Материалдар / Даярлықпен қоштасу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Даярлықпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық сыныпты аяқтағалы отырған бүлдіршіндерге іс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
2493
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, 
«Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 

Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,

Бір белестен өттіңдер
Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық

Егізбай Ариман –Куатканова Арузат

Ерғали Нұрдаулет-Уябаева Сабина

Ошакбаев Мансур –Есымкан Инжу

Исламбек Дарын-Назарбекова Адина

Кенжетаев Батыржан-Намиялиева Аружан

Мамеков Ерасыл-Жексенбаева Диана

Туяқ Ержан-Сейдахметова Айжан

Бартай Мақсат-Сугирали Дильнара

Айсенов Нұрасыл-Шингисбаева Альбина

Назарбеков Адилет-Оспанова Дильназ

Демеев Сералы-Капарова Фатима

Игликов Расул-Бейсембаева Айя


Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың

Қазақстан Республикасының гимні

Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар

Оқушылардың шағын тақпақтары:
Ариман:

Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.

Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.

Арузат:

Әліппеден әріп танып

Алғашқы рет оқимыз

Тәрбиеден тәлім алып

Санамызға тоқимыз


Мансур:
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

Инжу:

Үлкен сенім жүктеп алып

Мектепке кетіп барамыз

Тәрбиешім ,өзіңмен

Қоштасу әнін саламыз

Дарын:

Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз
Даярлық сынып енді біз
Қоштасамыз сізбенен
Ашып мектеп есігін
Білім кемесіне мінеміз

Адина:

Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
Батыржан:

Даярлық сынып қош енді
Әр кез аман бол деймін
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.

Аружан:
Әріптен ғылым басталған
Оқуды менмін бастаған.
Ұстазын кімдер тыңдаса,
Ұқыппен оқып, тынбаса.
Сыныпта қалмай өтеді,
Мақсатына жетеді

Ерасыл:

Талай қызық той өткіздік

  Бірақ орны ерекше.
 Даярлықпен қоштасатын,

 Бүгінгі той ерекше.

Диана:
Әліппемді қоям бір бөлек
Жаттауға жаңа жыр керек
Көбелекті де қумаймын
Қона берсін гүлге көк
Әліппені» дұрыстап
Түгел танып аламын.
Қыркүйекте гүл ұстап
Мен мектепке барамын.

Ержан:

Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңіз де есен аман бармысыздар

Келіпсіздер біздің топтың тойлауына

Тілесіп ақ жол,құтты қадам баршамызға

Айжан:
Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.

Мақсат:

Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың

Дильнара:
Гүл сатып алам ақшаға

Қуану үшін жақсы аға.
Дина мен Ләйлә құсап мен
Бармаймын бала бақшаға.

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы баламыз.

Нурасыл:

Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз
Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Альбина:

Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.

Адилет:

Алғыс сізге алғашқы ұстаз

Бізге үйреткен әліппе

Алдыңызда бас иеміз

Атыңызды дәріптеп

Нұрдаулет:

Қуан,  шаттан  алақай,
Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.

Сабина:
Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді
Қуантуға жүректі

Қуантуға түлекі.
Мен мектепке барамын.

Сералы:
Мектепке биыл барамын,
Қолыма кітап аламын
Дайын тұр сауыт сайманым
Дайын тұр жазар қаламым.

Дайын тұр киер көйлегім
Үйімде биыл той менің.

Фатима:

Мектеп қамқор анамыз,
Оқу білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.




Расул:
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер, қаламым
Мен мектепке барамын,
Қуанышым менің мол
Мектебіме тарттым жол
Даярлығым қош сау бол.

Айя:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген білімнің ең үлкені.















Өнегесін үйреніп

Көмекші боп жүрейік

Алдарында бас иіп

Би де билеп берейік-

деп алдарыңызда Жексенбаева Диананың орындауында өзбек биі қабыл алыңыздар.

Балалар сендер мектепке барғалы тұрсындар.Сондықтан мектептегі оқушылардың ережесі бар білесіңдер ме айтып көрейік.

-Айя:Кітап бетін сызбайды,

Таза етіп ұстайды

Расул:Бар болса егер сұрағы

Қол көтеріп тұрады

Диана:Жүрмейді жүгіріп от алып

Тентек бала атанып

Ариман:Үстін таза ұстайды

Әлсізді күшпен қыспайды.

Альбина:Парта үстіне шықпайды

Сабақтан қашып зытпайды

Аружан:Мұғалімді тыңдайды

Кітап бетін жыртпайды.

Фатима:Е,е есіме түсті білдім,білдім

Ең бастысы

Мынаны білу керек

Мұғалім кірсе класқа

Орнынан тұру керек.


Өнерсіздік зор айып

Ән мен куйге басайық

Арасында тағы бір

Куймен шашу шашайық-деп


*Алтын домбыра*сайысында жүлделі орынға ие болған Намиялиева Аружанның орындауында « Әлқисса» күйін қабыл алыңыздар.


Келесі кезекті мың бұралған бишілерімізге берейік «Аққу»биі.

Кел балалар ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай есеп болса да

Шешпей оны қоймайық-деп

Ал құрметті ата аналар сіздерге Дарын мен Ержанның сұрағы бар:

-10 балық қосу 10 балық

20 балық болады

20дан алса 10 балық

Қанша балық қалады?

Ержан:

Бір шал мен кемпірдің 5қойы,2қозысы,4ешкісі,3лағы,6баласы,8жылқысы,9түйесі болыпты.шал кемпірдің балалары нешеу болған?


Мен мектепке барамын

Құтты болсын халайық

Қане достар,қане достар

Шырқап әнге салайық

Ән: *Оқуда озат боламыз*хор

Анашым өзгелерден бөлексің

Бала жүрек саған арнап жыр төксін

Қай асылға теңесем де жарасар

Анашым сен баға жетпес бір жансың

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін

Махаббатым жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің-

дей отыра түн ұйқысын 4 бөліп бізді осы күнге жеткізген анашымның арқасы дейді балалар.

Демеев Сералының орындауында *Анашым қартаймашы жалынамын*

Тәрбиешім-ұстазым

Тірегімсің- қамқорым

Ән:*Ұстазым менің*

Оспанова Дильназ

Еркін би:окутала

Сонымен қатар біздің сыныбымыз бірнеше жарыстарға қатысып жүлделі орындар алып келді.Соның ішінде «В поисках клада» атты республикалық олимпиададан Алпысбай Алнур 1-орын,Назарбеков Адилет 1-орын,Назарбекова Адина 1-орын,Ошакбаев Мансур 1-орын,Игликов Расул 1-орын,Кенжетаев Батыржан 1-орын,Егізбай Ариман 1-орын,Капарова Фатима 1-орын.

Көктемгі коллейдоскоп олимпиадасынан Оспанова Дильназ 1-орын,Туяқ Ержан 1-орын,Алпысбай Алнур 1-орын.

Ең айтып кетер жай арамыздағы Егізбай Ариман Қостана йқаласында өткен менталды арифметикадан 2-орын алып финалға өтіп Астана қаласына барып республика ішінен 2-орынды халықаралық Академиясының 5 Республикалық жарысының жеңімпазы атанып дипломмен және кубокпен марапатталды.

Намиялиева Аружан «Алтын домбыра »сайысынан 1 орын жүлдегері болды.

Ошакбаев Мансур Жеңіс күніне арналған қалалық турнирден 3-орынға ие болды.Міне біздің де осындай жетістіктеріміз жетерлік.

Ал енді ары қарай мектеп вальсін қарсы алыңыздар.

*Дошкольный Вальс *

Келесі кезекті ата-аналарға береміз.

Сөз кезегін Қостанай қаласы №15 орта мектебінің директоры Сапанова Дильнара Сембеевнаға беріледі.

Диплом мен фото табыс етіледі.


Даярлығым бесігім,

Тағы бір той жасайық

Ашты мектеп есігін

Өзіңмен қоштасайық.-

Деп қош сау болыңыздар.











































«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»ММ
















«Қош бол,даярлық!»

Ертеңгілік

Мектепалды даярлық «А»сыныбы















Тәрбиешісі: Нургалиева С.М











2016-2017

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!