Қазақ
халқының ғасырлар бойы жинақталған
рухани-мәдени мұрасы — ұлт болмысының
алтын қазығы. Сол мұраны өскелең ұрпақтың
санасына ерте бастан сіңіру – тәрбие
мен білім берудің негізгі бағыттарының
бірі. Әсіресе мектепке дейінгі кезең –
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының
негізі қаланатын аса маңызды уақыт.Ұсынылып
отырған «Дәстүрлі
мұра – рухани тәрбие негізі»
атты авторлық бағдарлама мектепалды
даярлық топтарына арналып құрастырылған.
Бағдарлама мазмұнына қазақтың ұлттық
аспаптары, салт-дәстүрлері, ұлттық
тағамдары, киімдері мен ұлттық ойындары
енгізіліп отыр. Бұл тақырыптар арқылы
балалар қазақ халқының бай мәдени
мұрасымен танысып, ұлт тарихына, салт-сана
мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті
ерте жастан бойларына сіңіреді.Бағдарлама
барысында баланың жас ерекшелігі мен
психологиялық даму деңгейі ескеріле
отырып, сабақтар түрлі ойын, көрнекілік,
сахналандыру, музыкалық сүйемелдеу
және шығармашылық жұмыстар арқылы
өткізіледі. Оқу үрдісі баланың өзіндік
танымын, ойлауын, қиялын, сөйлеу мәдениетін
және эстетикалық талғамын дамытатын
әдіс-тәсілдермен толықтырылады.Сондай-ақ
бұл бағдарлама қазіргі заманғы тәрбие
мен білім беру жүйесінің талаптарына
сай рухани-адамгершілік құндылықтарды
басымдыққа ала отырып, отансүйгіштікке,
үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге,
ұлттық өнер мен мәдениетке баулуға
бағытталған. Бұл – болашақ азаматтың
ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын
тәрбиелік мәні зор бастама.
Бағдарламаның
мақсаты
Балалардың
қазақ халқының салт-дәстүрлері мен
ұлттық құндылықтары жайлы білімдерін
тереңдету арқылы олардың рухани-адамгершілік
тәрбиесін қалыптастыру.
Міндеттері
Қазақтың
ұлттық аспаптары туралы бастапқы
түсінік беру;
Салт-дәстүр
мен әдет-ғұрыптарды ойын, көрнекілік
және сахналау арқылы меңгерту;
Ұлттық
тағам атауларын, түрлерін тануға үйрету;
Ұлттық
киімдердің ерекшеліктерін таныту
арқылы көркемдік талғамын дамыту;
Ұлттық
ойындар арқылы қимыл белсенділігін,
тапқырлықты және бірлесе ойнау дағдыларын
жетілдіру.
Ерекшеліктері
Ұлттық
мазмұн мен этнопедагогика қағидаттарын
негізге алады;
Сабақтарда
театрландырылған көріністер, ұлттық
музыка және ойын әдістері кеңінен
қолданылады;
Танымдық
және эстетикалық қабілеттерді дамытуға
бағытталған.
Өзектілігі
Қазіргі
заманда ұлттық болмысты сақтау, жас
ұрпақтың бойына рухани-мәдени мұраларды
сіңіру — басты міндеттердің бірі.
Жаһандану жағдайында балаларға қазақ
халқының дәстүрі мен өнерін ерте жастан
таныстыру – ұлттық бірегейлікті
сақтаудың негізі.
Маңыздылығы
Ұлттық
мәдениетке негізделген тәрбие – баланың
болашақта өз ұлтын тануына, құрметтеуіне,
ұлттық мақтаныш сезімінің қалыптасуына
зор ықпал етеді. Бұл бағдарлама арқылы
тәрбиеленушілер халқымыздың бай
мұрасымен етене танысып, ұлттық санасы
мен отаншыл рухы оянады.
Жаңалығы
Бағдарламада
театр, көркем еңбек, музыка, тіл дамыту,
дене шынықтыру пәндерімен интеграцияланған
сабақтар құрылымы берілген. Қазақтың
ұлттық мұрасы ойын арқылы меңгертіледі.
Әр бөлім белгілі бір тақырыпқа құрылған
және практикалық іс-әрекетке сүйенеді.
Әдіс-тәсілдері
Ойын
технологиясы
Интерактивті
тапсырмалар
Театрландыру
(қуыршақ, бетперде, саусақ, көлеңке
театрлары)
Көрнекілік
әдісі
Әңгімелеу
және сахналық қойылым
Жұптық
және топтық жұмыс
Ән-би
элементтерімен біріктіру
Күтілетін
нәтижелер
Бағдарлама
соңында тәрбиеленушілер:
Қазақ
халқының ұлттық аспаптарын тани алады;
Негізгі
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
атайды;
Ұлттық
тағам атауларын біледі;
Ұлттық
ойындарды еркін ойнай алады;
Қазақтың
мәдени мұрасына қызығушылық білдіреді
және құрметтейді.
АҚПАРАТТЫҚ
БӨЛІМ
Бағдарлама
мектепалды даярлық сыныптарындағы
балаларға арналған және бір оқу жылы
аясында өткізіледі. Жоспарланған жалпы
сағат саны – 34. Әр аптада бір рет, 25–30
минут көлемінде бір сабақ өткізіледі.
Сабақтар теория мен практиканы ұштастыра
отырып ұйымдастырылады.
Оқу
барысында балалар көрнекі құралдармен,
қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен,
ұлттық тағам түрлерімен, тұрмыстық
бұйымдармен және ұлттық киім үлгілерімен
танысады. Театрландырылған қойылымдар,
рөлдік ойындар, ұлттық ойын түрлері мен
ән-би элементтері сабақ мазмұнын байыта
түседі.
Сабақтар
жеке, жұптық және ұжымдық түрде
ұйымдастырылады. Оқыту процесінде
балалардың тілін дамытуға, әңгімелеу,
сипаттау, ой бөлісу қабілеттерін
жетілдіруге баса назар аударылады. Әр
бөлім аяқталғаннан кейін балалармен
қорытынды ойын түрінде кері байланыс
ұйымдастырылады. Бағдарлама соңында
тәрбиеленушілерге өз білгендерін
көрсететін шағын көрме, концерт немесе
сахналық қойылым өткізу ұсынылады.
Бағдарлама
барлық мектепке дейінгі ұйымдардың оқу
тәрбие процесінде қосымша курс ретінде
қолдануға ұсынылады.