400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дауыс апаратының жасқа байланысты ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәріске қосымша
Материалдың қысқаша нұсқасы



Дауыс апаратының жасқа байланысты ерекшелігі.

Дауыс аппаратының жас ерекшеліктері көмейдің құрылысымен анықталады. Балаларда көмей өте тез өседі, әсіресе баланың өмірінің бірінші жылында, содан кейін жыныстық жетілу кезінде. Балалардың көмейінің құрылымындағы жыныстық айырмашылықтар үш жасқа дейін болмайды және 10 жасқа дейінгі бастауыш мектеп жасындағы балаларда айқын байқалады. 11-12 жаста дауыс байламдарының өсуі жеделдейді. Ұлдарда олар қыздарға қарағанда ұзарады (ұлдар үшін - 1,3 см, қыздар үшін - 1,2 см). 20 жасқа қарай ұлдарда олар 2,4 см, қыздарда - 1,6 см-ге жетеді.Көмейдің соңғы қалыптасуы өте кеш аяқталады - 20, кейде 30 жаста.

Дауыс. Сөз сөйлеуге дауыс қатысады.Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі.Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті,эмоциясы,еркі бағыттап отырады.Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байлынысты.Адам сөйлеуге ыңғайланғанда,ең алдымен ауа жұтады,одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады.Дауыс шымылдығының керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады. Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады.Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны-(сарыны)-обертондар да болады.Ол сөйлеушінің тамақ ,мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ.Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ,үні таза шығады. Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы)ұзақтығы ұшқырлығы екінші сөзбен айтқанда,дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі,басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады. Егер айналадағылардыңсөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз,дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігі мен жылысатынын байқайсыз.Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп,бір бәсеңдеп ауытқиды да,орташа қалыпқа (регистрге) түседі,тағы осылайша қайталанады…Бірақ бұл қалай болса солай емес,белгілі заңдылықпен жылыса отырып,сөйлеу мелодикасын (әуенін) түзеді. Дауыстың жоғары,орташа,төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді.Көркем сөз орындаушы,нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып,өз даусының мүмкіншілігін байқап,диапазонын анықтап,ширақ шығуын жаттықтыруы керек. Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн,сонда ғана оның жұмсақ,жылы лебі немесе керісінше,қатал,салқын үні нақышталады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 наурыз
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі