400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Дәстүрлі сабақ: Сандық жасау 9 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Технология Мұғалім:Шолпанкулова Е.К.

Сынып: 9«б»

Мерзімі: 07.03.2019 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сандық жасау.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту:Оқушыларға сандық жасаудың технологиясын меңгерту.

Дамыту: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу

Тәрбиелеу:Оқушыларды жұмыс жасау кезінде ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың оқыту әдістері: түсіндіру-иллюстрациалық (әңгіме, әңгімелесу, дидактикалық материалмен жұмыс, көрсету)
Көрнекілік:суреттер, оқулық, жасанды ағаш, ағаш, ағаш балға , кескіш, егеу, балға, қолара т.б.

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Оқыту әдісі

Ұйымдастыру сәті.

1. Оқушыларды түгендеу
2. Сабақтың тақырыбы және мақсаты.


Үй тапсырмасын сұрау.

1. Кебеже не үшін қолданады?

2. Кебеже әрлеудің қандай ерекшеліктері бар?

3. Кебеже қандай бөліктерден тұрады?

4. Күбі тұрмыста қандай қызмет атқарады?

5. Күбі қандай ағаштан жасалады?

6. Күбі қандай бөліктерден тұрады?

7. Сандықтың қанша түрі бар?

Жалпылай ауызша

Теориялық бөлім

Сандық- әртүрлі бұйым салуға арналған, ағаштан жасалған үй жиһазы, мүлік. Кйім-кешек, әртүрлі усақ- т үйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді- кішілі, қолсандық, әбдіре және жағдан сандықтары пайдаланылған. Үлкен сандықтардың ұзындығы 90-100 см биіктігі мен еңі 45-50 см шамасында, жұқа қарағай тақтайдан жасалған. Олардың сырты түгелдей қызыл, жасыл немесе көк бояулармен боялып, бетжағы ою-өрнекткерді кесу арқылы сүйекпен безендірілген. Ол жез, күміс, алтын және түсті тастармен де әшекейленген. Оның аузы аспа құлппен немесе құпия бітеу құлыппен бекітілген.

Жағдан- азық түлік не киім-кешек салатын, теріден істеп, сыртын қаңылтырмен, күміспен шегендеген сандықтың көне түрі. Кей жерде оны жағылан деп те атайды. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірінде 18-19 ғасырларда кең тараған. Негізінде, жағдандар әбдіре сандық сияқты үлкен емес оның ұзындығы 60-70 см, ені мен биіктігі 30-35 см шамасында болады. Жағданның негізгі жұқа тақтайлардан құрастырылып, сырты түгелдей қалың былғарымен қапталады, тек бет жағы ғана әртүрлі өрнектермен безендіріледі.


Практикалық бөлім

Кәдесыйлық сандықты жасау.

1. Сандықтың негізін жасау.

2. Қақпағын жасау.

3. Құлып тілшесін жасау.

4. Топсаларын жасау.

5. Тұтқаларын жасау.

6. Екі жаның жасау.

7. Сандықтың астын жасау.

8. Сандықтың аяқтарын жасау.

Оқушылардың жұмысы. Мұғалімнің басқаруы.

Сабақты қорытындылау

Сынып кезекшісі пайдаланған  құралдармен - жабдықты жинақтап,  мұғалімге тапсырады. Жасаған жұмыстарын тексере отырып бағалау.


Үйге тапсырма беру

Келесі сабаққа дайындалып келу.

Өзіндік жұмыс









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі