Материалдар / ДӘУЛЕТ ТӨЛЕУТАЙҰЛЫНЫҢ "БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ" кітабі✔
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ДӘУЛЕТ ТӨЛЕУТАЙҰЛЫНЫҢ "БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ" кітабі✔

Материал туралы қысқаша түсінік
негізгі бағасы 2 мың теңге.Қаржылық сауаттарыңызды ашыңыздар.Кітап PDF форматында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
60
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

TaYNET TENEYTANYIbI

_——N
bDUSHECKE

DAT

DIT

waa

Cay

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
ДӘУЛЕТ ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ

БИЗНЕСКЕ

БАҒЫТ
#әрекеткеберекет

Нұр-СҰЛТАН
2021
—1—

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)

Дәулет Төлеутайұлы
Бизнеске бағыт / Дәулет Төлеутайұлы – Нұр-Сұлтан, 2020 ж., 204 бет.

Физика заңдарына сүйенсек, серіппенің қозғалысқа түсуі үшін оны тек
бір рет түрту жеткілікті. Сол секілді «Бизнеске бағыт» атауындағы бұл
кітап сіздің сан ойланып, мың толғанған өз кәсібіңізді ашамын деген
ниетіңізді одан әрі шабыттандырып, табысты тұлға боламын деген
асыл мақсатыңыздың ойыңызда ғана емес, өміріңізде жүзеге асуына
түрткі болары хақ.
Ендеше, бұл кітап кәсіп ашамын деген арманыңызды қиялда емес,
шынайы өмірде іске асыруға көмек береді.

©Дәулет Төлеутайұлы

—2—

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)

Мазмұны
Алғы сөз...................................................................................................... 5
1-бөлім
Сіздегі «М.Е.Н» дұрыс па?......................................................................................... 8
2-бөлім
Қазіргі таңдағы өзекті топ-30 бизнес-жоспарлар мен оларды
жүзеге асырудағы алғышарттар .................................................................. 26
3-бөлім
«Instagram» арқылы бизнесті қалай дамытуға болады? ............... 82
4-бөлім
Дара кәсіпкерлік және Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті
тіркеу, қызметін тоқтату мен салық есептіліктерін тапсыру .........118
5-бөлім
Бизнес бастауға арналған бағдарламалар............................................170
Ешқашан кеш емес.................................................................................190
—3—

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)

Құрметті, Дәулетті оқырмандар!!! Алла зейіндеріңізді ашсын. «Бизнеске бағыт» кітабын оқып,
бизнес бастаңыздар!
Дәулет Төлеутайұлы баспанаға қатысты жеке
ақылы консультация жүргізуді тоқтатқанын жақсы
білесіздер... Жеке консультацияны Дәулет мырзаның шәкірті Ұлан Дәулетқали жүргізуде. Менеджері: 8-700-298-72-83 ватцап.
Ал Дәулет Төлеутайұлы жүргізетін «Dauletten»
мобильді қосымшасындағы ақылы видео-сабақтарға
кез-келген уақытта логин-пароль алып, көре
аласыздар. Ол үшін Бекарысқа ватцапқа жазасыз:
8-705-470-97-57

—4—

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)

Мың қайғының амалын,
Бір тәуекел бұзады

АЛҒЫ СӨЗ
Бала кезімнен «Бай болсаң, халқыңа пайдаң
тисін; Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін» дегендей
осы мақалды өміріме ұран етіп, санама терең бекіткен едім. Бұл кітаптың жазылу себебі де сол, байыса
қазақ байысын деген ой ғой.
«Қалай кәсіп ашсам болады?» деген Оқырмандарым үшін барынша, үлкені мен кішісіне түгелдей қарапайым тілде, мысалдармен, нақты түсіндіруге тырысып: кәсіпкерліктің не екенін пайымдаудан бастап,
ашатын бизнесіңізге қаражат көзін қайдан алуға болатындығына дейін, сәйкесінше бизнес ашудағы құжаттар мәселесін де қамтып, сондай-ақ әлеуметтік
желідегі табыс көзімен айналысуды да бүге-шүгесіне
дейін осы кітапта жазып отырмын.
Бизнес ашып, табысқа кенелген адам – айсберг
секілді. Айсберг көлемінің кішкене бөлігі ғана мұхит
бетінде көрініс табады, ал қалған 85-90%-ы судың
—5—

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
астында болады. Әлгі айсбергтің көрінбейтін 85-90%
суда жатқан бөлігі секілді дәл осы кітаптан, сіздер білмейтін табыс табуға болатын кәсіп түрлері мен оны
ашудағы сан түрлі құпияларды білетін боласыздар.
«Бағыт беру Дәулеттен, әрекет ету сіздерден»
деп, үнемі айтатынымдай, бұл кітапты оқу арқылы
кәсібіңіздің кілтін тауып, табысты жандар қатарынан
көрінуіңізге себепші болу менің басты мақсатым.
«Бисмиллаһ» деп тәуекел етіңіз!
Әрекетке – берекет!

—6—

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)

І бөлім
Сіздегі «М.Е.Н» дұрыс па?

—7—

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)

Сіздегі «М.Е.Н» дұрыс па?
Кез келген белгілі бір нәтижеге жету үшін
адамдарға алдымен мақсат қойып, сосын сол мақсатқа
жету жолында аянбай еңбек ету керектігі баршамызға
белгілі. Бірақ барлық адам сол мақсатты қойып,
еңбек еткісі келмейді. Жетістікке жеткен адамдардың
барлығы дерлік аспаннан түскен ақ алтынға шомылып
күн көріп жатыр деу ақылға сыймайтын дүние.
Әлеуметтік желіде көптеген оқырмандарымнан
түрлі сауалдар келіп жатады. Сол көп сауалдың негізгі
жиынтығы: қалай тез табысты болуға болады?
Нәтижеге қол жеткізе алмай жүргендердің екі
түрі болуы мүмкін:
Біріншісі өздерін нақты мақсатым бар деп
алдап, жүйесіз өмір сүретіндер. Көпшілік адамдар
өздерінде нақты мақсат бар деп ойлайды. Бірақ
оларда тек үміт пен талпыныс қана бар. Нақты
мақсатсыз жасалған дүние ауаға атылған оқ сияқты.
Нысана жоқ – нәтиже жоқ. Өзін үлкен іс тындырып
жүрмін, мақсатым бар, әйтеуір бірдеңе істеу керекпін
деп алдаусыратқанша, шындыққа тура қарап, ештеңе
жасамай жүргенін мойындап бәрін басынан бастау
қажет. Кішкене қадамдар жасаудан еш ұялмау керек.
Теңіз тамшыдан құралады, әр адамның жетістікке
—8—

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
жетуі де дәл солай ірілі-ұсақты әрекеттерден тұрады.
Бастысы бір орында тұрып қалмау.
Екіншісі жетістікке жеткен адамдардың
«Бәке, Сәкелері» бар, олар тумысынан жетістікке
жету үшін жаратылған, ал мен жай ғана
жолы болмағандар қатарынанмын деп өздерін
ақтайтындар.
«Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?»
Жақсы өмір сүргіңіз келсе, сіз де қол қусырып
отырмай әрекет етіңіз. Адамның жасағанын адам
жасайды. Авраам Линкольн бірде былай деген екен
«Мақсатына жеткендер, басқалардың да өз мақсатына
жете алатынының айқын дәлелі». Қазір жоғарыда
отырғандар кезінде олар да төменде болған, демек,
сіз де жоғарыға шыға аласыз.
Қазір ХХІ ғасыр – ақпараттар заманы. Білім
алыңыз, дамыңыз, ізденіңіз. «Анау жаман, мынау
жаман» деп барлығын теріске шығара берсеңіз
ешкім сізге өз жақсысын алып келіп бермейді.
Өзіңіз әрекет етпесеңіз, ешкім сізді жарылқамайды.
Өзіңіз орныңыздан тұрып, жұмыс жасаңыз, сонда
ғана пайда көресіз, өзіңіз қалаған өмірді сүресіз.
Қазір «үйде отырып миллион тап, үйден шықпай
кәсібіңді жүргіз, ештеңе салмайсың тек аласың»
дейтін сөздердің көбейіп кеткені рас. Бұл адам айтса
нанғысыз нәрсе. Қойған мақсатыңа жету: оқу, үйрену,
тәжірибе, ерен еңбекпен келетін дүние. Мысалы,
университет қабырғасындағы жүйе мынандай:
студент оқытушының келіп бірнәрсе үйреткенін
—9—

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
күтпей керісінше өзі оқытушының соңынан жүгіріп,
сұрап, қосымша кітапхана, интернеттен ізденіп
үйренуі тиіс. Яғни дайын нәрсені ешкім алдыңызға
алып келмейді, өзіңіз соны алу үшін талпынып,
ізденесіз. Ешкімге мүмкіндік берілмейді, мүмкіндікті
өзіңіз аласыз. Ата-бабаларымыз тал бесіктен жер
бесікке дейін, ілім үйреніңдер деп бекер айтып
кетпеген.
Барлығы бақытты өмір сүргісі келеді, бай
болғысы келеді. Онда неге бәрі бай-бақуатты болып
кетпейді?
Жауабы – біреу. Әрқайсысы әр түрлі дәрежеде
еңбек етеді.
Өзіңіз қалағандай өмір сүрудің бір ғана
формуласы бар:

Мақсат+Еңбек=Нәтиже
Арықтағыңыз келе ме? Мақсат қойыңыз да,
еңбек етіңіз!
Көп ақша тапқыңыз келе ме? Мақсат қойыңыз
да, еңбек етіңіз!
Жақсы жерде демалғыңыз келе ме? Мақсат
қойыңыз да, еңбек етіңіз!
Мақсат қойып алып әрекет етпеу – жалқаулық.
Мақсатсыз бей-берекет еңбек ету – жүйесіздік. Ал,
жүйесіз жасалған дүние керемет шығуы екі талай.
Мақсат қойғанда ақылға сыймайтын ертегі жазып
кетпеу керек. 100 келі салмақпен биыл Токиода өтетін
— 10 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
жазғы спорт олимпиадасына қатысамын деу күлкілі
көрінетіні сияқты айға ұшамын, 80 мың жалақымен
Нью-Йорктен пәтер сатып аламын деген секілді
армандар мақсат бола алмайды. Нақты мақсат қоя
білу де өнер. Алдымен өзіңізге ең қажетті деп тапқан
межеңізге жетер жолды бағамдап алыңыз. Содан
кейін сол бойынша әрекет етіңіз. Егер дәл осы бағытты
ұстанар болсаңыз, мақсатыңыз орындалып, жемісін
көре бастауыңыз шарт.
Мысалы, үй алуым керек деп жалпы мақсат
қойғаннан гөрі, қай қаладан, қандай көшеден, неше
бөлмелі, шаршы ауданы қандай, қаражатын барлығын
есептеп қою керек. Бұл сіздің ең үлкен мақсатыңыз.
Осыдан барып кішігірім баспалдақтарын ойластыра
бастайсыз.
Мақсатқа жетуді биік тауға балау керек. Тауға
шыққанша мың жығылып, мың сүрінесіз, аяққа
қайта тұрып ары қарай жүресіз. Мақсатыңызға
жеткенше де тәуекелге барасыз, шаршайсыз әйтсе
де ары қарай әрекет етесіз. Мақсатыма оңай жетемін
деу ақымақтық. Оңай олжа тез дайындалатын тағам
секілді. Бастапқыда тез дайын болғанына қуанып
жеп аласыз, қайта-қайта жегіңіз келіп тұрады, бірақ
соңында денсаулығыңызға зиян екенін түсінесіз.
Мақсатқа жету үшін жоғарыда айтып өткендей тек
еңбек ете білу керек.
Біздің қазекеңнің неге бай адам десе төбе шашы
тік тұрады екен? Жалпы, ауқатты адамдар жайлы
жақсы сөзге сараңбыз, есесіне еңселі үйі мен оған
кіріп-шыққан көліктерін көрген сайын көзімізге бәле
көрінгендей, «осылар ақшаны қайдан алады екен?!»
деп іштей күмілжіп қалатынымыз жасырын емес.
— 11 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
Сонда, кедейдің кедей болғанына бай жазықты ма?
Яғни, байығанның бәрі жемқор ма? Санамызға бай
жайлы, байлық жайлы жаңсақ пікір сіңіп қалған.
Бай деген қарны жуан, құлқыны терең, қара бастың
қамын ғана күйттеген, алдындағы малын санаудан
ғана ләззат алатын ашкөз біреу... Қазақта «бай болсаң,
Бапақтай бол, Азынабай, Сапақтай бол» деген сөз
бар. Халқымызда бай–бақуатты адамдар жеткілікті
болғаны тарихтан белгілі. Соның бір дәлелі, қазақта
«Байдың тасуы» деген дәстүр болған. Дәулеті тасыған
бай соны берген Жаратқанға алғыс ретінде бір апта,
кейде тіпті он күндей елге мал таратқан екен. Мал
алушылар сондай құрметті дәрежеге көтерілсем деп
ырымдап алады екен. Яғни, «байлық қазаққа тән
емес» деген ойды миымыздан шығарып тастауымыз
керек.
Адам дүниеге келген кезде не бай не кедей болып
тумайды. Ол адам болып туады және адам болып
өледі. Бірақ осы өмір мен өлім арасындағы ғұмырын
ол өзі жасайды. Себебі ешкім сізге бәрін дайындап
бермейді. Ал жақсы өмір сүру үшін жақсы адам болу
ғана жеткіліксіз. Жақсы адамның да жақсы жұмысы,
табысы, еңбегі болу керек.
«Ауруын жасырған өледі» демекші, ашығын
айтуымыз керек, бүгінде біз тәуелсіз ел болсақ та, әлі
сол кедейлік психологиясынан арыла алмай отырмыз.
Бізге бәрін біреу беру керек секілді. Мәселен, жұмыс
беруші жалақысын жоғарылатуы керек, мемлекет
үй беруге тиіс, бағалар төмен болуы шарт, сондай-ақ
көптеген қызмет тегін болуы тиіс! Ең арзан киім, арзан
тамақ, әйтеуір арзан атаулыны іздеп, кейде әлдебір
— 12 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
затты сәл арзандау алу үшін сағаттап кезек күтуге
бармыз. Таныс психология ма? Көбіміздің осылай
ойлайтынымыз өтірік емес қой? Аталған қасиеттердің
барлығы кедейлік психологиясына тән белгілер екен.
Ал кедей болсаңыз, ол сіздің өз қателігіңіз. Себебі сіз
көптеген әдеттерден арыла алмайсыз. Кедейліктің ең
бірінші себебі ақшаның жоқтығы емес, сіздің ниетіңіз
бен өмір сүру қағидаңыз. Адамдар қашанда байлыққа
ұмтылып, бақуатты өмір сүргісі келеді. Алайда,
көптеген жандардың кедейлік психологиясынан
арыла алмайтыны да бар. Осы кедейлікке келтіретін
әдеттер мыналар:
Кедейлікке алып келетін ең бірінші әдет өзіңді аяу.
Яғни көпшілік ортадан өзіңді бөлек ұстау, қымбат
жерге барудан қашу, іштей ұялу, қысылу сезімдері
сізді алға ұмтылуға жол бермейді. «Менің жағдайым
қайдан болсын», «менде жоқ», «шамам жетпейді»,
«ол үшін ақша керек», «бай емеспін» дейтін жауыр
болып кеткен сөздерден қашыңыз.
Кедейлер қашанда кінәлі адамды іздейді.
Кедей адам ешқашан өзіне жауапкершілік
алмайды. Ол өзінің сәтсіздігіне үнемі әріптестерін,
басшылықты немесе жүйені кінәлай салып, өз
жеңілісін мойындаудан қашады. Көптеген адам:
«олар болмағанда мен табыстырақ болар едім» деп
ойлайды.
Шешім қабылдай алмау.
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген халық
— 13 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
даналығын ешкім ұмыта қойған жоқ. Әйтсе де, ұзақ
ойланып, бір шешімге келе алмау да сізге кедергі
келтіреді. Алға қадам жасаудан қорықпайтын адам
жеңіске жетеді. Ал кедейлік санадағы адам уақыт
созып, өз ойына келген идеяларды жүзеге асыра
алмайды.
Өзінің дамуына ақша салғысы келмейді.
Көп жағдайда тегін тренингтер мен семинарларға
қатысқанды жақсы көреді. Нәтижесінде, көп пайдасы
жоқ жиындарға уақыт жұмсайды. Әрі қарай даму
мұндайда көп байқала бермейді.
Өз мәселелерінің түбірін қоршаған ортадан
іздейді.
Кедей отбасында дүниеге келгені, географиялық
жағдайының дұрыс еместігі, қажетті білімді игере
алмауы – мұның бәрі өсіп, дамығысы келетін адамға
шектеу емес. Кедейлік санадағы адам өзін-өзі аяудың
түрлі әдістерін ойлап табады. Ақшаның жоқтығы
көптеген негативті жайттарға әкелетіні жасырын
емес. Байлар секілді ойлайтын адам сәтсіздікті
кезекті өмір сынағы ретінде қабылдап, алға басады.
Ол бұл үшін өмірге өкпесін айта жөнелмейді. Кейде
ішіңдегіні ақтарып салған да артық емес, алайда,
бұдан әмияныңыздағы ақшаның көлемі де өзгермейді.
Кедей адамда қаржылық стратегия жоқ.
Оның басты қағидасы – тапқан ақшасын тезірек
жаратып жіберу. Байлар болса, еңбекпен келген
ақшасын жинағанды жөн көреді. «Ақша жоқ болса,
мен қалай инвестиция жасаймын?» деген сөзді
— 14 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
ұмытқан дұрыс. Себебі, болашағын ойламаған адамда
ғана ақша болмайды. Ақшаны көп тапқан емес, дұрыс
жаратқан адам байлыққа кенеледі.
Ақша бітсе, уайымға салыну.
Тұрмыстың билігі санаға жүріп тұрған шақта,
ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Дегенмен барлық
нәрсенің кілті ақшада емес. Егер қалтаңызды көк
тиын қалмай қалса, уайымдап, қобалжудың қажеті
жоқ. Себебі бұл әдетке айналып кетсе, сіз ақша бітсе
болды қарызға кіруге асығып тұрасыз. Ал қарызға көп
байланған сайын сіздің баюға деген құлшынысыңыз
жоғалады. Әр тапқаныңызды қарызға берсеңіз, сіз
қашан байлыққа кенелесіз?
Аз кірістен көп шығын жасау.
Шығынды есептеңіз. Себебі кіріс аз болса, немесе
белгілі бір орташа көлемде болса соған қарай икемделу
керек. Адамдардың кедейлікке ұрынып қалатын
тағы бір себебі де осы. Олар көп шашылып, аз қаржы
табады. Есебін жасамайды. Сондықтан кіріске қарай,
шығын жасаңыз. Жалақыға бір күн емес, әлі бір ай
өмір сүру керектігін ұмытпаңыз.
Осы әдеттерден гөрі ақша табудың қосымша
жолын қарастырып, әлгіндей тірлікке кеткен уақытын
одан да сол екінші жұмысқа кетірсек басқаша нәтиже
болушы еді. Қазақтың бай қуатты болуына ең бірінші
кедергі болып отырғаны – осы мәселе. Көбіміз
«Шіркін, байып кетсем», «Беделді, атақты болып
кетсем», «Қымбат көлік алсам», «Жақсы киінсем»
менен асқан бақытты адам болмас еді дейміз.
— 15 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
Кез келген адам миллионер болуды, қаржылық
сауаттылықты, ақша жинақтау жолдарын білгенді
қалайды. Алайда әрекеттері үнемі сәтті бола бермейді.
Адамдар қарапайым нәрселерге назар аудармайды.
Ал әлемдік тәжірибе бұл ережелерді сақтау керектігін
айтады. Сонымен, ақша тауып, кәсіп ашқыңыз келсе,
ең алдымен өзіңіз мына кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке бюджетті бақылау.
Иә, бұл жалықтыратын әдет болып көрінеді.
Бірақ, нағыз бай адамдар өздерінің кірісімен қатар
шығыстарының да нақты көлемін біледі. Қаражаты
көбейген сайын есепке де мығым болады.
Өз уақытыңызды дұрыс жоспарлау.
Бұл
құнды ресурсты дұрыс қолданса,
айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.
«әлеуметтік желінің пайдасы жоқ, тек уақытымызды
ұрлайды» дейміз, бірақ дұрыс пайдалансақ зиян емес,
керісінше пайдалы. Таңнан кешке дейін керексіз
парақшаларды ақтарып, айдаладағы біреудің өмірін
бақылап, пікір жазып отырсақ, әрине, зиян. Ал
өзімізге қажетті ақпаратты ала білсек, пайдасын көре
аламыз.
Өршіл мақсаттар қою.
Бай адамдар өз уақытын ұйымдастыруға көп
көңіл бөледі: миллионерлердің 81%-ы өздерінің
істерінің тізімін ретімен жүргізеді. Демек, алға
қойылған мақсат пен оған жету жолында жақсы
ойластырылған қадамдар шын мәнінде нәтиже
береді. Мәселен, атақты кәсіпкер, миллионер Ричард
— 16 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
Брэнсонның алдына қойған мақсатына жетпейінше
жаңа істі бастамайтын жақсы әдісі бар екен.
Бастапқыда бұл әдісті әдетке айналдыру мүмкін емес
секілді көрінеді, алайда талпынған адам мақсатқа
жетеді. Жоғарыда көрсеткен мысал оның айқын
дәлелі.
Өзіңді дамыту үшін ақшаны аямау.
«Адам үнемі өзін дамыту керек» деген сөзді
әрбір миллионердің кеңесінен байқаймыз. Себебі,
қаншалықты көп білсең, соншалықты мүмкіндікке ие
боласың. Демек, жан-жақты даму үшін қаржы салуды
әдетке айналдыру керек. Осы тұста миллионерлердің
тағы бір әдетін атап өтейік. Ауқатты адамдар ақшаны
рахат өмір сүру құралы емес, ең алдымен, жинақ пен
инвестиция деп есептейді. Сондықтан, ай сайынғы
табыстың кемінде 10%-ын жинақ шотына салуды
ұмытпаңыз. Бай адамдар тіпті көп қаржы бөледі екен:
олар өз табысынан 20%-ға дейін инвестициялайды.
Көптеген сарапшылар «50-30-20» ережесін ұстануды
ұсынады. Бұл дегеніміз, 50% табысты ең қажетті
нәрселерге жұмсайды, 30% — жаңа киім немесе саяхат
сияқты заттарға және қалған 20% жинақ шотына
салады.
Өзіңе жұмыс істеу.
Статистикалық
деректерге
сәйкес,
миллионерлердің 2/3 бөлігі жеке кәсіпкерлер.
Сондай-ақ, The Economist деректері бойынша,
миллионерлердің жартысынан астамының өз бизнесі
бар, олардың тек 16%-ына ғана байлық мұраға қалған.
Сонымен қатар, миллионерлер бір жерден ғана табыс
— 17 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
табуды жөн көрмейді, сондықтан бірнеше кіріс
көзінен пайда алуды әдетке айналдарған.
Ақшаға негізгі мақсат емес, құрал ретінде
қарау.
Қазіргі миллионерлердің ортақ ерекшелігі
— ақшаға табынбау. Олар мақсаттарына жетуге
тырысады, ал ақша сол жолдағы бонус іспетті.
Сондықтан, өмірдің мәнін ақшадан іздеудің қажеті
жоқ, тек бөлшек ретінде қараңыз. Ал бай адамдардың
қатарына тез қосылуға көмектесетін ең нәтижелі
әдет — өз ісіңді сүю. Қолға алған жұмысыңызды
махаббатпен жүргізсеңіз, ерте ме, кеш пе адам міндетті түрде бай болады.
Талай сөздің төрелігін айтып, шешендігінің
арқасында күрмеулі істің шешімін
Кәсіп болмай тапқан Төле би өз заманында
нәсіп болмас «Кәсіп болмай нәсіп болмас»
деп
кәсіпкерліктің
пайдасын
пайымдап кеткен екен. Иә, расында да бүгінгідей
нарықтық заманда жеке кәсіп ашып, шаруаның
шырайын келтірмесеңіз бір жалақыға жалтақтап
отыру тиімсіз.

Бизнеспен айналысқыңыз келе ме?
Темірдей төзім мен тәртіп иесі болуға міндеттісіз.
Өз ісін бастағысы келетіндерге мына төмендегі
қағидаларды ұстанған жөн:
Бос уақытыңыз болса да, бос отырмаңыз.
Кәсібін жаңадан бастаған жан болсаңыз, бос
— 18 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
уақытыңыз табыла қалса, құр жібермей пайдалы
кітап оқып, өз салаңызды жете зерттей түсіңіз.
Қолыңыз тие қалса болашақ жоспарларыңызды қайта
қарастырып, бүге-шегесіне дейін бір қарап шығыңыз.
Іздену ешқашан артықтық етпейді.
Пайдаға емес, сапаға жұмыс жасаңыз.
Сіз өз бизнесеңізді жақсы жаққа қарай, сапалы
бағытта дамытсаңыз бизнесеңіз өзінің пайдасын
бере бастайды. Тұтынушылар сіздің тауарыңызды
іздеп жүріп сатып алатындай әсер қалдырсаңыз,
пайда шаш етектен боларына кепіл беремін. Сіздің
арманыңыз бәсекелестерден ерекшеленуі керек.
Сапа және қызмет көрсету сіздің бизнесіңіздің негізгі
буыны болуы керек.
Есептеу – табыс кілті.
Сіз өзіңіздің тауарларыңыз бен қызметтеріңіздің
кіріс, шығындарын дұрыс есептеуге мұқият болуыңыз
керек. Американдық «Wal-Mart» деген компания
бөлшек сауда дүкендері арасында өзінің кірістері мен
шығындарын сауатты есептегендерінің арқасында
бірінші орында тұр. Тауарыңыздың сатылуы немесе
қоймада қалдық болып сатылмай қалып кетуі
бизнестегі біліміңізге тікелей байланысты.
Оңтайлы шешім қабылдау.
Кәсібіңізді домалатудың тағы бір құпиясы – тез әрі
тиімді шешім қабылдау. Мәселен, сіз тауарыңыздың
сақтау мерзімі өтіп кетті деп қол қусырып қарап отыра
бермейсіз ғой, дұрыс па? Ары қарайғы әрекетіңіздің
қандай болатынын болжап, шешім қабылдауыңыз
— 19 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
керек. Бұл тәжірибемен келетін білім. Бизнестегі
барлық шешімдер жауапкершілікпен қабылдануы
керек. Ота жасау үстеліндегі науқастың өмірі хирургқа
байланысты болса, кәсібіңіздің болашағы сіздің
қабылдаған маңызды шешімдеріңізге байланысты.
Қиялға берілмеңіз.
Белгілі бір бастаманың лезде аяғына тұрып
кетуі екіталай. Әр нәрсе бастапқы кезеңінде уақыт
пен шыдамдылықты талап етеді. Сіз біраз қателік
жіберуіңіз мүмкін, олардан шошынып, қаша
жөнелмей, нәтиже шығарып, сабақ алуға тырысуыңыз
керек. Бизнесті бастағаннан бастап бірден ақшаға
«көміліп» қаламын деген қиял-ғажайып ойды
есіңізден шығарып тастауыңыз тиіс, бірақ сіз пайда
табатыныңызға сенімді болыңыз. Сіз, ерте ме, кеш пе,
жеңесіз!
Шыдаңыз.
Алға қойған мақсатыңыздан тайқып, күдеріңізді
үзе бастағанда, шыдамдылық танытыңыз. Көп
жағдайда адамдар сынақтың қырқына шыдап, қырық
бірінде артқа қайтады. Мұндай жағдайға қалмас
үшін, жоғарыда аталған кеңестердің бәрін ескеріп,
осы соңғыны үнемі жадыңызда сақтап жүрсеңіз,
дегеніңізге жетесіз деген сенімдемін.
Бәріне дайын болу.
Сіз кез келген қиындыққа төтеп беруге дайын
болуыңыз керек. Күндіз-түні жұмыс істеу жеткіліксіз
болуы мүмкін. Ай сайынғы тұрақты жалақы туралы
ұмытуыңызға тура келеді. Сіз бәріне дайын болған
— 20 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
кезде ғана сәттілік серігіңіз болады.
Жалпы, бастапқыда ашылған кәсіпті жаңа
деңгейге көтеріп «айналдыру» үшін шамамамен
екі жыл уақыт кетеді; сосын кәсіпті бастауға алған
несиелерді жабу үшін тағы да екі жыл кетеді; ары
қарай жоғары дәрежеге жеткізу үшін шамамен тағы
үш-төрт жыл. Көп адамдар ойлауы мүмкін «осы
өзімізді шаршатып, ақшамызды салып, шығынға
ұшырап бизнес ашудың керегі не? Бір айлықпен де
күн көрерміз» деп. Менде бір ғана жауап бар: Уақыт
өте береді. Сіз өткізген бес жылдан кейін сіз бар
болғаны бес жасқа қартаясыз. Уақыт өте келе бір
айлыққа қарап, жалақысын санап отыратындардың
қатарынан табыласыз ба немесе өз кәсібіне өзі қожа
адамдардан боласыз ба? Таңдау еркі, әрине, өзіңізде.
Жеке кәсібін бастауды ойлаған адамдарда
алғашқы қадамдарын бастауға кедергі болатын түрлі
проблемалар бар. Олардың ішіндегі ең бастылары:
көшбасшылықпен, қаражатпен, бәсекелестікпен, әрі
қарай даму үшін жоспар дайындаумен байланысты
сәтсіздіктер туралы көптеген қорқыныштар. Бізде
көпшілігі инвестицияланған ақшаны жоғалтып
алудан қорқып өзінің жеке жобасына ақша салмай,
басқа керексіз дүниелерге жұмсап жатады. Бизнес
тәуекелділікті талап ететінін ұмытпағанымыз
жөн. Тек бизнесті «айналдыруды» ойлай бермей,
психологиялық дайындық туралы да ұмытпау
керек. Кәсіпкер бизнесті дамытудың алғашқы
кезеңінде әр түрлі бағытта жұмыс істеуіне тура
келеді. Сарапшылардың, экономистердің, тәжірибелі
кәсіпкерлердің пікірінше, ХХІ ғасырда бизнеске тек
— 21 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
шығармашылық идеямен келу керек. Сондай-ақ
алғашқыда бір бағытты дамытуға ғана инвестиция
құю қажет. Көптеген идеяларды қатарынан жүзеге
асырамын деп, бастапқы қарқыннан айырылып
қалуыңыз ғажап емес. Үздіксіз даму және өзін-өзі
жетілдіру – бизнестегі маңызды факторлардың
бірі. Кәсіпкер үнемі өсіп, өз бизнесін дамыту үшін
жаңа идеяларды іздеуі керек, өзін психологиялық
тұрғыдан жаңа бетбұрыстарға, басқару барысындағы
өзгерістерге және проблемалар туындаған жағдайда
өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеуі тиіс.
Өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің ойынша,
табысты кәсіпкерлер қателеспейді деген пікірде.
Бұл қате түсінік. Ештеңе істемеген адам ғана
қателеспейді, ал белгілі бір іспен айналасатын
адамның қателесуі қалыпты жағдай. Біздің бірден бір
қателігіміз, кішкентай болса да, өз ісімізді бастауды
ойластырмаймыз. Қазіргі таңда өз ісін қолға аламын
дейтін жандар үшін
арнайы тренингтер мен
курстар жетерлік. Кез келген істі бастаудың өзіндік
қиындықтары болатыны түсінікті.

«Көз – қорқақ, қол – батыр» деген,
артқа қадам жасауға асықпаңыз.
Сіз бәрін байқап көру арқылы, ненің жақсы,
ненің жаман екенін біле аласыз. Тек бір сарынды
өмір сүрсеңіз бұл өмірден өз еншеңізді ала алмай
кетесіз. Жалқаулық – тәнге рахат сыйлап, жанға жара
салатын кесел. Абай атамыз жетінші қара сөзінде
«ішсем, жесем, ұйықтасам дегендер тәннің құмары
демеп пе еді? Жалқаулықтың көксегені де сол ішсем,
— 22 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
жесем, ұйықтасам. «Алма піс, аузыма түс» деген
арам ойдың айналасы. Жалқаулық пен еріншектік
ар деген асыл қасиеттен айырады. Арлы адам деген
ешкімнен қол жайып ештеңені сұрамайтын, өзге
біреудің көлеңкесінде өмір сүруді қаламайтын жан.
Жалқаулық кедейліктің көктейтін мекені. «Жұмысы
жоқтық, қарыны тоқтық, аздырар адам баласын»
дегендей, бұл өмірге тек ішіп-жеу үшін ғана келген
жоқсыз.
Мен көрмегенді — балаларым көрсін деп жататын
адамдар болады. Алайда балаңыздың табысты
болып өсуі сіздің тәрбиеңізге байланысты екендігін
ұмытпағайсыз. Әрдайым балаңызға табысты болу
адамға қандай мүмкіндіктер беретіндігі жайлы
айтып жүріңіз. Мысалы: «миллионер болсаң — өзің
сүйіп ойнайтын футбол мектебін аша аласың» немесе
«ақшаң көп болса — қалаған мемлекетті аралауға
мүмкіндік аласың». Балаңызға кішкентай күнінен
адамдарды жақсы көруді үйретіңіз. Табыстың
кілті — өзгелердің қиындықтарын шешуде екенін
түсіндіріңіз. Балаңызға ақшаны күнделікті емес,
айына немесе аптасы бір рет беріңіз. Келесі рет берерде
алдыңғы ақшасын қалай және неге жұмсағандығы
жайлы есеп алыңыз. Егер алдыңғы ақшадан үнемдеген
болса, ынталандыру ретінде үнемдеген соммасына
тағы да қосып беріңіз. Бұл арқылы балаңызды жас
күнінен ақша ұстауды, оны дұрыс жұмсай білуді
және үнемдеуді үйретесіз. Осылайша сіз болашақ
миллионерді тәрбилейсіз.
Адам баласының барлығы да жетістікке жетуді
қалайды. Ойлайды, армандайды, мақсат қояды.
Ойлаған нәрсені іске асыру ләзім. Мақсат – арманға
— 23 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
жету жолындағы баспалдақтар деп алайық. Әр сатыны
басқан сайын арманыңызға жақындайсыз. Кез келген
істі ең әуелі бастау керек. Адал, әділ болыңыз. Жұмыс,
табыс – тіршіліктің құралы. Тек қана ақша, мансап,
атақ қуалап кету дұрыс
емес. Осы аталғандар Мақсат – арманға жету
үшін
материалдық
және
рухани жолындағы баспалдақтар
құндылықтарды сарп
етушілерден болмау керек. Қай істе, қай жағдайда
болмасын, көшеде, жұмыс орнында не істесеңіз
де осы қағида бойынша әрекет етсеңіз, өзіңізге де,
отбасыңызға да, қоғамға да пайдаңыз тиері ақиқат.
Еврейлерде «Егер сен сондай ақылды болсаң,
неге кедейсің?» деген сөз бар. Әрине, ақша деген
қолдың кірі. Бірақ оның болмағанынан болғаны
жақсы дегенге келісетін шығарсыз?

Сонымен дұрыс табыс таба алмаудың ең басты қателігі:
сіздегі ішкі «М.Е.Н»-іңізді дұрыс таңдамау екен. Дәлірек айтсақ,
мақсатымыз дұрыс қойылмаған соң, еңбек оңды болмайды.
Еңбек өнбегеннен кейін, нәтижеге қол жеткізе алмаймыз.
Өзіңіздің «М.Е.Н»-іңізді дөп басып анықтап, жұмыс жасасаңыз әрекетке-берекет болары сөзсіз!



— 24 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)

ІІ бөлім
Қазіргі таңдағы өзекті
топ-30 бизнес-жоспарлар мен
оларды жүзеге асырудағы
алғышарттар

— 25 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)

Қазіргі таңдағы өзекті топ-30 бизнесжоспарлар мен оларды жүзеге асырудағы
алғышарттар
Алғашқы бөлімді кәсіп бастаудағы сіздің өзіндік
«М.Е.Н»-іңізді табуға әрекет еттік. Ендігі нысана
табыстылар қатарынан сіз де көріну үшін топ-30
бизнес-жоспар түрлерін ұсынып отырмын.

Бизнестің табыс құпиясы өте қарапайым.
ол — дұрыс таңдалған бағыт.
Адамдар өз жеке кәсібін ашу туралы немесе шағын
бизнесін кеңейту туралы көп ойланады. Бірақ
бастама қаншалықты табысты болады? Қандай сала
танымал? Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны
бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті
іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің
ауқымымен еңсені басады. Бұл бөлімде бизнесжоспарды жасауға байланысты барлық негізгі
аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген
нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді.
Ең басты еркеретін жайт бизнес пен тәуекел егіз
ұғым секілді. Ешқандай да табысқа жетудің арнайы
— 26 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
құпиясы жоқ, тек олар «Сізден ерте бастағандар»
екенін біле жүріңіз. Сондықтан көп ойланбай
«тәуекел» деп өз кәсібіңізді ашыңыз.

— 27 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)

Шаштараз ашу
«Аман болса басым, өсе берер шашым» деп қазақ
бекер айтпайды. Расында шаш адамның негізгі көркі.
Қай шаштаразға барсақ та, кезек күтіп отыратынымыз
жасырын емес. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет
шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз
бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы
барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».
Неден бастау керек? 
• Ғимарат
пен
жалдамалы
қызметкерлер
таңдаудан бастау керек.
• Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын
деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп,
сәйкесінше сертификат алу қажет.
• Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу
тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады.
Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып»,
болашақ
өзіңіздің
шаштаразға
келетін
клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. 
• Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі
қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым
жоғарырақ.
Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды
болуы маңызды емес, жалдауға немесе қаланың
айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша
жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен
екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы
таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық
туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел
кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз.
— 28 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)
Ғимаратты таңдауға ерекше мән берген
дұрыс, орташа бағадағы шаштараз үшін
ең жақсысы – автобус аялдамасына жақын
орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға
алу.
Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын
үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін.
Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын
емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған
жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз
тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік
қабаттына ғана орналаса алады. Жертөледе (подвал)
шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз
ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан
және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу
бойынша стандартты процедуралардан өту қажет.
Қызметкерлер. Жалдамалы қызметкерлерді
таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық
дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен,
әсіресе, әйелдер қауымына арналған шаштараз ашатын болсаңыз, коммуникативтілігіне де мән беріңіз. 
Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте
ауқымды – бұл шаш қысқартудың, бұйралаудың,
сәндеудің, шашты
емдеудің
әртүрлілігі.
Шаштараздың бизнестің
аралас
түрлерін
ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін естен
шығармау керек, мысалы, онда шаш және тырнақ
күтімі үшін қажетті тауарларды сатуға әбден болады.
Сонымен қатар, қосымша табыс табу үшін шаштараз
ішіне өз кезегін күтіп отырғандарға арналған кофе
— 29 —

Баспана жайлы Ұланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (WhatsApp)
және басқа да сусындары бар сауда автоматтарын
қоюға болады.
Шаштаразды бәсекелестерден ерекшелейтін,
клиенттеріңізге жағымды, ұнайтын ұсақ-түйектерге
де мән беріңіз. Клиенттеріңізге сапалы қызмет
көрсету, жақсы, жылы шырайлы мамандардан басқа
не ұсынуға болады? Клиенттер үшін екі параметр
өте маңызды: қолайлылық және өзіндік қайталанбас
атмосфера, яғни телефон арқылы жазылуға
мүмкіндік, желдеткіш, күтіп отыруға ыңғайлы
орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды
әуен, қызықты безендіру, тірі гүлдер және т.б.
Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар.
Жабдықтарды таңдауда баға мен сапаның оптималды сәйкестігіне сүйену керек.  Сізге құрал-жабдықтардың ішінен мыналар қажет: құрғатқыш,
шаш қысқартатын машинка, фен, айнасы бар шкафтумбочка, гидравликалық кресло, креслосы бар
жуғыш, айна. Сондай-ақ, сіз мынадай жабдықтар
мен заттарды алуыңыз керек: әртүрлі формадағы
тарақтар, массажды тарақ, қайшылар, шаш бояулары,
сабынсулар (шампунь), химиялық бұйралауға
арналған заттар, бигудилер (ірісі, орташасы,
ұсақтары), шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск,
пенка), сүлгілер мен жамылғылар.
Жарнама. Маңдайша жазу өзінше жарнаманың
бір түрі деуге болады. Ол қымбат болмаса да болады,
бірақ міндетті түрде стильді, зейін аударарлықтай болуы керек. Жақын маңдағы үйлерге, адамдар легі көп
жерлерде жарнамалық парақшалар таратуға болады.
Шаштараз үшін ең жақсы жарнама – көрсететін қызметтің сапасы.
— 30 —

dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін: 8-705-470-97-57 (WhatsApp)

Фотостудия ашу
Нарықта өте табысты әрі кең етек жайған кәсіп
түрі. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін
фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың
саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру
үшін әлі болса да жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет
түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену
тойлары мен басқа да мерекелік  шараларда жұмыс
істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны о
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!