Материалдар / Дау-дамайды шешу жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дау-дамайды шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға қажетті материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2024
77
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Толыбай батыр атындағы №66 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«ДАУ-ДАМАЙДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ»



































Сарыағаш қаласы



«Дау-дамайды шешу жолдары»

Мерзімі: 8.11.2023.

Тақырыбы

«Дау-дамайды шешу жолдары»


Жалпы мақсаты

Оқушылар арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік қалыптастыру және ортада қақтығыс пен кикілжіннің болуының алдын алу

Күтілетін нәтижелері

Берілген ақпараттарды ойлана отырып талқылауға, өмірде қолдана алуға үйренеді

Өз пікірлерін ортаға салуға үйренеді

Бір-бірін құрметтеуге үйренеді

Мәселені бірлесіп шешуге үйренеді

Бір -біріне деген сенім қалыптасады.

Түйінді идеялар

Қатысушылар түзету-дамыту сабағының негізгі идеяларымен танысып, зерделейді.

Ресурстар

Презентация, бейнематериалдар, әртүрлі стикерлер, түрлі-түсті маркерлер.

Қолданылатын стратегиялар

Ойын –жаттығулар, пікірлесу, ой бөлісу,гүл жасау, кері байланыс стратегиялары

Түзету-дамыту сабағының өтілу барысы

Психологтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық ахуал

Жақсы көңіл-күймен сабаққа қатысушыларды қарсы алып, «Амандасу» жаттығуы жүргізіледі.

Қатысушылар жаттығуға қатысып, бір-бірімен амандасады. Көңіл күйлері көтеріліп, бір-біріне сәттілік тілейді.

3′







Түзету-дамыту сабағы туралы түсінік беру

Кіріспе сөз: Адамның өмірі адаммен, бірінің -бірінсіз күні жоқ. Өзара қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады. Қарым -қатынас шын мәнінде , өте нәзік дүние. Әр адам өмір сүру барысында қақтығыстар мен кикілжіндерге кездесіп отырады. Психологиялық тұрғыда келіспеушілік ұғымы өте кең мағынада қолданылады және олар бір-біріне сәйкес келмейтін құбылыстардың әсерін сипаттауға пайдаланылады. Келіспеушілік адамдардың өзара әрекеттесуінің барысында және нәтижесінде, индивидтердің қарым-қатынас жасау кезінде туындайды. Сондықтан, бұл феномен адамзат қанша өмір сүрсе, қанша көп проблемаларды шешетін болса, соншалықты көбірек орын алады. Қазір мен Сіздерге осындай қақтығыстардың алдын алу бойынша тренинг-жаттығуларды көрсетпекпін.

Қатысушылар кикілжің, дау-дамай, қақтығыс туралы алғашқы түсініктері қалыптасады.

3′

2 тапсырма

Миға шабуыл

«Ойлау шапшаңдығы» жаттығуы

Қатысушылар кикілжін, дау-дамай, қақтығыс сөздерін қандай да бір затпен, құбылыспен сипаттайды.

3′

3 тапсырма

Қимылды ойын

«Тілсіз итеру» жаттығуы

Ойыншылар бөлме ішінде еркін қозғалып жүреді де, бір-бірін түртіп итереді, жай ұрып, соғып шымшып көреді, бірақ сөйлемейді.

Кейін қатысушылар ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.

3′

4 тапсырма

Қимылды ойын

«Ұрысудың орнына-татуласу» жаттығуы

Мақсаты: Топтағы шиеленіскен ахуалды жою.

Жұп-жұпқа бөлініп, бір-біріне арқаларынмен бұрылыңдар.Ұрысып қалдыңдар деп елестетіңдер.Міне, қазір төбелес басталайын деп тұр.Жұдырығынды түй, терең демал, деміңді ішіне тартып, жағыңды үрле.Жағыңды одан әрі қатты үрле.Енді тез өзінінің қарсыласына бұрыл да, саусағыңмен ақырын оның үрленген жағының желін шығар. Күлкілі, қызық. Ұрысуды енді қаламаймыз иә!

Керемет деп! Құрбыңды құшақтауыңа болады.

Күлкілі, қызық. Ұрысуды енді қаламаймыз иә!

Керемет деп! Құрбыңды құшақтауыңа болады.

Қатысушылар психологтың айтқан нұсқауымен ойынға қатысады. Кейін қатысушылар ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.

3′


5 тапсырма

Қимылды ойын

«Тілек шарлары» жаттығуы

Қатысушылар 4-топқа бөлінеді,әр топқа ішіне тілек жазылған шар беріледі. Музыкамен әр топ волейбол ойнайды,музыка тоқтағанда қай қатысушының қолында шар қалады сол қатысушы шарды жарып,ішіндегі тілекті оқып,өзінің сол уақыттағы көңіл-күйімен бөліседі.



















3′


Сергіту жаттығуы

«Қолдар» жаттығуы


Қатысушылар қолдарын кеуде тұсына қойып, оң қол алақанымен сол қол алақанын төмен басады.

1



Рефлексия


Психолог түзету-дамыту сабағын нақыл сөзбен аяқтап,

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын қолдануды ұсынады.Сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет!

Қатысушылар сабақты бағалап, «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып, стикерлерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.

1′







































Анықтама

2023 жыл 7 қараша күні 10-сынып оқушыларымен «Дау –дамайды шешу жолдары» атты тренинг-жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік қалыптастыру және ортада қақтығыс пен кикілжіннің болуының алдын алу. Тренинг барысында  «Ойлау шапшаңдығы» ситуациялық сұрақтар, «Тілсіз итеру» жаттығуы, «Ұрысудың орнына-татуласу» жаттығуы, «Тілек шарлары» жаттығуы оқушылармен жүргізілді.Оқушылар кикілжіңнің алдын алу әдістерімен танысты.

https://www.instagram.com/p/Cni3Ojitzfi/?igshid=NjcyZGVjMzk=



Shape1 Shape2

Shape3 Shape4

Shape5 Shape6 Shape7

Педагог-психологтар У. Садырбаева






























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!