400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дауыссыз Б мен П. Сұхбат аламын

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда дауыссыз б мен п әріптері туралы түрлі жаттығулар қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қысқа мерзімді жоспар:



Мектеп:Ш.Абенов атындағы орта мектебі

Күні: 08.10.2020

Машықкердің аты-жөні: Қалиасқарова Толайым

Сынып: 2 «Б»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дауыссыз б мен п. Сұхбат аламын

Оқу мақсаттары

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөзін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оларға жауап беру;

2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету, толықтыру;

Сабақ

Мақсаттары

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді;

  • Көп нүктенің орнына п мен б әріптерін қойып жазады;

  • Мақалды оқып жатқа жазады;

  • Мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Критерийлері

  • Мәтінді оқиды;

  • Көп нүктенің орнына п мен б әріптерін қояды;

  • Мақалды оқып, жатқа жазады;

  • Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді;

Тілдік мақсаттар

П мен б әріптері.

Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларды әңгімелеуге, ойын ашық жеткізуге тәрбиелеу;

Пәнаралық

байланыстар

Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут
















Сабақтың ортасы 30 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға жылы лебіз білдіру. Амандасып, көңіл күйлерін сұрау. Сабаққа дайындау.

Қызығушылықты ояту.

«Иә-жоқ» Сұраққа жауап беру
- Қазақ әліпбиінде 42 бар. (Иә)
- Дауысты дыбыстар 3-ке бөлінеді. (жоқ)
- Әріптерді айтамыз, естиміз. (жоқ)
- Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә)
- Сөздегі буын саны дауысыз дыбысқа байланысты /жоқ/


І. Психологиялық дайындық:

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Сабағымызды бастайық!

10 – жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

(Мәтінді оқушылар іштей, тізбектей оқиды)

«Ауылда»

  • Мәтін мазмұны бойынша бір – біріңе сұрақ қойыңдар.

  • Қалай ойлайсың, Әсет ақ лақтан сұхбат алды ма? (Жоқ, себебі лақ жануар болғандықтан сөйлей алмайды)

  • Сұхбатты кімнен алады? (Адамдардан)

  • Мәтіннен п әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, астын сыз. (Туып, өсіп, іздеп, үйреніп, айналып, бақылап, сөйлесіп, күліп)

Қ.Б. «Үш шапалақ» арқылы.

Сұхбат алу дегеніміз – арнайы сұрақтар арқылы біреуден жауап алу.

11 – жаттығу. Көп нүктенің орнына П мен б әріптерін қойып, көшіріп жаз.

Әде...(п), тала..(п), до..(п), қора...(п), жі..(п).

Қ.Б. «Жақсы», «Жарайсың», «Өте жақсы».

12 – жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Талабы жоқ жас ұлың,

Жалыны жоқ шоқпен тең.

  • Балалар, мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар, егер талаптанып білім іздесеңдер, мақсаттарыңа жете білсеңдер, болашақтарың айқын болмақ.

Қ.Б. «От шашу» әдісі.

Сергіту сәті:

Бір, екі – еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш - төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.

13 – жаттығу. Мәтінді тыңда.

«Өнегелі отбасы»

  • Досыңнан отбасы туралы сұхбат ал.

  • Б
    асқатырғыны шеш. Ол үшін әр қатардан қайтаданған әріптерді сызып таста. Шыққан сөз құрамында болатын мақал – мәтел айт.

(А, Т, А әріптері қалады)

  • Атадан жақсы ұл туса есіктегі басын төрге сүйрер,

  • Атадан жаман ол туса төрдегі басын көрге сүйрер.Shape1







Сынып оқушыларын сабаққа дайындау









Оқулықпен жұмыс





Сұрақ-жауап














Дәптермен жұмыс





Есте сақтау қабілетін тексеру



















Тыңдадым










Оқулықпен жұмыс




Сабақтың соңы

5 минут






«Бағдаршам әдісі »


Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Үй тапсырмасы: Ата – анаңнан сұхбат алуShape2




Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты оқулықтағы тапсырмалармен тығыз байланыста құрылған. Оқулықтағы барлық тапсырмаларды түсіндіре отырып орындап мақсатыма жеттім.

Бүгін оқушылар тыңдаған материал бойынша жауап беруге, мәтін мазмұнын анықтауға арналған сұрақтар құрастыруға, жіберілген пунктуациялық және орфографиялық қателерді түзеуді үйренді.

Сабақ өте жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын.

Ойдағыдай болды десем де болады. Тапсырмалардың барлығы ойдағыдай орындалды.






Уақытты барынша тиімді пайдалануға тырыстым.



Жоспарыма оқушылардың қызығушылығын ояту үшін қызықты әрі өткен білімдерін бекітуге арналған сұрақтар қостым. Оқушылардың қызығушылығы артып, сабаққа белсенді қатысатын болады.

Қорытынды бағалау



Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Мәтінді талдау, мазмұнын түсіндіру.





2: 13 – жаттығу. Басқатырғыны шешіп, шыққан сөзге байланысты мақал айту.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Қалыптастырушы бағалаудың жаңа түрлері болса;



2:Оқушылар сынып ережесін барынша сақтаса;





Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Қалыптастырушы бағалаудың жаңаша түрлері;



2: Ойын түрлерін қосу;








Әдіскер: Сахариева З.Д

Мектеп мұғалімі: Төлеубекқызы А

Машықкер: Қалиасқарова Т.Д



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі