400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дәстүрлі сабақ тіл дамыту Анама сыйлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын орталықта тәрбиеленетін 3-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге тіл дамыту сабығын жүргізетін тәрбиещілерге арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 29.01.2020ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Анама сыйлық.

Мақсаты: қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, анаға сыйлық жасау үшін қағаздан умаждап гүлдер жасай білуге үйрету, қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге машықтандыру.Ата-ананы сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті жұмсақ қағаздар, қатты қатырма қағаз, желім, қайшы және үлгі көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ- жауаптар,.

Сөздік жұмыс: сабағы, жапырағы, сыйлық.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-

лық қозғаушы-лық

Шаттық шеңбері:

Керегені жазайық ,

Шаңырақты құрайық

Уық болып иіліп ,

Киіз үйдей болайық.

-Балалар, бізді өмірге әкелген,мына жарық дүниені сыйлаған кім?

-Ол-Ана!

-Аналарымызды бәріміз жақсы көреміз.

-Балалар,сендердің аналарың қандай?

« Менің анам.....» ойынын ойнайық.

Шарты: балалар аналары туралы мақтау сөздер айтып, күннің шуағын жапсырады.

Ана туралы тақпаққа кезек берейік.

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

-Балалар, алдыда қандай мейрам келе жатыр?

-Аналарыңа сыйлық сыйлағыларың келе ме?


Ұйымдастырушылық -ізденістік

Күтпеген сәт.

Бізде қонақ отыр .

Көңіл күйлерің қалай?

-Балалар, мен анама 8-наурызға қандай сыйлық сыйласам деп сендерден көмек сұрай келдім. --Маған көмектесесіңдер ме?

-Балалар, сендерге жұмбақ жасырсам шешуін табасыңдар ма?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған!

Ол кім, балалар?

Ол-Ана!Олай болса, балалар, анамызға арнап барлығымыз бірігіп сыйлық жасайық.

Балаларға үлгі көрнекілікті көрсетіп аналар мерекесі қарсаңында аналарына әдемі сыйлық жасап үйренетіндерін айтады. «Мынадай сыйлық жасауға келісесіңдер ме?» - деп үлгіні көрсетіп, талдау жасайды. Қағаз түстеріне балалардың назарын аударады.Педагог әр балаға қос бүктелген қатты қағазды таратады, оған әдемі гүлдер жасау үшін мені мұқият тыңдаңдар деп түсіндіреді. Алдымен гүлдің сабақтарын және жапырақтарын жасыл түсті қағаздан қиып аламыз, оны ораймыз (немесе бұраймыз), сабақтары дайын болған соң, гүлдерін жасау үшін әр түсті қағазды алып, алақан арасына салып умаждап, оны жұмсартамыз, бірнеше рет ашып, қайта умаждаймыз. Көк, сары, қызыл түсті қағаздарды умаждау арқылы гүлдерді жасап, оны гүлдің сабағына орнатамыз.





Сергіту сәті:

Домбырамды тартамын,

Күйді де шертемін.

Бұрала би билеп

Сурет те саламын.

Балалардың қағазды қалай умаждағанын және ол гүлге ұқсағанын педагог қадағалайды, жеке көмек көрсетіледі.

Билингвальды компонент: сыйлық-подарок

Қонақ амандасады.





көмектесетіндерін айтады





Жұмбақтың жауабын табады

Ана









Балалар үлгіні мұқият қарап, гүлдердің қалай

жасалғанын қарап көреді, қағаз түстерін таңдап алады

Алдымен жасыл түсті қағаздан гүлдің сабақтарын, жапырағын жасайды. Одан кейін көк, сары, қызыл қағаздарды кезекпен-кезек алақан арасына салып умаждайды, оны гүлге үқсатып сабақтарына орнатады. Өздері жасаған жұмыстарының әдемі болып шығуына, ұқыпты жұмыс жасауға талаптанады.

Қимылмен жасайды















Қайталайды

Рефлексия

лық – түзетушілік

Балалардың жасаған сыйлықтарын тақтаға іліп, көре ұйымдастыру.

Мадақтау

Жүрекше тарату

Жасаған жұмыстарын көрме тақтасына іледі

Билингвальды компонент: сыйлық-подарок



Күтілетін нәтиже:

біледі: қағаздан жұмыс жасау дағдылары қалыптастырылады олардың түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды;

игереді: гүлдерді қағаз бетіне дұрыс орналастыруды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;

меңгереді: қағаздан жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дүрыс орналастыруды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
686
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі