400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

даярлық сынып апталығының жабылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың білімдерін тексеру арқылы сабаққа деген қызығушылықтары артады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық сыныптар апталығының

қорытынды кеші.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар. Мектепалды даярлық сыныптар апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Балалар, біздің бүгінгі кешімізге “Бауырсақ” ертегісңнің кейіпкерлері қонаққа келіпті. Сөз кезегі соларда.


Автор: Кел, тыңдайық ертегі,

Естіген жанды елтеді

Талай ғажап оқиға

Қызық сырын шертеді.

Ерте, ерте, ертеде …. Бір ата мен әже болыпты.

Әжесі ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды. Ал, бауырсақ домалап кетеді.

Орман ішіне домалап келіп, қоянға кездесіпті.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.

Атадан да қаштым,

Ападан да қаштым

Қоян сененде қашып кетемін.

Қоян: Қой, бауырсақ, сенің өлеңің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды орында.

Бауырсақ: Жарайды.

Қоян: 1-ден 10-ға дейін, 10-нан 1-ге дейін тура және кері сана.

Бауырсақ: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

… Шөп үстінде құлпынай жеп отырған аюға кездеседі.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып береді екенмін. (өлеңін айтады)

Аю: Жарайды, сен одан да менің жұмбағымды шешсең сені босатамын.

Бауырсақ: Жарайды. Достарым маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Қабат- қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

Үйреткен ілімді,

Қырық екі білімді (Алфавит)

Бауырсақ аюдан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші, мен саған өлең айтып беремін.

Қасқыр: Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ. Сен менің тапсырмамды орында.

5+5=10, 10+0=10

4-4=0, 8-4=4

5+4=9, 7-3=5

Бауырсақ домалап келе жатып, түлкіге жолығады.

Түлкі: Амансың ба, бауырсақ. Көргендерге ұнайсың, жүзің қызыл шырайлы мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме, мен саған өлең айтып беремін.(айтады)

Түлкі: Оңай құтыла алмассың, менің тапсырмамды орында, сонда жіберемін. Тапсырма: дауысты дыбыстар қандай текшемен боялады? Ал дауыссыздар ше? О дыбысы қандай дыбыс? У дыбысы ше?

Жүргізуші: Рахмет, балалар! Сендер бауырсақты құтқарып қалдыңдар.

Ендігі кезекті өнерлі оқушыларға берейік.

Би: “Өзбек” биі- Мұса Перизат

1-оқушы:

2-оқушы:

3-оқушы:

4-оқушы:

5-оқушы:

Ән: “Ақ мамам” – Динара

Жүргізуші: құрметті ұстаздар және оқушылар кешімізді көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
883
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі