Материалдар / Даярлық топпен қоштасу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Даярлық топпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына қажетті материялдар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
390
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қош бол, даярлығым!»
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін 
ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз 
беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, ойынға қажетті суреттер т.б.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұрпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Балаларыңыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер. Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салайық. Біліміміздің артып, сөз байлығының молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер, 
Алты жасқа жеттіңдер. 
Барасыңдар мектепке 
Бір белестен өттіңдер. 
Олай болса,даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Би:Вальс

Жүргізуші:Қош келіпсің құрметті ата-аналар!

Жүздеріңнен мейірімнің нұры тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Балапаның балғын шақты балалар.

Айналайын, балалар

Алда мектеп-ана бар,

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар,даналар –деп балаларды өлең жолдарымен ортаға шақырамын

1.Аян:Сізді біз сирек көреміз,

Құрметтеп сізді жүреміз.

Сыртымыздан жағдайды

Жасап жүр деп сенеміз

Бәрі бірге:Ұлпаш Бисенқызына рахмет!Құттықтау сөз кезегі өзіңізде.

2.Ақерке:Сыныбымыз сәнді кең.

Болды ыңғайлы жай нағыз.

Бәрі үшін алдымен,

Сізге алғыс айтамыз.

Бәрі бірге:Найла Хамзинқызына рахмет! Құттықтау сөз кезегі өзіңізде.

3.Мадияр:Тәрбие мен тәртіпті

Қатар алып жүресіз

Сізден өнеге алып біз

Тура жолмен келеміз.

Бәрі бірге: Әдемі Нариманқызына рахмет! Құттықтау сөз кезегі өзіңізде.

4.Арманбек: Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

5.Әсет: Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.

6.Әдемі:Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.

7.Ақнұр: Мектеп қамқор анамыз,
Оқу білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.
8.Әлихан: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен.

9.Дина: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз.
Қуантып ата ананы,
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс!

10.Сұлтан:Биыл 6 жастамын

Қолға кітап жаңа алдым

Әріп тани бастадым

Жаза да,оқи аламын.
11.Карим:Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын.
Тәрбиелі, үлгілі,
Қазақстан азаматы боламын.
12.Аделя: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған,
Даярлыққа мың алғыс.
13.Нұрдаулет: Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен,
Енді жаза да аламын.

14.С.Аделья:Даярлығым бесігім

Тағы бір той жасайық

Ашып мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық.

15.Марина:Үлкендердей тап-таза

Жазамыз бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Жүретіндей мақтана

16.Ерасыл:Оыншықтар жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер,білім үйреткен

Өзіңізді қимаймыз.

17.Назым:Ана тілін ардақтап

Ана тілін біз сүйдік

Сурет салып,ән жаттап

Оқып,жазып үйрендік

18.Анеля:Нағыз білім ырыс бақ,

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап

19.Нұрбақыт:Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім,

Мектепке барам мен енді,

Даярлық топқош енді.

20.Имран:Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге барамыз.

21.Ершат:Өзіңнен көп дос таптым

Бауыр баса бастаппын

Тәрбиешілер мейірбан

Келмей тұр енді қоштасқым

22.Аяулым: Мынау есеп кітабым,
Мынау әйбат әліппем.
Бәрін жинап сақтадым,
Білімге жол атталым.

23.Диляра: Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер қаламым.
24.Шахназ: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
25.Мирас: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген білімнің ең үлкені.

26.Сабина:Іші толған әріпке

Жақсы кітап Әліппе

Әліппені аламыз

Біріншіге барамыз.

Ән: Ұстазым Исенгалиева Дина

Би: «Джентельмен»
Ойын: «Күн шуағы»
Балалар мынау қандай пішін?
Түсі қандай?
Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз.
1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Қ.Р. ның бас қаласын ата.
4. Рәміздерді ата.
5. Екі қоянның аяқтары нешеу?
6. Көктем мезгілінің айларын ата.
7. «Мектеп» сөзіне сөйлем құра.
Ойын: Әріптерден сөз құрау.
А Л Б А, К Е Ә, А А Н, У А А, Н А А Ш
Ойын: Сандарды ретімен орналастыр
3 2 7 5 6 4 9 10 8 1 

Сергіту сәті:Бір оңға,бір солға
Жүргізуші: Қызықтырып өнерге, 
Жетелеймін баланы.
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы,
Әнші, биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулысам,
Өнер отын жағады.
(Ортаға ұлдарымызды қарсы алайық испан биі)

Келесі кезекте ағылшын әнімен На-на-на

Алдарынызда өнерлі қыздарыныз Қазбек Аяулым орындауындағы Ардақты ұстазым әнімен қарсы алайық

Алып келді жетелеп

Мына нұрлы сарайға

Білім құйған бұл мектеп

Білім берген талайға (Гүлдер биімен қыздарымызды қарсы алайық)

Хор:Үйретеді,үйретеді
Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! –
(балаларыңыздын орындауында Әліппе әнімен қарсы алайық)

Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Балаларға  алғыс хат тапсыру.
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,
Айым менің күндерім.
Маған қызық тілдерің,
Естен кетпес күндерің.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Осымен біздің «Қош бол, даярлығым!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!