400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәстүрлі қазақ қоғамы этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша Қазақстан тарихынан ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Этникалық және әлеуметтік процестер

Мектеп: № 8 ЖББОМ


Ұзақ мерзімді жоспар таруы:

Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы

Сағат саны: 1сағат

Күні: 03.12.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Каримбаева Б.Б.

Сынып: 10


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары

Зерттеу сұрағы

Көшпелі қоғамда ру-тайпалық құрылым қалай қалыптасты?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.2.1 қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа», «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану;

10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау;

10.2.2.8 туған жердің мәдениеті, салт-дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану

Тарихи концепт (фокус)

Дәлел

Сабақтың мақсаты

Ру-тайпалық құрылымның қалыптасуын түсіндіру

Бағалау

критерийлері


  • «Ру», «тайпа», «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын түсіндіреді

  • Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасуын талдайды

  • «Ұлттық код» ұғымына баға береді

Тілдік мақсаттар

Тарихи кезеңдер негізінде көшпелі қоғамдағы рулардың қалыптасуы туралы мәтінмен танысады (оқылым мен жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ру, тайпа, жүз, ата жұрт, ата мекен, ата жұрт

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Қазақтардың жүздерге бірігу себептері…

Ру-тайпалық бірлестікке бірігу бірнеше мақсатты көздеді, себебі...…

Кіші жүздің Ресейге қосылуының салдары мынадай...

Тарихи жадыны жаңғыртудың маңызы …

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясына сәйкес ұлттың қалыптасуын бағалай білу, Отан тарихы мен ұлттың тарихына деген құрмет этникалық үрдістерді талдау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ тілі» пәні бойынша білімдері жаңа сөздермен жұмыс және айтылым, тыңдалым, жазылым барысында қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім

7 сыныптағы тақырыптар негізінде қазақ даласындағы этникалық үрдістер туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Қызығушылықты ояту

4 минут



Б Миға шабуыл:

«Мюнстерберг» әдістемесі.

Ж

е

т

і

а

т

а

у

Р

Ү

з

а

қ

т

а

т

а

ж

З

а

й

ғ

ы

к

т

ы

ұ

Ж

а

п

а

э

к

о

н

р

К

о

а

р

у

н

и

з

т

Мақсаты: оқушылардың зейінін тақырыпқа шоғырландыру. Жұппен тиімді жұмыс жасауға ынталандыру. Оқушылар тапқан сөздерді оқиды.

«Ру, тайпа, жүз, ата жұрт, ата мекен, ата жұрт»

Сол сөздер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

Презентация


Карточкалар


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. Алматы, 2011

Мағынаны тану


7 минут








10 минут









6 минут








10 минут




Зерттеу және талдау. «Сыйқырлы қоржын»

«Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттары»

Оқушыларға бірнеше сөйлем беріледі

Мақсат: сөйлемдердің ішінен берілген тақырыпқа қатыстысын табу. Оқулықты пайдалана отырып, берілген ақпаратты толығырақ ашу.

Дескриптор: Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын анықтайды.

Кері байланыс.Тапсырма сізге қандай жаңа ақпарат берді?

Т Оқушыларға шежіре ұғымын ашатын мәтін таратылады

Дескриптор:

SWOT әдіс бойынша талдау жасайды

1-топ: Күшті жақтары

2-топ: Әлсіз жақтары

3-топ: Мүмкіндіктері

4-топ: Қауіп-қатерлер


Б әр топ өзінің жұмысын қорғайды.

Бағалау критерийлері: шежіренің маңыздылығын талдайды

Кері байланыс.Тапсырма орындауда қиын және оңай тұстары.

«Шежіре - ұлттық тарихтың бір тармағы» тақырыбына, ПТМС формуласын қолданып баға беріңіз.

Позиция « Шежіре - ұлттық тарихтың бір тармағы

деп есептеймін /есептемеймін»
Түсіндіру (себебі...)

Мысал (мұны мынадай 2 мысал арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар (қорытынды жасаймын....)

Дескрипторы:

  • ПТМС формуласын қолданып баға беру;

  • Себебін түсіндіру;

  • 2 мысал келтіру;

  • Қорытынды жасайды.

Бағалау критерийі: ПТМС формуласын қолданып баға береді

Шежіренің маңыздылығын сипаттайды;

Шежіренің маңыздылығына мысалдар келтіреді;

Қорытынды жасайды.

Бағалау: жұптар басқа жұптармен бірігіп, бір-біріне кері байланыс береді.











Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы, 2011












https://e-history.kz/kz/publications/view/4058




https://aikyn.kz/2018/05/11/5226

Ой-толғау



3 минут

М Сабақты қорытындылау мақсатында «қазақ руға, жүзге бөлінбеген, қазақ руға, жүзге біріккен» тақырыбы төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз.

Кері байланыс: 4 «Қ»

Осы тақырыпты оқуда сіздерге не ..... болды?

Қызық, қиын, құнды, қажет




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?













Шежіре - ұлттық тарихтың бір тармағы

Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих. Халқымыздың өмір сүру салтында отырықшылдық пен қала мәдениеті болмағандықтан, жылдың төрт мезгілінде көшіп-қонып жүрген халықтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, музыкасы бәрі атадан балаға ауызша беріліп, мұқият сақталып отырды. Мұндай дәстүр сонау скиф-сақ, ғұн, көне түркі, қыпшақ, бергі Қазақ хандығына және ХХ ғасырдың 1-ші ширегіне дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ауызша тарихтың бір тармағы – шежіре. «Шежіре» деген сөздің төркіні арабтың «шыжре» - бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан. Шежіре – бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын көлемінде туып, дамыған «ата тек», нәсіл шежіресі ретінде болда да, шешен, шежіреші, билер ауызша таратты. Бұл шежірешілер бір атадан тараған ұрпақтардың, туыс-қандастық ретінде айтылып, соңғы ұрпаққа өсиет, мұра, ақыл, нақыл, шешен тіл арқылы жетіп отырды. Сондықтан қазақ ұрпағына рулық шежіре білуді өсиет, міндет деп үйретіп «жеті» атасын білмеген, жетесіздік белгісі», кейде «жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деп айтуда. Оның себебі: 1. жеті атасының кім екенін үйрететін атасы болмады ғой; 2. атасы үйретсе де жетесіз, тексіз намыссыз, зейін-зердесіз балада ақыл ойсыздығыннан үйренбейді; 3. Қазақ жеті атаға толмай қыз алыспайды; 4. Бір әкеден туған жеті туысты әкесі, баласы, немересі, шөбересі, шөпшегі, неменесі, жұрағат деп атаудан «шежіре» басталады; 5. жеті саны қазақтың наным-сенім, салтына да қатысты жағы бар киелі тотемдік ұғым. Шежіре түрлері. Шежіре ру шежіресі, тайпа шежіресі, ұлыс шежіресі, ұлт шежіресі, хандар шежіресі, мемлекет шежіресі қатары түрлері болады. Қазақ шежірелерінің жанры бойынша: 1. Өлең сөз (поэзия), 2. жайынсөз (проза), 3. Өрнек (кесте) шежіре, 4. жағрапиялық (жер, су, тау, тас) шежіре, 5. айтыс (ақындық) шежіре қатары жанрларға бөлінеді. Шежіре тарихтың бір бөлімі болғанмен, шежірені тарих орнына қоюға болмайды. Сонымен бірге шежіреде ұлтымыздың тарихи, этнографиялық, фольклорлық, тіл біліміндік мол мәлімет бар. Егер шежіреге немқұрайлы қаралса, осы мәліметтен сыр, тарихымыздың мәнді бір қайнар көзінен айрылып қаламыз.

Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/587

© e-history.kz










Қосымша 4

А-дерегі


 “Шежіре – (араб тілінде “шаджарады”–“бұтақ”, “тармақ”) халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір саласы”. 

С. Мұқановтың анықтамасы бойынша: “шежіре”деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді атайды”. Қалыптасқан ресми шежіре  барлық халықтарда кедеседі. Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген  шығыс елдерінде шежіренің көп томдық жинақтары шыққан.

Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке от басының, әулеттің, атақты қол басшының, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған. Шығыста  бұл салт Қытай елінде өте ертеде дамыған. Көрші Ресейде патшаның, текті сословиялардың, дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан.

Тарих – ол деректерден оқиғалардан тұрады, ал шежіре ол дерек. Осындай деректердің арқасында тарихымыз нақтыланады.

Ұлт шежіре арқылы өзінің шынайы тарихын біліп отырды. Сондықтан да шежіре тұтас қазақ халқының тарихын қамтитын маңызға ие болды.

 

 

Дерек көзі: Н.Р. Мырзаханова,  Бейсембекова Г.Ж. ШЕЖІРЕНІҢ ДЕРЕКТІК МАҢЫЗЫ //http://www.rusnauka.com/9_SNP_2015/Istoria/0_185996.doc.htm



В-дерегі

«Шежіре» сөзі — қазақ, қалмақ, татар, башқұрт, ноғай, алтайлық, көшпелі өзбектер және басқа көшпелі халықтарға ортақ. Осы халықтардың сөздіктеріне сәйкес, «шежіре» монғол, тува, алтай, қалмақ, ұйғыр, көне түркі тілдерінде «кеуде», «жад», «жадында сақтау», «есте сақтау», «шығарма» мағыналарында қолданылатыны белгілі. ...

Қазақтар ішінде әрбір отбасының өз шежіресі болуымен бірге, әр ру, тайпа және жүздің өз шежірешілері болды. Қазақ ру-тайпаларының шежірелері ерте заманда ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырды." Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса, әр рудың өз шежіресі болған. Зерттеушілердің айтуынша, жалпы алғанда қазақ шежірелері VІІ ғасырдан бастап, ХХ ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды [9, 24 б.]. Бұл шежірелерде белгілі жүз, тайпа, бұдан тараған аталар таратылып айтумен қатар, осы аталардың заманындағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, ірі тарихи оқиғалар, сол замандағы тарихи адамдар есімдері сақталды. .....

.... ХІХ ғасырда Қазақ жеріне саяхат жасаған кейбір ғалымдар шежіренің болғандығы жөнінде сыр шертеді. Мәселен, А.Янушкевич 1846 ж. «Өзінің арғы тегі болып есептелетін сұлтандардың шежіресін-генеологиясын әкеліп, Барақ бізге оқып берді. Бұл шежіре Тұрсындікінде сақталған үлкен қолжазба кітаптан көшірілген. Ол Тұрсынға Түркиядан жіберілген деседі»-деп жазады.

Ш.Уәлиханов «Киргизское родословие» (қазақтың шығу тегі) деген мақаласында ХVІІІ ғасырда жасалған ұлы шежірелердің бірі туралы сөз етеді. Ғалымның айтуынша, ол жыр-шежірені құрастырған — Шал, ақын. Ол Құлеке батырдың ұлы, руы-арғын ішіндегі -Атығай. Шоқан Шалды Абылайдың замандасы дейді, яғни ол кем дегенде ХУІІІ ғасырда екінші жартысында өмір сүрсе керек. Шал өз шежіресінде тарихи, аңыздарды жинап, қазақтың түп-төркіні Алашадан бастап, өз атасы Құдайбердіге дейін таратқан. ....

М.Тынышбаев былай деп жазады: «Қазақ халқының әрбір жекелеген руының генеологиясын алдын ала зерттемейінше, сондай-ақ оның кімдермен және қандай уақытта тоқайласқанын анықтамайынша, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы көрінісін көзге елестету мүмкін емес».


Дерек көзі: Қазақ шежіресінің жазылу тарихы және деректік құндылығы // http://e-history.kz/kz/contents/view/2398 © e-history.kz





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
5393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі