жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дәуірдің дара ұстазы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ
«№47 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

Сабақтың тақырыбы: «Дәуірдің дара ұстазы»

Өткізген: Бакишева Қ.С
№47 орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Сынып: 6-7
Сабақтың тақырыбы: «Дәуірдің дара ұстазы»
Сабақтың мақсаты:Саналы ғұмырын ұстаздықтың ұлағатты жолына арнаған, туған халқының асыл сөзін, мұраларын шәкірттерінің санасына ұлағат қып ұлы Абай мен Мұхтардың ұлылығын дәріптеген қазақ педагогикасына теңдесі жоқ ерекше құбылыс Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы туралы оқушыларға кеңірек түсінік береді.Көзі тірісінде-ақ «Хан апа» атанған ұлы ұстаздың ұстаздық қасиетін үлгі-өнеге ету өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімін шыңдау
Сабақтың әдіс- тәсілі: өлең оқу, ән айту
Сабақтың көрнекілігі:Қанипа портреті, қанатты сөздер, фотослайдтар, жапсырма, ұстаздар туралы қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
Кіріспе мұғалім сөзі: Мұғалімдер көп болғанымен, нағыз ұстаз деген атауға ие боларлық адамдар санаулы ғана. Ал, нағыз ұстаз есіміне лайық жандардың бірі – Шығыс Қазақстан облысының орталығында орналасқан Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қанипа Бітібаева.
«Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдердікі» деген сөзді Мағжан Жұмабаев тегін айтпаған. Өз ісіне жан-тәнімен берілген, бүкіл ғұмырын қасиетті қазақ тілін дамытуға арнаған, әдебиеттің арын қорғап, намысын жыртуға жұмсаған қайталанбас тұлға «Қазақтың Хан-апасы» атанған ардақты да аяулы ұстаз, жаңашыл тәлімгер, қайтпас, қайсар, қажырлы қайратты Қанипа Бітібаеваға арналады.
ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар.Бүгін біз 24 қазан Қанипа Бітібаеваның құрметіне «Дәуірдің дара ұстазы» атты әдеби монтажды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Пір тұтамын мен ерекше өзгеден,
Балаға сана білім беруді көздеген.
Нәзік кеудесін нәрлі сезімге билетіп,
Өмір толқын өршелей бұзған жез кемем.
ІІ.АЛТЫН АДАМ:
Ақерке:Қанағат ап қиялдың қанатынан
Асуында арманның таң атырған.
Ұлылық та ұлағат ұясында
Жанартаудың тасынан жаратылған.
Қанипа бұл, шыбыны шырқыраған,
Сай-сүйегі сау жүріп сырқыраған.
Аузын ашса,Алтайдың самалы есіп,
Жұпар иісі Сайханның бұрқыраған.
Қанипа бұл торғайдай шырылдаған,
Ұлты үшін жан сөлін сығымдаған.
Тораңғыдай тамырын терең тартқан,
Сексеуілдей дауылға жығылмаған.
Қанипа бұл, тәлімді жетелеген,
Асқарына білімнің төтелеген.
Жаннур:Алатаудай абырой жинаса да,
Биіктемей жүреді бетегеден.
Қаипа бұл, бет-жүзге қарамайтын,
Сөзбен өлшеп, санамен саралайтын.
«мың өліп, мың тірілген қазағының»
Тағдыры тек жүрегін жаралайтын.
Шалғайына оралып шалағай күн,
Қораласа кей кезде нала-қайғы.
Аруақтанып кететін Қанипа бұл,
Қарсы біткен бұтағы қарағайдың.
Тас бұлақтай санасы сарқыраған,
Ақ айдындай жүрегі жарқыраған.
Көктемедей көңілі мөлдіреген,
Табиғаттың тумасы-Алтын Адам !
С. Ғабдуллаұлы «Алтай асу» жинағы. Алматы 2002 ж.
ІІІ.Қ.Бітібаеваның өмірі жайлы слаид (Қадырханова А)
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева өмірі мен шығармашылығы
1945 жылы- Шығыс Қазақстан
облысы , Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген.
Жаңашыл ұстаз, профессор. 1968 жылы- Семей педагогикалық
институтын бітірген.Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. КСРО
мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1968-1980 жылға дейін Ласты ауылында мұғалім болды.1980 жылы-
Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернатында
ұстаздық қызметі жалғасады. Осы кезеңдерде еліміздегі ұстазға
берілетін атақ, дәреже мен құрметтің барлығын алды. Ұстаздардың
ұстазы, халық мұғалімі аталды. Авторлық мектептің жетекшісіне
айналды. Қ. Бітібаеваның есімі, атағы Республика жұртшылығынан
асып, ТМД елдеріне дейін жайылды.
1980 жылы Тарбағатай аудандық «Ленин туы» газетінде оқу-тәрбие
жұмысын ұйымдастырудағы қалыптасқан тәжірибесінен Оқу министірлігі
, Шығыс Қазақстан облыстық оқу бөлімі мен облыстық мұғалімдер
білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен арнайы бет плакат
шығарылып, аудан мектептеріне таратылды. Оқу министірлігі мен
орталық білімін жетілдіру институтының негізінде республика
теледидарының «Шапағат» хабарында «Әдебиеттегі оқытудың тиімді
жолдары» атты хабар беріліп, іс-тәжірибесі талқыланды. 1983 жылы
Қазақ ССР Оқу министірлігі мен республикалық мұғалімдер білімін
жетілдіру институты тарапынан оның «Қазақ тілі мен әдебиетін
оқытудың тиімді жолдары» атты тақырыппен тәжірибесі арнайы бет
плакат арқылы шығарылып, республика ұстаздарына таратылды. «Әуезов
шығармашылығын оқытудың өзекті мәсәлелері» атты тәжірибесі
сараланды. Осы уақыттардан бастап Қанипа Омарғалиқызының Мұхтар
Әуезов шығармаларын, Абай ілімін оқытудағы өзіндік жолы,
шығармашылығы қалыптаса бастады.
Көлемді де құнды, еліміз бойынша барша оқу орындарындағы қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мамандары арасында қолданылып келе жатқан 15
монографиялық еңбек туды. «Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М.
Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту»,
«Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М. Әуезов
мектепте», «Әуезовті оқыту әдістемесі» шығармалары республика
мұғалімдер қауымынан қызу қолдау
тапқан.
ІV.Қ.Бітібаеваға арналған арнау өлеңдері
Ерке 6А
Хан апама
Ақыл менен парасатпен нық басып,
Әріптестің жанын ұғып сырластың.
Аяулы ұстаз, асыл ұстаз зор тұлғам
Әлі күнге санамыздан шықпассың.
Өзгерсе де заман талай ауысып,
Сен сынбадың тұрсаңдағы майысып.
Қара нардың қара жүгін көтердің,
Білек талып, қабырғалар қайысып.
Білем талай көзілмедің ел үшін.
Мәз болушы ең, көрсең шәкірт жемісін
Сұм ажал кетті алып арамыздан
Асыл ұстаз асқар таусың мен үшін.
Шәкірттерге өмір жолын таңдаттың,
Қанатымыз қатайсын деп самғаттың.
Берген білім қалар мәңгі санамда
Әрқашан да төрінде бол жәннаттың
Жаңғырар Тарбағатай тау мен тасы,
Сағынар өзіңізді кәрі - жасы.
Жайна 7 Б
Бүгін міне күңіренді қазақтың кең даласы
Күңіренді бүкіл мектеп тіпті мектеп ауласы
Жастарға жол сілтеп жол көрсеткен
Енді жоқ әдебиет әлемінің Хан апасы
Жүрегі ол Жамбылдың соғып тұрған
Соғып тұрған бейне бір күліп тұрған
Сол жүрек бүгін жаймен баяулады
Баяулады ақ жүрек қағып тұрған
Тәрбиеңіз ерекше ғой бізге берген
«Абай жолын оқы»-деп кеңес берген,
Әттең-ай, сізге айтып үлгермедім
Абайдың өлеңдерін жатқа білген
Қанипа апа, Қанипа ұстаз, Хан апа
Айтқан сөзің әрдайым біздің құлақта
Айтарым, достар, өздеріңе үмітпен
Хан апа бастаған биік туды құлатпа!
Алуа 7 Б
Қанипа апа
Қанипа апа, Хан апа, дана апа,
Шығысында жарқыраған жұлдыз апа.
Тілі мен әдебиетін құлай сүйіп,
Тарихта қалды ізің мәңгі апа.
Өмірде қиындықтың бәрін көрген,
Шәкіртіне білімнің нәрін берген.
Құрлықтың ар жағына асса да аты,
Жайдары мінезінен өзгермеген.
Ұмытпайды Жамбылыңыз мәңгілік,
Есіміңізді жүреміз біз ән қылып.
Мөлдір
Ұлылар өлмейді
Тар тағдырдың шекесі табыт ұстап,
Сараң ғұмыр сандалып сабылыспақ,
Кең әлемде кереңдік кекиеді,
Ұлыларды тұғырдан тайғызып сап.
Жанға қайғы, өлілер оралмайды,
Тұмандардай тұншығып тұрар қайғы.
Өмірге мың келсе де талай мінсіз,
Хан апамдай ғазалым бола алмайды.
Бағым қашып, көңілде мұң тірілді,
Жүрегімді тілгілеп жыр туынды.
Әр қазақта жалғызым деген ұстаз,
Жылдар бойы жамаған жыртығымды.
Қабірді адамзаттың Көрі дей ме,
Ұлы ұстазды біреулер өлді дей ме.
Сан білімі санадан сарқылмайтын,
Біздер үшін Хан апам тірі бейне.
Жанель
Аспаным жылап тұр бүгін
Кеттің бе апа , келместің мініп тұлпарын,
Ұшырдың қолдан қазақтың талай сұңқарын.
Тағдырың теңіз айналған атың аңызға,
Өмірің үлгі, орының толмас сұлтаным!
Аспаным жылап тұрғандай еді бүгін бір,
Сен тастап кеткен күнім де бүгін бұлыңғыр.
Алаш деп соққан , сәт сайын алып жүрегің,
Жанына сая , тапты ғой мәңгі тыным бір.
Жаныңа нұр боп,жолыңа жыр боп өрілем,
Жұлдыз боп ақтың тірілер мекен көгінен.
Абай деп өткен , Мұхтар деп өткен ардақтым
Алғайсың орын , жұмақтың мәңгі төрінен!
Саяжан 7Б
Қанипа апама арнау
Ұстаздықтың арқалап сара жолын,
Өлшенбейді ешқашан даналығың.
Өкінішті арамыздан кеттің апа,
Біздер үшін қайғы да,қаралы күн.
Ұстаздыққа арнаған бар өмірің,
Балалардың қалдырмай бір көңілін.
Ұлыларды ұлықтау парызыңыз,
Абай менен Мұхтардың тағылымын.
Сіңірткен терең ойға ғылым нәрін,
Талай ұлы апамнан алған тәлім.
Игі істері жоғары бағаланып,
Ордамыздың келтірген көрік, сәнін.
Әр еңбегі тиек болған өлең- жырға,
Өнегесін үйреткен қыз бен ұлға.
Армандаған Хан апамның мақсаты,
Шығару шәкіртінен берік тұлға.
Әдебиеттен қалаған ойып орнын,
Сізге мәңгі арналады өлең-жырым.
Хан апамның үзілген нар өмірін,
Жалғап шығу еңдігі бар арманым.
Қызжібек 7 Б
Қанипа апа
Қанипа апа – қазақтың Хан Апасы,
Қанипа апа – Жамбылдың дана апасы.
Тіл үшін қиындық көрсеңіз де,
Жолында еңбегінің жасымаған .
Сіздей ұстаз өмірде көп болмайды,
Өмірде сіздей жанды құрметтейді.
Ақылыңыз біздерге үлгі болып,
Сізді ешқашан ел-жұртың ұмытпайды.
Жаннұр
Қабағында Қабандайдың сұсы
бар,
Ажарында Абылайдың
мысы бар.
Көздерінде күннің
жылы шуағы,
Жүрегінде жердің
тарту күші бар.
Аң мен құсқа жем
қылғызбай қорғаған,
Алақанда ана тілдің
құсы бар.
Ержүректер енші алып
алдынан
Ездің бәрі екпінінен
қысалар.
Ақын, хәкім, батыр,
батыл ұстазым,
Айналаға алтын сәуле
ұсынар.
Сіз жайында суық
хабар естіліп,
Солқ етті ғой
кеудемнің сол тұсы дәл.
Қайран менің,
қарқарадай Хан Апам,
Кез келді ме Сізді
Көкке ұшырар.
Тамырында түркілердің түбі
бар,
Танымында тектілердің үні бар.
Жанарында Мұхтарлардың мұңы бар,
Жүрегінде Ұлы Абайдың жыры бар.
Арлы, арда кеудесіне кілттеген,
Алты Алаштың Арысының сыры бар.
Қара жердей кең пішілген мінездім,
«Мәңгі өлмейді,» – деуші едіңіз, – Ұлылар!»
Мәңгілікке айналдыңыз, міне енді,
Ұлылардан кем түспейтін құны бар.
Қайран менің, айнам менің, Хан Апам,
Енді жаным кімге барып жылынар?!
Кімге жолым бұрылар?!
Ажал неге иектеп жүр Алтайды,
Ту сыртыңнан жұлыныңды суырар?!
Қалиханды алып қашқан сұм Ажал,
Қанипаңды ұрламақ па бұл Ажал?!
Ей, сұм Ажал, жанын алып кетсең де,
Менің мынау сөздерімді ұғып ал!
Ұлы Ұстаздың ұлағатты «Рухын»
Мықты болсаң жүрегімнен жұлып
ал!!!
Айбек ОРАЛХАН
V. Ән: «Ұстазым» әні Қанатбекова А
VІ.Ұстаз туралы лебіздер
(Рахат, Нұрай, Июри,Азиза)
Қанипаның әр шәкірті Абай мен Мұхтарды терең біліп тұр. Егер де еліміздегі әр ұстаз баланы Қанипадай оқытса, қазақ тілінің болашағына күмән келтіруге болмас.
Академик Зәки Ахметов.
Қанипа апай маған қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың «Сәтбаевы» болады да тұрады. Бұл пікірге сабағы, балаларының білімі, ұстаздық жаңа, тың ізденістері мен еріксіз әкелген еді.
Жұмағали Наурызбаев
Педагогика ғылымдарының докторы
Егер менің Қанекеңдей ұстазым болса, үш «Дулыға» жазып тастар едім. Талантыңызға тәнті болдым.
Тұрсын Жұртбай
Жазушы, ф. ғ.д ,профессор
Қанипа-ұлы ұстаз, ұлы әйел. Кеңестік дәуірдің өзінде Қазақстанда бірінші болып СССР Мемелекеттік сыйлығын алу деген - нағыз батырлық.
Ролан Сейсенбаев
Халықаралық Абай клубының
президенті, жазушы
VІІ. Би
VІІІ. ХОР: «Ұстазым менің»
Тұлғаңды арманыма
ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме
қыстатқанмын.
Есімде әліппені
жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам
ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің
ұстазым,
Өзіңмен өткен
қыс-жазым.
Қалдырған ізің
мәңгілік,
Жадымда тұрар
жаңғырып,
Ұстазым, менің
ұстазым!
Қайырмасы:
Зердемді сен ашпасаң не етер
едім?
Өмірден сыбағасыз кетер
едім.
Ғажайып дүниенің сырын
жайып,
Қияға қызықтырып
жетеледің.
Қайырмасы:
Өзіңнен өмірге азық ала
бердім,
Ұшырып мені алысқа қала
бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын
атқан,
Келеді жана бергім, жана
бергім!
Қайырмасы:
ЖҮРГІЗУШІ:
Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Одан басқа жүрген кім бар жанды
ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың
ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!
деп осымен бүгінгі мерейтойлық
кешіміз өз мәресіне жетті! Біз сіздермен қоштаспаймыз тек, келесі
кездескенше!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген