жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
даярлықпен қоштасу
Жарияланды 5-01-2014, 18:59 Категориясы: Бала-бақша
Балабақшамен қоштасу кеші.
Балалар шармен кіріп би билейді.
1 - бала: Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.
2 - бала: Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді.
2 - жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Бірге: Құтты болсын тойларың.
Ән: «Біздің балабақшада»
Осы кезде Гүлдер ханшайымы кіреді.
Гүлдер ханшайымы: Саламатсыздар ма, балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген бөлме. Мен қай жерге келдім?
Жүргізуші: Бұл «Еркетай» балабақшасының «Ер Төстік» тобы. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр, ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?
Гүлдер ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген гүлдер ханшайымымын.
Жүргізуші: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
«Жаңа заман» биі.
Гүлдер ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерін өрге жүзсің. Ал менің кететін уақытым болды. Мен сендерге бос қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау жеті түсті сыйқырлы гүл. Әр бір гүлтешесін жұлып тілек тілесеңдер, тілектерін орындалады. Жақсы, балалар, қош сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай ерекше гүл, солай ма балалар? Кәне гүлшесін жұлып көрейікші, тілегіміз орындала ма екен. Кәне, балалар, бірінші гүлшесін балабақша меңгерушісіне жұлдырып көрейік.
Меңгеруші жұлып тілегін оқиды.
- Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. Балабақша туралы тақпақ естігім келеді.
Екінші гүлшені әдіскер жұлып тілегін оқиды.
Үшінші гүлшені музыка жетекшісі жұлып.
- Мен үйреткен бір би билеп берсін.
«Фламенко» биі.
Төртінші гүлшені ата - аналарға жұлдыртуға береміз.
Бесінші гүлшені психолог жұлады.
Алтыншы гүлшені медбике жұлады.
Жетінші гүлшені тәрбиешілер жұлып тілек тілейді.
- Тәрбиеші туралы ән естігіміз келіп тұр.
«Тәрбиеші» әні.
Музыка ойналады, клоундар кіреді.
Клоундар: - Саламатсыздар ма, балалар! Кешігіп қалған жоқпыз ба?
- Бүл жерде қандай мереке болып жатыр?
- Ал сендер, ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
- Мұнда ата - аналар бар ма? Кәне, естімей тұрмын. Ендеше ойын ойнап жіберейік.
Үш балала ата - анасы мен шығады. Мамасы бір сан көрсетеді. Сол санға байланысты бала үстел үстіне ойыншық қою керек.
- Жарайсыңдар, Жақсы ойнадыңдар. Сендерге тағы бір ойын бар. Ойнаймыз ба?
Ата - аналар қатысады. Жерге обручтар қойылады. Жүргізуші сан атайды сол санға байланысты обручтің ішіне бала жинау керек.
- Жарайсыңдар, балалар, рахмет ата - аналар. Мектепте де осылай көңілді болып жүріңдер. Сау болыңдар!
Клоундар шығып кетеді.
Жүргізуші: Ұл, қыздары көңілді,
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін шаттана.
«Аспазшылар» биі.
Музыка ырғағымен Дымбілмес кіреді.
Дымбілмес: - Сендерде мұнда не болып жатыр.
Жүргізуші: - Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр, біздің балалар мектепке кеткелі жатыр.
Дымбілмес: Мен, мен де барайын мектепке, мен мектепке барып көрген жоқпын, мектепке баруды армандаймын, онда өте қызық, үзілісте жүгіресің, секіруге болады, асыр салып ойнауға болады деп естідім.
Жүргізуші: - Ал, біз мектепке білім алуға барады деп ойлаймыз, солай ма балалар?
- Біздің балалар мектепке дайын.
Дымбілмес: - Мен неге оқуым керек, онсыз да мен бәрін білемін, оқу білем, жазу білем, сурет салу білем.
Жүргізуші: - Жақсы, Дымбілмес онда қазір сенің біліміңді тексереміз.
Ойын «Геометриялық фигуралар»
Дымбілмес: - Ой, онда мен ақылдымын.
Ойын «Санай біл»
Дымбілмес: - Сендердің есептерің өте қиын, маған жеңілдеу бірдеңе беріңдерші.
Жүргізуші: - Жақсы, Дымбілмес онда сенің шапшаңдылығыңды тексеріп көрейік.
Ойын «Құлақ, иық, қол, мұрын»
Дымбілмес: - Жарайды бір күні үйреніп алармын, оданда маған бір би үйретіңдерші.
Осы кезде жалқаулық келіп, музыка жетекшісінің орнына отырып алады.
Жүргізуші: - Жақсы, балалар, әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырайық. Кәне ән шырқалсын.
Жалқаулық: - Ия, қазір қосам, армандапсыңдар.
Жүргізуші: - Мен түсінбедім, сіз кімсіз? Мына жерде не істеп отырсыз?
Жалқаулық: - Тыныш, тыныш, не айқайлап қалдың. Мен ұйықтап алайыншы, мына жер қандай ыңғайлы.
Жүргізуші: - Ұйқы?! Бұл саған керует емес қой. Мұнда ән айтылу керек, бүгін бізде ертеңгілік. Әнсіз, бисіз ертеңгілік болма?
Жалқаулық: - Менің қандай шаруам бар? Мен осы жерде отырған адамды шылдырмаққа айналдырып жібердім, шуламасын деп.
Музыка жетекшісі: - Балдар, көмектесіңдерші, мені жалқаулықтан құтқарып алыңдаршы, ән, би, ойын арқылы ғана жалқаулықты жеңесіңдер.
Жалқаулық: - Тыныш шулап кеттің ғой.
Жүргізуші: - Жоқ, бұлай болмайды, біздер саған қазір көрсетеміз.
Дымбілмес: - Менің сумкамды пайдалануға болады. Мен оны дайындап қойдым.
Үстел үстіне сөмкедегі заттарды шығарады (қасық, ойыншық, пистолет т. б.)
Жүргізуші: - Балалар, мына заттар мектепке керек па?
- Дымбілмес, біздің балалардан қарап, үйрен.
Ойын «Сөмкеге жина»
Жалқаулық: - Ой, сендер мені ән, бисіз жеңе алмайсыңдар.
Жүргізуші: - Балалар, таптым, кәне жалқаулықтың көңілін аударып көрейікші, маған көмектесіңдерші.
- Ей, Жалқаулық, маған сенің көмегін керек, келе қойшы біздің балдарды ұйықтатып көрші.
Жалқаулық: - Ой, мен бұны қатырамын, (балдарды ұйықтатқандай болып жүреді) ұйықтаңдар, ұйықтаңдар.
Жүргізуші магнитофонның қасына отыра, әуен қосады. Балалар би билей бастайды.
Жалқаулық: - Ой, әуенді сөндіріңдер, мен тыңдағым келмейді!
Жалқаулық қашып кетеді.
Музыка жетекшісі: - Рахмет, балалар! Сендердің билерін мені жалқаулықтан құтқарып қалды.
Дымбілмес: - Мен енді түсіндім, көп еңбектену керек, сендер көп нәрсені үйренген екенсіңдер. Менде алдағы уақытта үйренемін, жаз бойы мектепке жалқауланбай дайындаламын, мектепте тек бестік алу үшін.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін».
Құттықтау сөзін «Еркетай» балабақшасының меңгерушісіне беріледі.
Ата - аналардың құттықтау сөзі.
Тәрбиешілердің құттықтау сөзі.
Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош сау болыңдар!
Кері қайту
Материал рейтингісі:
"Шағын орталықпен қоштасу" ертеңгілік
Жарияланды 16-02-2012, 21:09 Категориясы: Тәрбие сағаты
«Шағын орталықпен қоштасу» ертеңгілігі.
Мақсаты: Бір жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарға көрсету,бір-біріне деген сыйластық көзқарасында тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер,суреттер,аудио-видео
техника, қуыршақтар, бетперделер т.б.
Барысы:
І.Әнұран орындалады.
Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтып шығады.
ІІ. Тәрбиеші сөзі:
- Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі «шағын орталықпен қоштасу» ертеңгілігін ашық деп жариялаймын. Ең қасиетті жеміс - білім. Енді біз де жыл бойы алған білімімізді, шағын концерттік нөмірлерімізді тамашалауға сіздерді шақырамыз.
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!
- Ал енді балалар сіздерге өздерінің жаттаған тақпақтарын айтып береді.
Хормен
Шағын орталық есігін,
Төртке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді орталық.
Айкерім
Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен -
Тәрбиеші мұғалім.
Айым:
Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды.
Бойымызға сіңірген,
Көптің қамын ойлауды -
Тәрбиеші мұғалім.
Мұхамед
Шашымды да тарадым,
Айнаға да қарадым.
Ерте тұрдым ұйқымнан,
Мен мектепке барамын.
Ақбота
Таудай биік талабым,
Суретті де саламын.
Әзір менің дәптерім,
Қарындаш пен қаламым.
Ойрат
Көңілдіміз, күлеміз.
Ертегіні білеміз.
Шағын - біздің үйіміз,
Тату-тәтті жүреміз.
Нарина
Баулып апа,ағамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Жақсы болып өсуге,
Біз тырысып бағамыз.
Айдина
Мектебім менің байтағым,
Күліп-ойнап қайтамын.
Ән саламын, би билеп,
Тақпақты да айтамын.
Алина
Бұл - құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.
Серікжан
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз,
Біз - осы үйдің сәніміз.
Дильназ
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Сертай
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».
Нурали
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен - бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Чингизхан
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дана қорғаның.
Сен - бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Жанель
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт – берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын Анаң қымбат.
Жансая
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс
Ұстазымыз алғашқы!
ІІІ. Айкерімнің орындауында «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар.
ІҮ. «Ертегілер еліне саяхат жасайық.»
« Бауырсақ» ертегісі.
Автор - Айым
Ата-Серикжан
Апа -Жансая
Бауырсақ -Шыңғыс
Қоян - Алина
Қасқыр - Ойрат
Аю - Азамат
Түлкі - Дильназ
«Шалқан» ертегісі.
Шалқан-Серижан
Ата-Азамат
Апа-Ақбота
Қыз-Нарина
Ит-Сертай
Мысық-Айдина
Тышқан-Айкерім
Ү.Тәрбиеші:
Агөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп,- демекші біздің үйренген биімізді тамашалаңыздар
«Қара жорға биі»
Тәрбиеші:
Ән –көңілдің ажары,-демекші енді әнге кезек берейік, Айымның орындауында «Алтыным»әні.
ҮІ.«Шағын орталықпен қоштасу биі» Вальс тамашалаңыздар.
Чингизхан - Айым
Азамат - Дильназ
Алишер - Жанель
Мұхамед - Алина
Ойрат - Ақбота
Нурали - Айкерім
Серикжан - Жансая
Сертай - Айдина
Алмас - Нарина
ҮІІ.
«Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтау.
Құттықтау сөздер: ата-аналар, директор, завуч,мұғалім.Диплом,алғыс хатпен марапаттау.
-Осымен бүгінгі «Шағын орталықпен қоштасу»ертеңгілігіміз аяқталды,барлықтарыңызға көп-көп рахмет!
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Балабақшамен қоштасу кеші
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Үштөбе қаласының №97 балабақшасының «Айна» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп,дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз
Залға балалар шармен музыка әуенімен кіреді.
Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс! (Шарларын жібереді)
1-бала: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
2- бала: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің , әр айың
3- бала : Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.
Ортаға екі тәрбиеші шығады «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ер жетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Қайырмасы.
Балаларым балапан балғындарым 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын
Ешқандайда қиындық жолықпасын
Қайырмасы.
Балаларым балапан балғындарым 2 рет
Кілең беске оқыңдар жарқындарым
1-Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл- ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың
2- тәрбиеші: Қымбатты ата – аналар, балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
1- Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән. «Әр күніміз тамаша»
2-Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз
4-бала: Балабақша, балабақша
Шаңарағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
5- бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп- көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
6- бала: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
7- бала: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
8-бала: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
9- бала: Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Ортаға «Білгішбек» келеді
Білгішбек: Балалар сәлеметпе мен сендерге ақ жол тілегім келіп сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы білімдісіңдер мен сендерді өз әлемімі шақырамын,менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр келісесіңдер ме?
Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .
2-Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емспе?
Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.
1-Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып , біліп алған кәне отыршы көресің.
Білгішбек: Апай мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
2-Тәрбиеші : Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?
2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
1-Тәрбиеші: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Гүлдер»
2-Тәрбиеші: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
1- бала. - оқып білім алу үшін
2- бала: - еліме еңбек ету үшін
3- бала: Білімді азамат болу үшін
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
1-Тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.
Ән: «Отан деген атамекен»
Білгішбек: Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.
Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнанда қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.
Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой.Біздіңде балалардың саған дайындаған бір көріністері бар, кәне сенде отырып тамашала.
Көрініс «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік
Жүргізуші: Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.
Пенал: Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)
Жүргізуші: Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.
Әліппе: Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін
Жүргізуші: Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды
Пенал: Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.
Жүргізуші: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре
Дәптер: Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін
Жүргізуші: Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты
Әліппе: Кел дәптерім келіңіз
Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз
Жүргізуші: Түрлендірген бір - бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі – түсті қаламдар.
Пайда болды «4»-ік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.
«5»- тік: Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«4»- тік: Жақсы оқитын балалар
«4»-пен «5»- ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Қызыл қалам: Әрине, әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз
Көк қалам: Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын
Жүргізуші: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік пен «1» де жетті
«2»- лік: Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіне
«1»-лік: Жалқауларды жалдап алам
Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін менде қалам
Жүргізуші: Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «1» мен «2»- ні
Жерге тықты
Пенал: Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен « 5»
Кетіңдер бізге жолама!
Жүргізуші: Кіргізбей «1» мен «2»- ні
Сарт етіп есік жабылды
Cыйқырланып портфель
Пішіндерін өзгертіп
Иесін енді іздеді
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды
(оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы қыз: Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін , уәде айтып
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі , үлгілі
Қазақстан азаматы боламын
Би: «Кантри»
2-Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек
10-бала: Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Елизавета Ильиничнаға мың алғыс
11-бала: Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Тамара Кабдулқызына көп рахмет
12-бала: Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайларға мың рахмет
13-бала: Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Галя, Таня апайларға мың алғыс
14-бала: Тәтті тағам пісіпген
Айран сүтін ішкізген
Ольга, Раушан, апайлар
Сіздерге де мың алғыс
15-бала: Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Гүлжан, Махаббат апайларға
Айтамыз біз мың алғыс
16- бала: Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Назгүл тәтеге көп рахмет
Вальс «Менуэт»
Ортаға Спанч боб пен Мики маус кіреді
Балалар сәлеметсіңдер ме бізде сендердің көретін мультфильмдегі кейіпкерлерің едік, әрине біз талай кездесеміз бізде сендерге ақ жол, үлкен азамат болыңдар деп өз сыйлықтарымызды алып келдік.
Сыйлықтарын береді.
Ән: «Қош бол, балабақшамыз»
Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!
Тәрбиеші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Шин Е. И. береміз
Тақырыбы: "Қош, сүйікті балабақшамыз!"
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой - өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау. Адамгершілікке, достыққа, бауырмалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, қанатты сөздер.
Қатысушылар: ата - аналар, қонақтар, мұғалімдер, балалар.
Жұмыс барысы:
1. Музыка әуені ойналады. Балалар топқа тәрбиешімен бірге кіреді.
Тәрбиеші: Өтті міне көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл - ойларың
Құтты болсын тойларың!
Міне балалар сендер бір белестен аттап өтіп мектеп деген үлкен теңізге сапар шеккелі отырсыңдар. Бүгінгі мерекемізге ата - аналар, қонақтар, ұстаздар келіп отыр.
Құрметті бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтары, ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі мерекеміз мектепке дейінгі дайындық топ балаларын мектепке шығарып салу мерекесіне арналады. Алдарыңызда тұрған балалар осыдан бір жыл бұрын кішкентай ғана бүлдіршін балдырғандар еді. Енді міне бойлары да, ойлары да өсіп, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Балаларға "Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын", дей отырып
"Қош, сүйікті балабақшамыз!"атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
2. ҚР - ның гимні орындалады.
Тәрбиеші: Бала деген шіркін - ай балдай екен
Тәттілігі жаямен жалдай екен
Арып, ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен,- деп Кенен
Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
1 - Аяулым. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар
Бақшаменен қоштасу тойымызға.
2 - Ұлпан. Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздерінен мейіріммен нұр толар
Алдарында жауқазындай құлпырған
Біз алансыз балғын шақты балалар.
3 - Ерасыл. Талай - талай баспалдақты аттармыз,
Ата - ананың үмітін де ақтармыз
Тәрбиеші сізден алған ақылды
Есімізде өмір бойы сақтармыз.
4 - Ақниет. Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегін
Туған дала қуансын.
5 - Әли. Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
6 - Ермұхамед. Алау болып жанамыз
Құлыншақ боп шабамыз
Балапандай талпынып
Көкке қанат қағамыз.
7 - Нұрай. Шықтық міне хат танып
Жырын елдің жаттадық
Ұстазымның еңбегі
Жатса екен ақталып.
8 - Айдын. Құштар болып білімге
Біз өрлейміз түбінде
Бақшамызды тәмәмдап
Алға кеттік бүгінде.
9 - Зарина. Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын
Біздің әпкей ерекше
Қуантатын біз бүгін.
Тәрбиеші: Ей, бүлдіршін, бүлдіршін
Өмір бізді күлдірсін
Тойға келген мына жұрт
Ән мен биге бір тойсын.
Хор: "Ақылшым мұғалім"
Би: "Үнді биі"Ұлпан, Аяулым.
10. Бексұлтан. Мектепке ертең барамыз
Оқимыз білім аламыз
Қашықта болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
11 - Сәбина. Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.
12 - Нұрымжан. Өсіп ой мен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз.
13 - Сезім Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
14 - Ақжан. Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таңқалдырып достарымды
Мен мектепке барамын.
15 - Дияс. Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып, ән шырқап
Билеп - билеп береміз.
16 - Әсем. Бұл екінші үйіміз
Біз туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз.
Ән: "Жау - жау жаңбыр"Ақниет, Нұрай, Жанару, Аяулым, Ақжан.
17 - Дәурен. Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.
18 - Нұрдәулет. Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз.
19 - Жанару. Бөлмеде кеңес бересіз
Болашағымызға сенесіз
Бізден кейін кетесіз
Бізден бұрын келесіз.
20 - Жансұлу. Қош бол ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткендей кеше қоштасып
Келгенде алдан шыққаным.
21 - Бақытжан. Баулып, баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді.
22 - Нұрислам. Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім, ән тыңдап
Аландауды білмедім.
23 - Алина. Бала - бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
24 - Мунира. Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күншуақ
Көкке қанат қағамыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген