400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәстүрлі сабақ: Шғармашылық жоба. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қордай ауылы.№ 4 Б.Бөлтірікова мектеп лицейі

Технология пәні мұғалімі:Шолпанкулова.Е.К.

10-сынып

Сабақтың тақырыбы:Шығармашылық жоба.

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жоба туралы және оның қоғамға пайдасы, туралы түсінік беру, ұғындыру.

I. Ұйымдастыру бөлімі:

  1. II. Үй тапсырмасын сұрау: А) Шығармашылық жоба дегенді қалай түсінесің? Ә)Жобаға қандай тақырыптар алуға болады? Б) Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.

III. Жаңа сабақты баяндау: Шығармашылық жоба – бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның қаншалықты орындалуы арқылы оқушылар сабақты қаншалықты игергені білімдері байқалады. Бұл шығармашылық жұмысты технология пәні бойынша алған білімдерін қорытындылайтын бақылау жұмысы деуге де болады.

Адамның әдемілікке деген қызығушылығы адамзат пайда болғаннан бері бар.

Жоба таңдағанда қойылатын талаптар. Таңдаған затың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы тиіс. Таңдаған заттың тұрмыста пайдаланылатын орнын білу қажет. Ол сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма? Осы затты жасау қолыңнан келе ме? Алға қойған міндетіңді орындай аласың ба? Таңдаған жобаңның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек.

Жоба жеке бөліктерден тұрады: суреттерден, қандай да бір бұйымдардан және тағамнан, киімді жобалау, моделдеу, қолөнер, интерьер т.б. Зерттеу нәтижесінде жоба экономикалық есепте шығарылады.

Жобаны орындау барысында оны бір оқушы немесе бірнеше оқушы бірігіп орындауға болады. Жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындағанда жұмысты мұғалім теңдей етіп бөліп береді.

Ұйымдастыру және дайындық кезеңі. Жобаның орындалу барысы. Шығармашылық жобаны бастамас бұрын жұмыс барысына көңіл бөлуді қажет ететін жайттарды сұлба түрінде жасап алған дұрыс.

Жоба қорғауға қажетті құрал – жабдықтар мен бұйымдар. Тігін машинасы, инелер, қайшы, қалам, милиметрлік қағаз, оймақ, үтік, кергіш

Қорытынды саты

  1. 1. Жоба қорғау. Шығармашылық жобаны қорғағанда оқушы орындалған жобамен сыныптастарын таныстырып немесе дайындаған бұйымын көрсетіп шығады. Неліктен осы жобаны таңдағаны туралы, сондай – ақ жобаны орындауға қойған мақсат пен міндеттері туралы айтып береді. Жобаны орындау барысында қолданылған құралдар мен амал – тәсілдер, қосымша әдебиеттер: Таңдап алған бұйымы туралы, оның жеке сәнге айналғаны, ерекшелігі туралы айтып береді. Таңдаған матаның қасиеті, оның осы бұйымға, оның пішініне сәйкестігі, түстер үйлесімділігі: бұйымның жағымды және жағымсыз жақтарын, бұйымды өңдеу әдістерін көрсету.

Осы жобаны орындау барысында жинаған тәжірибесі мен кездескен қиындықтарды бөлісу: бұйымның өзіндік құнын жариялау, бұйымның дұрыс таңдалғанын, оның орындалуының мақсатқа сәикестігі.

  1. 2. Сапасына қарай бағалау. Орындалған жобаға өздігінен баға беру, ойымен бөлісу және мұғалімнің бағалауы.

IY.   Бағалау.

Y.   Үйге тапсырма: Үйден таңдаған тақырыптарына мәнжазба жазып келу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі