суреттер
Презентатция
Топқа бөлу
карточкалары
Оқушы
ережесі
|
|
Ортасы
20-25
мин
|
-
Калейдоскоптың 3D
модельі көрсетіледі,
таныстырылады.
-
Сабаққа қажетті
құрал жабдықтар мен калейдоскоптың жасалу жолы таныстырылады.
Калейдоскоптың жасалуы туралы бейне
көрсетіледі.
-
Калейдоскоп туралы
мультфильм көрсетіледі.
Калейдоскоп
жасау
Материалдар: ішкі диаметрі
20-50 мм картон түтік (асүй майлықтары немесе үлдірлерінің
орамынан), беті жылтыр картон немесе картон және жұқа қаңылтыр,
ұсақ мөлдір моншақтар, түсті және түрлі пішінді шыны (пластик)
түтік қиындылары, мөлдір пластик дайындамалар. қайшы, қағаз желімі,
скотч, пергамент.
6. Бұйымды жасау.Сәндік
бұйым
Беті жылтыр картоннан үш жолақ
қиып алыңдар. Ені картон түтіктің диаметрінен 1.2 есе кіші,
ұзындығы түтіктен 1-1,5 см кіші болсын. Олардың шағылысатын (айна)
бетін ішке қаратып, үшбұрыш призма құратындай етіп желімдендер. Бір
бүйір беттері бір жазық-тықта жататындай етіп, картон түтіктің
ішіне орналастырып желімдендер. Сонда түтіктің екінші ұшында бос
орын қалады. Мөлдір плас-тиктен диаметрі картон түтіктің ішкі
диаметріне тең диск қиып алыңдар. Екінші мөлдір дискті призмаға
(бос орынның табаны ретінде) желім-деңдер. Картон түтікке толық
жанассын. Оның үстіне (бос орынға) ұсақ моншақтарды салың-дар.
Түтікті айналдырғанда моншақтар еркін қозғалатын болсын. Мөлдір
пластиктен диа-метрі картон түтіктің сыртқы диаметріне тең жаңа
диск қиып алыңдар. Оның бір бетіне пер-гамент жағыңдар. Осы дискті
түтікке желімдеу арқылы моншақтар салынған қуысты дұрыстап
жабыңдар. Калейдоскопты аударыңдар.
Картоннан диаметрі
калейдоскоптың сыртқы диаметріне тең диск қиып алыңдар. Оның
ор-тасынан диаметрі 8-10 мм тесік жасаңдар. Бұл дискті
калейдоскоптың екінші ұшына желім-дендер. Калейдоскоптың сыртын
қызықты әрі әдемі етіп безендіріңдер.
Ойын : «Еңбек құралдарының
жұбын тап»
|
Калейдоскоп жасау үшін қажетті құрал жабдықтарын алады,
қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жұмысты
орындайды.
|
Дискриптор
Калейдоскоп толық
құрастырылған
Ішкі бөлшектер дұрыс
орналастырылған
Безендіру элементтері
үйлесімді
Жұмыс соңында калейдоскоп
дұрыс жұмыс істейді
|
3D
калейдоскоп
https://studio.tripo3d.ai/workspace/overview?project=ecf1351c-9ad2-4d45-aa77-d5fa9baccd1a
Калейдоскоп туралы
видео https://www.youtube.com/watch?v=rF2KnQkSipo
Калейдоскоп жасалу
жолы:
https://www.youtube.com/watch?v=N4GXvJSixAg
CD 5 сынып электронды
оқулығы
|
|
Аяқталуы
10
мин
|
Рефлексия «Қол, көз,құлақ»
әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алаған әсерлерімен
бөліседі
Бағалау: Бағалау парағын
толтырып, бүгінгі жсаған жұмыстары арқылы өз-өздерін
бағаладай
|
-Сұрақтарға жауап
береді
- Сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі
- Бағалау парағын
толтарады
|

|
Бағалау
парағы
Рефлексия
«Қол,
көз,құлақ»
|