400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дау жанжал бала денсаулығына әсері. Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологилық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жоғары сынып оқушыларын дау-жанжалдан сақтандыру және алдын алу» Кикілжіңнің бала денсаулығына әсері.

Мақсаты:

  • Дау-жанжал кикілжің туралы жан – жақты түсінік беру, кикілжіңді шешудің жолдарымен таныстыру;

  • Тұлғаның өзін-өзі реттеуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектесу, алдын алу;

  • Проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастыру.

  • Кикілжіңнің адам денсаулығына әсері, жүйкеге әсер ететін жағдайлардың алдын алу туралы оқушылардың білімдерін тереңдету;

  • Салауатты өмір сүруге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, айналасындағы адамдармен жақсы қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.
    Тренинг барысы:

І.Ұйымдастырылу кезеңі:

«Сәлемдеме хат» жаттығуы.

ІІ Кіріспе сөз.

ІІІ Ситуациялық жағдайлар. (Рөлдік ойындар)

ІV Алғашқы көмек жаттығуы.

V Психолог кеңесі.

VІ Бейнеролик “Шегенің ізі”

VIІ Қорытындылау бөлім.


І. Психологиялық ахуал

«Сәлемдеме хат» жаттығуы.

Мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді жазып, мына столдың үстіне қоюларыңызды сұраймын.Ал енді бұларды араластырамын. Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырыңыз.

Талдау: Сәлемдеме жазу қиынболдыма?Сіз сәлемдемені оқығанда өзіңізді  қалай сезіндіңіз? Тренингті жалғастыруға дайынсыздарма? ІІ. Кіріспе сөз: Адамның өмірі адаммен, бірінің -бірінсіз күні жоқ. Өзара қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты болады. Қарым -қатынас шын мәнінде , өте нәзік дүние. Әр адам өмір сүру барысында қақтығыстар мен кикілжіндерге кездесіп отырады. Өзара қарым-қатынас пен қайшылық бір мезетте тууына болатын құбылысты кикілжің немесе дау-дамай дейді . Кикілжің-бұл келіспеушілік, яғни басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда пайда болады. Жанжал денсаулыққа кері әсер етеді. Кикілжің сөзіне психологиялық анықтама бере болсақ: конфликт психологиялық сөздікте былай аударылады. «Конфликт - латын сөзі - кикілжің. Мұның мағынасы - өткір эмоционалды ашу»
Кикілжің - ойы, мақсаты мен қалаулары, талабы, қызығушылығы әр түрлі немесе бірнеше адамдар арасындағы келіспеушілік. Ол мынадай болып бөлінеді:
Дау - жанжал типтері:
1. Жеке бастың күйзелісі.
2. Екеуара кикілжің.
3. Топ арасындағы кикілжің.
Дау- жанжал түрлері: Талас-тартыс;Келіспеушілік; Түсінбеушілік; Күйзелу; Ренжу;Ұрыс-керіс, Ашулану Жанжалға араласушы адамдар:
1. Бұзақы
2.Жағымпаз
3.Бітістіруші

Дау жанжалдан құтылу жолдары 1) Өз-өзіңді тоқтата білу; 2) Кейінірек сөйлесейік деп ұсыныс жасау; 3) Шешім қабылдау; 4) Өз қателігін мойындау; 5) Кінәлі болсаң кешірім сұрау;6) Әр даудың тамырын табуға тырысу қажет;

Кикілжің болған жағдайда әркім өз-өзін ұстап, көңіл-күйін, сезімін басқару керек. Кикілжіңді жағдай әр адамға әр түрлі әсер етеді. Яғни, қорқыту, үркіту арқылы екінші адамды қысымға алып, әділетсіздік жасап отырады. Қысым - өз ойын зорлықпен екінші адамға мойындату, бұйыра уысынан шығармау, екінші адамды толық бақылауына алу. Кикілжің кей жағдайларда стреске соқтырады.
Стрестік жағдайда болатын сезімдер: Қобалжу, қорқу, ауыру, ызалану, ашулану, әбігерге түсу, жек көру, уайымға салыну.
Стресс дегеніміз - жүйке жүйесінің зорығуы. Ашулану - адамның өзін меңгере алмауы /адреналиннің бөлінуі, оның әсері/, ерік тәрбиесінің кемістігі, ал ерік жігері күшті адам орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа бара бермейді. Ұстамды, мейірімді адам не істесе де ақылмен, ойланып істейді. Адамдар арасында кикілжіңді болдырмау үшін, екі жақ та бірдей шешімге келуі тиіс. Мына жағдайда ашуды ақылға жеңдіріп, бір - біріне жылы сөз айтып келісімге келу - компромисс деп аталады.
Компромисс - бұл кикілжің туындаған сәтте, екі жақтың да кейбір өз ойларынан бас тартып ортақ бір шешімді қабылдауы. Келісім - бұл келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін адамның біріге күш қосуы. Адамдардың көңілін таба білу, дұрыс қарым-қатынас жасау –ең үлкен адамшылық қасиет . Айналадағы адамдарға мейірімді, қамқор және әділ болуың керек 
. Мінеки, балалар, бүгін кикілжіңнің әсері денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін білдік. Әр жағдайда ақылмен ойлап, екінші жаққа қысым жасамауды, зорлық тудырмауды, ашу - ыза, жек көрушілікке жібермей шешуге адам баласының күші жетеді. Осы күшті пайдаланып, өзіңнің де өзгенің де денсаулығын ойлап, кикілжіңнің денсаулыққа әсерін түсініп шешім қабылдаған жөн. Әрқашан кикілжіңнен аулақ жүрейік, өйткені кикілжің адам денсаулығына зиян! ІІІ Ситуациялық жағдайлар. 1- Оқушылар арасындағы кикілжің:Екі оқушы көшеде келе жатып бірін - бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында төбелеске ұласу қаупі туындады.(Ал әріптестер осы кикілжіңнің себебін ойластырып, одан шығу жолын көрсетсек. Бұл жерде оқушының бойынан қандай қасиеттерді байқасақ болады ,дөрекілігін, көңіл - күйіне, ұстамсыздығына, өз сезімін қадағалай алмауына, қарым - қатынасқа түсе алмайтынына мән беруіміз қажет) 2- Ата-ана мен бала арасындағы кикілжің: Мысалы: Асан үлгермеуші оқушы мұғалімінен ескертулер көп айтылады.Анасы баласынан сабақ оқуын талап етеді. Бала да айтатын сылтау көп, (ұялы телефон, баланың досы көп ) сабақ оқуға көңіл бөлмейді. Анасы ашуланып баласының тыңдамағаны үшін ауыр сөздер айтып жазалай бастайды. Ал әріптестер осы кикілжіңнің себебін ойластырып, одан шығу жолын көрсетсек. 3- Мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжің: Мысалы: Орыс тілі мұғалімі оқушыларға көкіректене қарайды,қандай болмасын қателіктерде мысқылмен және жеккөрушілікпен ескертулер жасап ақылын айтады. Ол оқушыларды жақсы көрмеді, оқушылар даоған тура солай жауап беретін. Оқушылардың бірі ұзақ уақыт бойы ауырып жатады. Ал оның қайта келуінен кейінгі екінші сабақта мұғалім баланы тақтаға шығарады, ол жіберіп алған материалды қалай игергендігін тексеру үшін шығарады. Оқушы өзінің барлық материалды игеріп үлгермегендігін мойындап, шындығын айтады. Мұғалім артық сөзсіз «отыр екі!»дейді. Осы арада мұғалім мен оқушы арасында кикілжің пайда болады . ?? Оқушы мұғалімді және орыс тілі пәнін жек көре бастайды. Келтірілген мысал мұғалім такт сақтау керектігін көрсетеді. Оқушыларға түсініспеушілікпен қарау керектігін әрбір оқушыға әділетті қатынастың болуын көрстеді. ІV Алғашқы көмек жаттығуы. Нұсқау: әр оқушы А4 қағазына адам сұлбасын салады. Қызыл түсті қарындашпен денсаулыққа « кикілжің кезінде қауіп-қатер аймағы», яғни ашуланғанда біздің ағзамыздың қай мүшелеріне күш түседі немесе қауіп қатерге ұшырайды, сол жерлерді белгілеңіздер (мысалы, бас- «шамадан артық күш түсу») Және де қосымша ойланып, мынандай сұраққа жауап беріп көріңіздер, «менің қобалжуым қай жерде өмір сүреді?», оны да салған адам сұлбасына белгілеңіздер. Күнделікті өмірде қабалжу мен қорқыныш сезімдерінен арылу үшін не істейсің? Қағазға жазыңыздар. Ал енді салған суреттерімізді көрейік. 
Қорытынды: Яғни кикілжің дау-жанжал болған жағдайда біздің бүкіл организіміз толық қауіп қатерге ұшырайды. 
Ашуланған кезінде 
- Көзге 
- Омыртқа 
- Бас ауруы 
- Ас қорыту жүйесі 
- Жүрек қан тамыр жүйесі 
- Жүйке жүйесі 
Қараңдаршы барлық адамдар қызыл түске боялып қалды! Не істеу керек мұндай жағдайда? Өзімізді құтқару керек!  V Психологтан жеткіншектерге жадынама  

Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын- шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң, сен сол қиын жағдайдан, өзің қиналмай шығасың.

1 кеңес.   Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс .

2 кеңес .   Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта. Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан, тағы да қай жерден, қандай қауіп болуы мүмкін .

3 кеңес .   Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласың, соны ойла .

4 кеңес .   Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай .

5 кеңес .   Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды . .

6 кеңес .   Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы .

7 кеңес .   Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын - бұлттан кейін, күн жарқырап шығ ады.

8 кеңес .   Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашан  қорықпа. Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашан көмек көрсетіледі.

VI Бейнеролик “Шегенің ізі”

Бейнероликтен ой қозғау.

VIІ Қорытындылау:

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

« Мен қандаймын? » деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің – ақыл айнасы. деп тренингімді аяқтаймын.














.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
2225
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі