Материалдар / Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек », «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын түсіндіру; Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін талдау Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
393
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер

Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы

Мектеп: № 2 ЖББМ

Күні: 12.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні: Орунбасарова Б

Сынып: 10 "А"

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.2.6 -қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек », «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану;

10.2.2.7 -дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру

Сабақтың

мақсаты

Қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек », «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын түсіндіру;

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін  талдау

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін анықтау.

Бағалау критерийі

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуін талдап, ерекшеліктерін сипаттап бере алады.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін анықтайды.

Ойлау дағдысы

Білу, түсіну

Тілдік

мақсаттар


Тақырыптың арнайы лексикасы мен терминалогиясы: Ру, тайпа , жүз, ата-жұрт, ата-мекен, шежіре, жеті-ата, ақсүйек, қарасүйек , хан, сұлтан, би, батыр.

Жазылым мен диалогқа қажетті сөйлем құрылымдары: Ру-тайпалық бірлестіктің қоғамдағы рөлін .......... көрініс табады, себебі......

«Ру» ұғымы бүгінгі күні................,

Рулық құрылымның функционалдық қызметінің маңыздылығы мынада.............., Қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлі .............. болып табылады, себебі,......

Пәнаралық

байланыс

Құқық негіздері - әлеуметтік құрылым анықтамасын табуда байланысады.

Алдыңғы білім

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин












10 мин



















Сабақтың ортасы

25 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырамын. Қиындыда жазылған атаулар арқылы 3 топқа бөлінеді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та ,бар қалан.

Абай Құнанбайұлы

Алдыңғы білімді пысықтау үшін « Сиқырлы сұрақтар » әдісі бойынша сұрақтарға жауап береміз. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сұрақтар тізбегі:

  1. Этнос дегеніміз не ?

  2. Этногенез дегеніміз не?

  3. Түркілену процесі дегеніміз не?

  4. Қазірге кезде қандай халықтар түркі тілдерінде сөйлейді?

  5. Автохтонды халық дегеніміз не?

  6. Орта жүздің территориялық аумағы ?

  7. Қазақ хандығының негізін салушылар кімдер?

  8. Шежіре дегеніміз не?

  9. Патронимия дегеніміз?

  10. Атамекен дегеніміз ?

Қ.Б. "Мадақтау арқылы".

Сен жарайсың.

Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.

Сенің мүмкіндігің оданда зор.

Мақсаты: оқушыны ынталандыру, өзіне деген сенімділігін арттыру.


Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылып, кейін бағалау критерийлеріне, зерттеу сұрағына назар аударылады.


Зерттеу мен талдау.

Тапсырма. Жұптық жұмыс. "Мен кіммін?" әдісі арқылы қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтарды өзіне сәйкес ұғымдарымен дұрыс анықтаңыз.


 1.Ханмын

А. Шыңғыс хан ұрпағымын, қарашадан жоғары тұрамын. Хан бөліп берген ру-тайпаларды басқарамын, оларға жерлерді бөліп беремін. Хан сайлауына қатысамын. Елге жау шапса, ханға елден әскер жасақтаймын. Ханмен келіспей қалғанда, басқа мемлекетке көшіп кете аламын.

  2.Сұлтанмын

Ә. Бұрын малшы болғанмын, бірақ туыстарым және өзім барлық малдарымыздан айырылып қалғандықтан, қазір қала маңында тұрамын. Байлардың егістік жерін жыртамын, суғарамын, сөйтіп азын-аулақ күн көріске ақша табамын.


 3.Бимін

 

Б. Ерлігімнің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылдым. Жерді және елді қорғаймын, хан-сұлтанның үкімін орындаймын. Бидің шешімдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етемін.


 4.Қожамын


В. Мемлекет басшысымын, Шыңғыс хан ұрпағымын, қараша халықтан жоғары тұрамын, әскерді басқарамын, халыққа жер бөліп беремін. Сұлтандарды тағайындаймын. Адамдарды жазалаймын, қалаған адамдарыма кешірім жасаймын. Бүкілхалықтық Құрылтайға шақырамын, онда елдің күрделі мәселелерін талқыға саламын.


  5.Батырмын

Д. Шешендік, тапқырлық қасиеттің арқасында ел басқаруға қатысамын. Сұлтандар бөліп берген жерлерді басқарамын. Сот билігін жүзеге асырамын. Елдің күрделі мәселелерін шешуге қатысты Құрылтайға қатысамын, өз пікірімді айтып, заң шығаруға үлесімді қосамын. Сұлтан негізсіз салық салса, басқа сұлтанның иелігіне көшіп кете аламын.


  6.Малшымын

Е. Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналамын. Ислам дінін таратамын, халық арасында шариғаттың сақталуын қадағалаймын.


7.Жатақпын


 

И. Байдың малын бағамын, кедейленіп, қиын жағдайға душар болсам, байдан сауын ала аламын. Мүлкімнен айырылып қалсам, туыстарымнан, басқа малшылардан жылу жинай аламын. Қиын жұмыстар істеу үшін ағайымдарыммен асар жасаймын.


Дескрипторы:

  • Ханды өзіне сай ұғымымен дұрыс анықтайды.

  • Сұлтанды өзіне сай ұғымымен дұрыс анықтайды.

  • Биді өзіне сай ұғымымен дұрыс анықтайды.

  • Қожаны өзіне сай ұғымымен дұрыс анықтайды.

  • Батырды өзіне сай ұғымымен дұрыс анықтайды.

  • Малшыны өзіне сай ұғымымен дұрыс анықтайды.

  • Жатақты өзіне сай ұғымымен дұрыс анықтайды.

Қ.Б. Дұрыс жауаппен салыстыру.


Тапсырма. Топтық тапсырма . Тест


1.Этносаяси қауымдастық дегеніміз:

А) шаруашылық

В) тарих ғылымы

С) белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары

D) қазақ халқы

2)Қай ғасырда қазақ этносы көптеген ру-тайпалардан құралды?

A) XV ғасырдың ортасы B) XIV ғасырдың басы

C) XVI ғасырдың соңы D)XIII ғасыр

3)Ер адам жағынан ата-бабаларын санамалайтын туыстық қатынастар тізбегі? A)Жеті ата B)Шежіре C)Атажұрт D)Ақсақал

4)Қазақтардың бірыңғай этносқа тиістілігін ұғынған,шежіремен бекітілген ортақ генеалогиялық дәстүрі бар бірлестіктер?

A)Рулар B)Жүздер C)Көшпелілер D)Төрелер

5)Ер жағынан ата-тегі ортақ топтар?

A)Патрономия B)Экзогамия

C)Шовинизм D)Эндогамия




Тапсырма. Жеке жұмыс. "Брейн ринг" әдісі арқылы Әлеуметтік топтарды тәуелсіздігі бойынша жоғарыдан төменге қарай орналастыр.

Би, малшы, қожа, хан, бай, сұлтан, батыр, күң.

Тәуелсіз

Shape3 Shape2


Тәуелді

Дескриптор:

  • Әлеуметтік топтарды жоғарыдан төменге қарай орналастырады.

  • Әлеуметтік топтардың тәуелді немесе тәуелсіз болғандығын анықтайды.

Ноутбук, интерактивті тақта.




Стикерлер


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ