400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Дәстүрлі сабақ. Түркістан - тарихи қала. 10 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқу кезінде 10 сыныпқа кіретін мұғалімдерге керекті дүние
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1 Shape2

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: «Қарнақ» жом

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9-бөлім.

Қазақстан және «Ұлы Жібек жолы». Мұғалімнің аты-жөні: Исхаков Айбек

Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» (үзінді)

Күні: 29.01.2021 ж Қатыспаған оқушылар саны:

Сынып: 6 Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

3-сабақ. Түркістан – тарихи қала.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сіл- теме)

6.1.5.1-тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;

6.5.1.5-етістік шақтарының (ауыспалы келер шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды.

Көптеген оқушы етістіктің шақтарының қызметін біледі.

Кейбір оқушылар жетекші сұрақтар арқылы мәселені болжайды.

Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты материалдарды өмірмен байланыстыра алады, Түркістан қаласы жайлы айтады, Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші туралы ақпарат береді, негізгі ойды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: кесене, зәулім күмбезді, тайқазан, шығыс моншасы, гүлден, отырықшы, тарап, өрік, мейіз, тие, торап.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Түркістан қаласы, киелі жер, тайқазан, шығыс моншасы.

Бастапқы білім

«Ұлы Жібек жолы» жайлы айтады, сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосфе- расын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.

Қызығушылығын ояту. Оқушыларға интерактивті тақтадан Түркістан қаласына қатысты дайындаған слайдтарын, оқулықтағы суретті көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, Түркістан қаласы жайлы не білесіңдер? Суретте қандай ескерткіш бейнеленген? Бүгінгі тақырып не туралы болуы мүмкін? Қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, суретті сипаттайды, сөйлем құрайды (1, 2-тапсырмалар).

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға

қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

Тренинг жазылған парақшалар, ин- терактивті тақта, суреттер, оқулық

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар «Жариялау» әдісі арқылы мәтінді оқиды, мәтін тақырыбы арқыл тақырыпты болжайды, екі мәтіндегі ақпаратты салыстырады, салыстырмалы кестеге түсіреді (3-тапсырма).

Оқулық


Оқулық, аудио- таспа

1-мәтін

2-мәтін




«Сұхбат құрайық!» (4-тапсырма). Оқушылар диалогті толықтырады.

«Сұрақ-жауап» ойынын ұйымдастырады. Тапсырманың шарты бойынша мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді (6-тапсырма).



Жағдаяттық тапсырма. Елге келген туристерге Ахмет Ясауи кесенесін таныстырады (7-тапсырма).

Сергіту сәті. Ескерткіштер туралы фотоколлаж дайындатады. Оқушылар фотоколлаж дайындайды, «Ескерткіштер – елдің тарихы» деген тақырыпта әңгімелеседі (10-тапсырма).

Мәтінсоңы жұмыс. Жұптық жұмыс. «Сұхбат құрайық!» Қожа Ахмет Яса- уи кесенесі туралы 6 сұрақ дайындайды, көршісі екеуі 10-12 үнқатымнан

тұратын сұхбат құрады (9-тапсырма).

Түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, А4 парағы

Сабақтың соңы

Мәтіндегі етістіктерді теріп жазады, ауыспалы келер шақ мәнді сөйлем құрайды (8-тапсырма).

Қалыптастырушы бағалау. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағаланады. Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында

тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді:


Бәрін түсінгеніме сенімдімін.

Бәрін түсінгеніме толық сенімді емеспін.

Әлі де қайталауым керек.

Мен ештеңе түсінбедім.

Кері байланыс. Ойтаразы. «Аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұпта туындаған жағдаятты тізбектейді. Алдымен, біз «...» деп ойладық.

Кейін мынадай мәселе пайда болды: ... . Мәселені шешу үшін ... еттік.

Бұдан біз ......... көрдік.

Демек, бұл ... екенін білдіреді.

Сонымен, біз «...» деген қорытындыға келдік.

Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы 4-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі.


Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал

қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындала-

ды).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1:

2:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырды?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім...



Таныстым: .............




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі