400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дауыссыз к мен г. Өмірбаян жазамын

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сынып Қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: Құлбарақ Р.Қ.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым

Мектеп:№1 жалпы білім беру орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:Тулегенова А.Ш.

Күні: 16.10.2018ж.

Қатысқандар:

Сынып: 2 Ғ

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өмірбаян жазамын. Дауыссыз к мен г.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.4.1. мұғалімінің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.4.1.3. дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату және дауыссыз к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу;

Сабақтың SMART мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г – ге айналатынын біледі;

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінге ат қояды;

Кейбір оқушылар:

Шығармашылық тапсырмаларды түсініп орындайды;

Бағалау критерийлері

Сұрақтар құрастыра алады (2-3 сұрақ)

Сұраққа толық жауап бере алады. (2-3 сөйлем)

Өз өмірбаянын айта алады.

Сөздік қор

Өмірбаян, туған жер, жасы, аты.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, достық, адалдық.

Пәнаралық байланыстар

Өзін өзі тану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Дауыссыз қ мен ғ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

Психологиялық дайындық

Аспанда күн ыстық

Ал жерде кім ыстық

Әке мен анамыз

Сүйікті тым ыстық

Жасасын туыстық

Достық пен тыныштық


Топқа бөлу

I II III

Shape3 Shape1 Shape2

Тегі Аты Жасы

Ұжымдық жұмыс.

«Сиқырлы таяқша» арқылы өткенді қайталау.

- Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.

-Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

- Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.

- Сұхбат дегеніміз не?

-Дауыссыз п дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы қандай өзгеріске ұшырайды?

Shape4

Бағалау.

Слайд











Топқа бөлу парақшалары





Сиқырлы таяқша





Жұлдызшалар

Сабақтың ортасы

5 минут

















10 минут


































3 минут











7 минут









5 минут




Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Ұжымдық жұмыс. «Салыстыру стратегиясы»


Жүрек

жүрегі

Кірпік

кірпігі

Серік

серігі

Көк

көгі

Әйнек

әйнегі

Екі бағандағы сөздерді салыстырып, өз ойыңды айтып көр.

Shape5

Бағалау.

Shape6

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек-түлегі, серік-серігі, жүрек-жүрегі.






Қызығушылықты ояту.

«Менің атым – Қожа» аудиоүзінді.


Топтық жұмыс.

Тыңдалған аудиоүзінді бойынша постер қорғау.

  • Мәтінде кім жайында айтылған?

  • Қожа туралы тағы не білесің?

  • Мәтінге ат қой.

  • Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерде қандай дыбыстар өзгеріске ұшыраған деп ойлайсың?

  • Мәтіннің авторы кім?

Shape7

Бағалау.


Бердібек Соқпақбаев туралы айтып кетемін.

Бердібек Соқпақбаев - 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған.

Shape8

Назар аудар!

Әркімнің өз өмірбаяны болады. Өмірбаян – адамның өзі туралы нақты мәлімет. Онда дүниеге қашан және қай жерде келгені, қайда оқитыны және отбасы туралы қысқаша баяндалады.








Сергіту сәті.

Қолдарыңды көтеріңдер бір дейік

Көп отырып қатты шаршап жүрмейік

Қолды создық басты бұрдық екі деп

Қозғалыспен барлық адам жетіледі

Алға артқа қарадықта үш дедік

Тағы жаңа жаттығулар істедік

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.


Жеке жұмыс

«Сауатты жазу минуты»

38. Сөйлемдерді көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.

Менің тегім - ...... .Атым - ....... . Туған жерім ..... . Мен ..... сыныпта оқимын.

Қарамен жазылған сөзде қай дыбыс өзгерген деп ойлайсың?

Саралау

«Миға шабуыл» әдісі

39. Сөзжұмбақты шеш. Бос торкөздерге к дыбысынан басталатын сөздер тауып жаз.

К
































К дыбыс қандай дыбыс?

К дыбыс сөздің қай жерінде келіп тұр?

Shape9

Бағалау.


Слайд














Тыңдалым https://m.youtube.com/watch?v=6r3NcHGP01Q



Оқулық








Слайд




































№1 жұмыс дәптері









Слайд


Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды.

  • Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

  • Өмірбаян дегеніміз не?

«Өзім жайлы» стратегиясы

Мен өзімді мақтағым келеді.

Себебі мен.......

Мен өзіме ескерту айтқым келеді.

Себебі мен .....

Мен өзіме рахмет айтқым келеді.

Себебі мен ......

Үй жұмысы

40-жаттығу 57 бет.









Стикерлер

Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.

Оқушыларды топтық, жеке жұмыстарда жұлдызшамен бағалауды жөн көрдім

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Ия, дұрыс қойылған.

Ия қол жеткізді.

Саралау тапсырмасы дұрыс жүргізілді.

Топтық жұмысқа көбірек уақыт кетті.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі