400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

даярлықпен қоштасып,біз мектепке барамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың жыл бойындағы білімін көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы:  Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, 
«Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
(Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру)

Тобымыздың «Сымбатты да биші арулары» ;Жұлдыз бен Құндыз,Балауса мен Айзере

Тобымыздың шырайлы қызы- Жұмағазы Лейла

Тобымыздың сүйкімді де сүйікті қызы: Еркеназ бен Ақтоты,Айша мен М.Нүрай .

Тобымыздың «Инабатты арулары» Сүлтана мен Н.Нұрай, Айзере мен Інжу.
Тобымыздың 
білімді де дарынды ұлдары: Мирас, Жақсыбек

Тобымыздың өнерлі де тәртіпті ұлдары: Тимур мен Серікжан, Бексұлтан мен Батыр

Тобымыздың спорт шеберлері: Нұралы мен Қ.Дінмұхамед, Н. Дінмухамед пен Досжан

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

 Апа шашу шашады.

Тәрбиеші:
Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!

0 «Б» сыныбының биі.

Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар

Балауса



Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық. Бүлдіршіннің ортада,

Тілашарын алайық.

 Нұралы

Даярлыққа келгенде,

Ақ пейілмен қарсы алған.

Өлең айтып үйретіп,

Би билеткен, ән салған.

Досжан :

Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз

 Құндыз

Ойыншықтармен ойнадық,

Тақпақты да қоймадық.

Сурет салдық, ән салдық,

Уақытты бекер жоймадық.

Лейла

Біз балауса баламыз

Жетілді ой - санамыз

Даярлықпен қоштасып

Біріншіге барамыз.

 Жұлдыз Мектепке енді барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Үлгілі бала боламыз.

Інжу



Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

М. Нұрай

Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға.

 Айзере

Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін анаңды.

Өсіруге танымды,

Мектеп керек адамға.

 Қ Дінмұхамет

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Қуантуға жүректі,

Қуантуға түлекті

Мен мектепке барамын.

Сүлтана

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын.

Батаңды бер қазағым,

Мен мектепке барамын.

 Н Нұрай Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім.

Алтын ұя – мектебім,



Армандарым көп менің.

Атқарамын деп келдім

Асыл анам – мектебім.

 Ақтоты Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын депк елдім.

Оттан ыстық мектебім,

Өнерпазың көп сенің.

Өнер табам деп келдім,

Өз бесігім мектебім.

Н Дінмухамед Еркесі едім атамның,

Еркесі едім анамның.

Толдым биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

Тимур

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

жүргізуші:Еркеназ бен Нұрайдың орындауында ақ мамам әнін қабыл алыңыздар.

Ән «Көңілді қуыршақтар» - 0 «Б» сынып

Есік қағылып, залға жалкаубек жүгіріп кіріп, айқай салады.

 Жалкаубек

Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді. Барасыңдар ма мектепке?

 Балалар хормен: Иә, барамыз! 

Жалқаубек

А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Оқу сендерге неге керек?Мектепке барсаңдар ерте тұру, сабақ оқу  керек.  Ол неге керек, мен сияқты  жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.



Жақсыбек Жоқ, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.

Жалқаубек

Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар?

 Балалар: Сөмке.

 Жалқаубек

Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас, рогатка, кнопка алып көрсетеді).сендер ақылды екенсіңдер маған жұмбақтың жауабын табуға көмектесіңдерші.

 Жұмбақтар:

 Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

(Кітап)

 Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қозы)

Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.

 Ойын: Жалғасын тап:

 Оқусыз білім жоқ,

……………………………….. (Білімсіз күнің жоқ)

 Ақыл азбайды

………………………………….. (Білім тозбайды)

 Еңбек етсең ерінбей,

…………………………………… (Тояды қарның тіленбей)

Көрдің бе, жалқаубек, біздің балалар қандай білімді.

 Жалқаубек Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар. Мен сендерге қарап риза болдым. Енді мен де жаман болмаймын. Сендермен бірге мектепке барамын. Мен енді үйіме қайтып дайындалайын. Сау болыңдар, балалар!

 Балалар: Сау болыңыз.

 жүргізуші: Биші қызымыз орындауындағы «ақ көгершін» биін қабыл алыңыздар.



 жүргізуші:

Балалар, бүгін біздің мерекемізге сауат ашу келіпті.

 Мектепке барған кезде ең бірінші оқитын кітаптарың «сауат ашу» болады.

 Залға сауат ашу кіреді.

 Сауат ашу

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын. Мен сендерді сырттарыңнан бақылап тұрдым. Сендер бәрін біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар. Бірақ сендердің білімдеріңді тағы бір тексеріп көрейінші.

Мен сендерге  дыбыстарды айтамын. Сендер дауысты болса 1 рет, дауыссыз болса 2 рет шапалақтайсыңдар. А.Ә.Б.Л.Ң.У.Қ.Ы.Ж.И.Т.Е.П

 Ойын ойналады.

Сауат ашу: Өте жақсы, сендер дыбыстарды ажырата алады екенсіңдер! Мектепке барғанда жалқау болмаңдар.Балалар, сендер мектепке барғанда оқитындарыңа сенемін.Сау болыңдар, балалар!

Би орыс халқының биі

 жүргізуші:Балалардың ұйымдастыруымен өздеріңізге арналған сахналық қойылымды тамашаладыңыздар.  

Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі  

Жүргізуші.  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында.  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:

Қалам-Айзере :  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

Оқушы-Еркеназ : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-Айзере : Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы- Еркенез: Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-Айзере:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, деген  достарды тауып кездестірейін.

Жүргізуші :  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

Оқушы-Еркеназ: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?




Дәптер-Тимур:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

Қарындаш-Н Дінмуханмед: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Өшіргіш-Нұралы: Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-Айзере: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-Еркеназ: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Жүргізуші : Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

Б сыныбының орындауында би

Жүргізуші

Балалар сендерге арналған сұрақтарым бар

Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Жүргізуші Балалар бәріміз экранға назар аударайық сендерге арналған сұрақтар бар.
Би ұлдардың орындауында тұлпарым 0 A

Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар
Балаларға  алғыс хат тапсыру үшін директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шингисбаева Б.Ш сөз кезегін береміз.
Қорытынды 
–  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына


ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

Көктудың желбірегені әні хор.

 











































«№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ







Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!

Мектепалды даярлық тобы







Топ тәрбиешісі. Оспанова Ш.Ә

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі