400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дәуір қарияның балалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі тас дәуірінің кезеңдері бойынша қызықты етіп құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дәуір қарияның балалары»

Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

4 б сынып оқушысы.

Мақсат Алихан


Мен қосымша кітаптардан оқыған ақпарат бойынша ертегі құрастырдым. «Дәуірлер» тақырыбына байланысты жазған ертегімді жіберіп отырмын. Біздер сабақта тақырыптарды ертегіге айналдырып, айтамыз.

Баяғы заманда Дәуір есімді қария болыпты. Қарияның үш ұлы болыпты. Үлкенінің есімі- Палеолит, ортаншысы-Мезолит, кенжесі-Неолит. Әкелері өмірден озғаннан кейін әр ұлы өз жолымен өмір сүріпті. Үлкен ұлы Палеолит балаларымен топтасып, бөкен, аю, бизон, мамонт аулапты, жеміс-жидек теріпті. Тау үңгірлерін баспана етіп, еңбек құралының 20-шақты түрін ойлап тауып еңбек етіпті.

Ортаншы ұлы Мезолит 7000 жылдай өмір сүріпті. Бұл кезде ауа-райы күрт жылынып, мұздар еріп, табиғатта үлкен өзгеріс болыпты. Шөбі, өсімдігі мол далалар азайып кетіп, мамонт, мүйізтұмсықтар құрып кетіпті. Мезолит күн көрі үшін садақ, жебе ,бумеранг ойлап тауып аң аулауын жалғастыра беріпті. Даладан тауып алған жас төлдерді өлтіруге қимай, үйіне әкеліп асырап бағыпты, осылайша малды қолға үйретуді біліпті. Дәнді дақылдардан егін өсіре бастапты. Балаларымен бірге тынымсыз еңбек етіп, көптеген жаңалықтар ойлап тауыпты.

Кенже ұлы Неолиттің кезінде табиғат, қоршаған орта қазіргі кездегідей болыпты. Неолиттің қабілеті ағаларынан әлдеқайда озық болыпты. Ол балшықтан қыш ыдыстар жасауды біліпті, жасаған қыш ыдыстарының сыртын геометриялық өрнектермен әшекейлепті. Әйелі мата тоқып, киім тігуді біліпті. Түрлі тастардан дән үккіш, қайла, балта жасап еңбек құралдарының санын көбейтіпті.

Осылайша Дәуір шалдың балалары тынымсыз еңбек етудің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, тамаша жаңалықтар ойлап тауып, тарихта қалды.





Мақсат Алихан


Ақтөбе қаласы,

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.06.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі