15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дауыссыз к мен г
Күні:17.10.2017ж |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||||||
Қатысқан оқушылар саны: 24 |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Дауыссыз к мен г |
|||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.2.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. 2.4.1.3 Дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу. 2.3.6.1. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу. 2.2.3.1. Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру |
|||||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Дауыссыз дыбыстар туралы ақпарат алады.Дауыссыз к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,ол г-ге айналатынын үйренеді Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Дауыссыз к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе,ол г-ге айналатынын үйрену. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||||
Тілдік құзіреттілік |
Ең басты байлық |
|||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу,музыка,математика ,қазақ тілі. |
|||||||||||
Алдыңғы оқу |
Дауыссыз қ мен ғ |
|||||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||||
Басталуы 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді біз білмейміз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге! Топқа бөлемін. Сұрақ-жауап: Бір жылда неше мезгіл бар? 1-қыс 2-көктем 3-жаз 4-күз Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Үй тапсырмасын тексеру.Өткен сабақты пысықтау. |
|
||||||||||
Жаңа білім 15 минут
Сергіту сәті 2 минут
|
Сұрақ-жауап: -Қазақ әліпбейінде қанша әріп бар?(42) -Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2 ) -Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?( 2) -Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?( 3) -Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата?(к , қ, п,с,т,ф, х, һ,ц,ч,ш,щ) -Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата? (б,в, г, ғ, д, ж,з ) -Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?( л,м,н,ң,р,й у) - К мен г дыбысы қандай дауыссыздарға жатады? Жұмбақтар: 1 Қабақ – қабақ қаттама. Ақылың болса аттама. ( Кітап ) 2 Үйіне мәңгі қайтпайтын, Қонақтар күнде келеді. Іздесе адам таппайтын, Жаңалық айтып береді. (Газет) Ережемен таныстыру 36-жаттығу Кестедегі сөздерді оқу Жүрек-жүрегі Кірпік-кірпігі Серік-серігі Көк-көгі Әйнек-әйнегі Тыңдалым: 37-жаттығу Мәтін аудиотаспадан тыңдалады.Мәтінді кім жайында екенін талдау.Қожа туралы білгендері айтады.Қожаның өмірбаянын өздеріне жалғатады. Талдау -тек-тегі,куәлік-куәлігі -Кімнің шығармасы? -Қожа қандай бала? -Қожа қандай қателік жасады? -Қожа алдына қандай мақсат қойды? Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 15-қазан 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген.Қазақ балалар жазушысы. Өмірбаян Есіңе сақта! Дәптермен жұмыс Көк-көгі 38-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып,сөйлемдерді көшіріп жазады.Қарамен жазылған сөзде қай дыбыс өзгергенін анықтайды Сергіту сәті. «Балапандар» биін орындау 39-жаттығу Сөзжұмбақты шеш. Бос торкөздерге к дыбысынан басталатын сөздер тауып жаз. Киік,кірпік,күрек,көбелек,көгершін К дыбысы қандай дыбыс? К дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр? Тапқан сөздерін буынға бөлу,неше буын,неше әріп бар екенін тап.
|
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
Оқулық, мәтіндер.
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
|
||||||||||
Ортасы 10 минут
|
Шығармашылық тапсырма: әр топқа беріледі: 1-қыс тобы Сөздердің бастапқы түрін жаз Көйлегі-.... бөбегі-.... Көмегі-.. көлшігі-...... Бейтерегі-.. кірпігі-... Бесігі-.... көбелегі-....
2-көктем тобы Дыбыстық талдау жасау Бөрік-2 буын,1-ші буын ашық,2-буын бітеу. Б-дауыссыз,ұяң ө – дауысты,жіңішке р –дауыссыз,үнді і - дауыссыз,үнді к – дауыссыз,қатаң 3-жаз тобы Қай әріпті жоғаттым? Шейне.... Еті... Өрі... Бөрі... Күре.. Белді... 4-күз топбы найзағай,терезе,балапан. Берілген буындардан сөз құрап жазу.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң кір жаятын жіпке ілеміз. |
Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
|
||||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 5 минут |
-Топпен
жұмыс. Ауызша тест: «Иә, жоқ» |
Кестені толтыру |
||||||||||
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді *айтылым барысында тірек сөздерді орынды қолданады. Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың диалогқа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау. Осы деректер келесі талқылауларды жоспарлауда қолданылады.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады |
||||||||||
Үй жұмысы |
40-жаттығу Бөс торкөзге әріптерді сағаттағы сан ретімен орналастырып,оны оқы.Шыққан мақалды жаз. « Бала көңілдің гүлі » |
|
||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген