Материалдар / Даярлықпен қоштасу

Даярлықпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл матералды жариялаудағы мақсатым басқада ұстаздармен тәжірибе алмасу мақсатында.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Даярлықпен қоштасу» кеші. 0 «Ә» сынып

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы білімдерін тексере отырып, өнерлерін тамашалай    отырып, алда тұрған міндеттерді орындай білуге, дағдыларын қалыптастыру. Үленді сыйлауға, тәртіпті бола білуге тәрбиелеу.

Барысы

Жүргізуші:   Көз салып қараңызшы бойларына
Ортақ боп бүгінгі өскен ойларына.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Даярлықпен  қоштасу тойымызға.
Армысыздар ма  құрметті  оқушылар,ата-аналар,  ұстаздар және     қонақтар!

Жүргізуші:  Қадірлі жиналған барша  қауым,ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті Даярлық  топпен қоштаспақшымыз.Даярлық  топты бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге  Бүгінгі  «Тілашар» тойымызға  хош келдіңіздер!

Балалардың сыныпқа кіруі.

1.Хор:«Ақ көгершін» әні

Айналайын балалар

Алдарыңда мектеп ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерлілер даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар 1-шіге

Бір белестен өттіңдер,

Өсті, міне бойларың

Өсті ақыл,ойларың,

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Енді  балалар  сендер 1-сыныпқа  аяқ  басасыңдар. Даярлық сыныбында қандай пәндерді оқыдық? Бәріміз айтып көрейікші.

(Сауат ашу, матаматика, тіл дамыту, экология, Көркем әдебиет, Сурет, мүсіндеу, жапсыру,құрастыру,денешынықтыру,музыка,айналамен таныстыру)

2.Сұрақ- жауаптар

Слайд: «Улыбка»

Өздерінің   өлең шумақтарын арнау үшін бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Тақпақтар:

1.Карина

Еркесі едім атамның

Еркесі едім апамның

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым

2.Демеу

Өсіп ой мен санамыз

Өмірге жол саламыз

Білім қуған баламыз

Біз оқушы боламыз

3.Айару Е

Құралдарым бек менің

Міне менің мектебім

Тісім кетік болғанмен

Білетінім көп менің

4.Айлин

Әділдікті жақтаймыз

 Ізеттілік сақтаймыз

Осындай зор мақсатпен

Табалдырық аттаймыз

5.Абай

Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз.
Ертеңгі күн елімнің,
Батырлары боламыз


6. Ж Айару

Әріптерді таныңдар

Бәрін жаттап алыңдар

Онда қызық ойын бар

Оған көңіл қойыңдар


7.Сункар

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Даярлықпен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

8. Данияр

Сүйген өз ұл-қызын

Бөбегім деп аянбай

Мектебім өз үйім

Тәрбиешім болды анамдай


9.Альфия

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ержетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын

Туған дала қуансын

Хор: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Би: «Сарбаздар»

10.Айша

Ана тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып, ән жаттап

Оқып, жазып үйрендік

11. Нурсая

Ботақандай бөбек деп

Еркелеткен ұл-қызын

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін

12. Актилек

Әжептәуір бойымда

Сабақ қана ойымда

Оны ұқпас інім тек

Шақырады ойынға

13.Нурадил

Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өзімізден өседі,
Өнерпаздар, даналар

14.Назым

Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.

15.Нурали

Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.

16.Саят

Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап

17.Ерасыл

Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.

Көрініс: «Бауырсақ ертегісі»

Ән «Ұстаз-Ана»

18.Жаннур
Мен кішкентай баламын
Кітап оқи аламын.
Дәптер, қалам, сызғышты
Сөмкеме өзім саламын.

19. Аружан

5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

20.Медина

Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.

21.Оркен

Қуан,  шаттан  алақай,
Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын

22.Сауле

Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптер мен суретпен,
Тәрбиеші мұғалім.

23.Мадина

Биыл күзде мектепке, 
Біріншіге барамын. 
Мақтанбаймын мен текке, 
Дайын дәптер, қаламым.

24.Бакнур

Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.

25.Айханым

Мектебім менің, мектебім, 
Сенен біліп шығармын. 
Аспан барын, күн барын. 
Сен арқылы ұғармын, 
Жұмбақ әлем сырларын.

Би: «Почемушка»  

Ата аналармен ойын «Инстинкт»

Вальс «Қоштасу»

Хор «Даярлықпен қоштасу

Қорытындылау.









04 Қараша 2018
538
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі