Қарағанды облысы Балқаш
қаласы «С.Сейфуллин атындағы №7мектеп
гимназиясы»КММ
Мектепалды даярлық топ
тәрбиешісі: Амирбекова Манара
Миергазыевна
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке
барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық
тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген
қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге
баулып, адамгершілікке,сыйластыққа
тәрбиелеу.
Әдісі:
Ертеңгілік.
Барысы: І
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып
тұрады. )
– Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!
Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында
тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын
танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің
даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош
келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей
отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке
барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға
рұқсат етіңіздер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған
бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Айналайын балалар
Алдарыңда мектеп ана
бар
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,
даналар.
Өтті қызық көп
күндер,
Жеті жасқа
жеттіңдер
Барасыңдар
мектепке,
Бір белестен
өттіңдер
Өсті міне
бойларың
Өсті
ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын
тойларың!
Хор. «Біз мектепке
барамыз»
Каирхан Ерхан:
Ақ тілекті ағытып бір
тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз
бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық
арайы,
Өтсін солай әрбір күнің
әрайын.
Миерғазы Мүтәліп:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
Бақытты Амина:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
Несіпбек Юсуф:
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер,
өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
Сәтжан
Айзере:
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Мұқатай Елжан:
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.
Алмас Нұрай:
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.
Балалар, сендер тамаша
өлең-тақпақтар айттыңдар. (Есік қағылып , «5»-тік баға
кіреді.)
Балалар сендер білесіңдер ме,
бізге кімнің келгенін?
Ол жай келмепті бізге
тапсырмалар, сый-сияпаттар ала
келіпті.
Бестік: – Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен
кіммін?
Балалар: Бестіксіз.
Бестік: Қандай ақылды едіңдер. Мен сендердің білімдеріңді
тексеруге келдім. Жақсы оқитын балаларды ғана мектепке
аламын.
Мені
сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы
білімдерін тексер,- деп жіберді.
Менің
қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше
тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып,
орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің
берген жауаптарыңа қарап, мектепке
даярлықтарыңды тексеремін.
І
тапсырма Сұрақтарға
жауап беру.
ІІ
тапсырма Сауат ашу
негіздерінен
сабағынан
ІІІ
тапсырма Қарапайым математика
сабағынан.
ІҮ
тапсырма Өз өнерлеріңді
көрсетесіңдер.
І тапсырма
-
Біз қай елде тұрамыз? «Отан», «Қазақстан»
туралы жаттаған өлеңдерің барма?
-
Қаламыздың аты
қалай?
-
Қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Біз сабаққа қай мезгілде
барамыз?
-
Отбас мүшелеріне кімдер
жатады?
Ж а р а й с ы ң д а р
б а л а л а р !
ІІ
тапсырма
-
Қазақ тілі әліпбиінде неше
дыбыс бар?
-
Дыбыстар нешеге
бөлінеді?
-
Дауысты дыбыстар нешеге
бөлінеді?
-
Дауысты дыбыстарды
қандай текшемен белгілейміз?
-
Ал, дауыссыз дыбыстар нешеге
бөлінеді?
-
Мен қазір ханшайм беріп
жіберген сөздерді тақтаға ілемін кім жылдам, шапшап сөздерді буынға
бөліп оқып береді екен? (Ба-ла, да-ла, ша-на, ба-қа, та-мақ,
дәп-тер, кі–тап, ұ-шақ, те-ре-зе, дом-бы-ра, це-мент, че-мо-дан,
фо-то)
-
Е
нді мына
суреттердің атаулары шатысып кетіпті, кім дұрыстап аттарын тауып
жазады екен?
қоян
кемпірқосақ
балық
күн
жұлдыз
III тапсырма
0 1 . 3 ... . 6 . .8. . 10..
12......14....16........19 20
20....18...16......13...11
10... 8 7... 5.. . 3 . 1....
- Көрші санды
жаз.
. 3 . . 5 . . 8 . . 10 .
.13.


ІҮ
тапсырма
(Өнерлеріңді тамашалайық)
Талай қызық той
өткіздік,
Бірақ орны
ерекше.
Даярлықпен
қоштасатын,
Бүгінгі той
ерекше.
Би
«Саңырауқұлақтар»
Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен
ойын
1.
Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Ән «Тәтті қыз» Қайролла
Тамила
Ертегі.
Аю келеді
ортаға.
Аю:Сәләмәтсіздар ма балалар
Машаны көрдіндер ма? Күні бойы іздеумен болдым, бармаған тауым,
баспаған тасым жоқ.Мектепке сабаққа барамыз десек бармаймын
дейді.
Балалар: көрдік.
Аю: Қайда?
Балалар:Тығылып қалды
Маша.
Аю: Маша шықсайшы, ақылды бол,
ақымақ болма, қарашы балалар бүгін қандай әдемі, 1-сыныпқа барамыз
дейді күзді. Мектепке сенде
дайындал.
Маша:Кешірші мені аю , ақымақтық
жасадым мен балалармен күзде 1-сыныпқа
барамын.
Жүргізуші: Аю Сіз бізге бос келмеген
боларсыз.
Аю: Мен сіздерге ойын
әкелдім.
Ойын:
Ән: «Учат в
школе»
Аю: Балалар мен сендерге
сыйлықәкелдім. (таратып береді)
Аю мен Маша
қоштасады.
Маша: Рахмет балалар мен
енді күзде сендермен бірге мектепке
келемін.
( Хормен барлық бала
айтады.)
Еткен еңбек
жемісі,
Ақталды деп
санаңыз.
Білім, әлем
көгіне,
Қанат қағып
ұшамыз.
Балаларға алғыс хат
тапсыру.
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Қорытынды
– Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің
болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін
ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын
себу мына отырған сіздер мен біздердің
міндетіміз. Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді
мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар
тілейміз.