жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Дауыссыз Л мен Р дыбыстары
Ш
ымкент
қаласы
№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы
«Менің отбасым және достарым»
«
Дауыссыз Л мен Р
дыбыстары»
Пәні: қазақ тілі
2 сынып
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ермаханова Анар Мустафаевна
Шымкент 2018 - 2019
|
Мектеп : Шымкент қаласы Жамбыл атындағы №26 мектеп - гимназиясы
|
|
|
Мұғалім: Ермаханова Анар Мустафаевна |
|
|
Сынып: 2 Күні: 19.10.2018
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Дауыссыз Л мен Р дыбыстары |
|
Осы сабаққа негізделген оқу мақсаттары |
Дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң; үнді, ұяң) ажырату, жалпы дауыссыз дыбыстармен мен дауысты дыбыстардың айтылу заңдылықтарын ажырату, Л, Р дыбыстарының емлесін сақтап жазу. |
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: осы сабаққа негізделген тапсырмаларды өз бетінше және бірлесе отырып орындай алады. Топпен жұмыс істеу арқылы бірлесе отырып ізденуге, өз білімдерін бағалауға үйрену және шығармашылық ізденуін дамыту |
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің мағыналарын толық меңгереді, дұрыс қайталай алады |
|
Құндылықтарды дарыту |
Қазақ тіліндегі сөздер мен дыбыстарды қатесіз айтуға дағдылану Оқушылардың бір – біріне деген құрмет көрсетуге үйрету |
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, өнер |
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба, видеожазба |
|
Алдыңғы оқу
|
Дауыссыз К мен Г дыбыстары |
|
Жоспар
|
|
Сабақта жоспарланған іс - әрекет
Сабақтың барысы: Ынтымақтастық атмосферасын құру
Қане оқушылар! Барлығымыз орнымыздан тұрайықшы! Бүгін ауа райы қандай тамаша! Көңіл – күйіміз керемет! Балалар бүгінгі біздің сабағымызға келген қонақтарымызбен амандасайықшы. Бір – бірімізге жақсы тілектер айтайықшы! Көп рахмет балалар! Бүгінгі сабағымызды жақсы ұғынуымызға, сабағымыз жақсы көңіл – күймен өтуіне тілектеспін!
Топтық ережемізді есімізге түсіреміз олай болса:
1 оқушы: бір –бірімізді тыңдаймыз
2 оқушы: уақытты үнемдейміз
3 оқушы: бір – бірімізге қолдау көрсетеміз
4 оқушы: бір – біріміздің сөзімізді бөлмейміз
5 оқушы: өз ойымызды ашық айтамыз
Өте жақсы оқушылар, біз бүгін сендермен осы ережелерді негізге ала отырып жұмыс жасаймыз.
Өткенді бекіту:
2 видеоролик 5 минут.
Сонымен оқушылар:
1 дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
2 дауысты дыбыстар калай дыбысталады?
3 дауыссыз дыбыстар каншаға бөлінеді?
4 дауыссыз қ-ғ дыбыстарының емлесін кім айтады?
5 жалпы ұяң дауыссыздар саны нешеу екен?
6 үнді дауыссыздар саны нешеу?
7 қатаң дауыссыз дыбыстар саны нешеу?
8 дауыссыз к-ғ емлесін кім айтады?
Бөлім бойынша әр топты бағалау: отшашу аркылы.
Бүгін біз сендермен оқушылар «дауыссыз Л-Р » дыбыстарын өтетін боламыз.
Дауыссыз Л – Р дыбыстары
Бүгін сіздермен оқушылар дауыссыз дыбыс түрлерін ажырататын боламыз. Л – Р дыбыстарының емлесін сақтап жазуды үйренеміз.
Жаңа тақырыпқа байланысты видеоролик. 3 минуттық.
Л, р дыбыстары үнді дауыссыз дыбыстарға жатады, себебі біз оларды үн шығару арқылы айта аламыз ллллллллллллл, рррррррррррр
-
Сөз басында л, р әріптері кездескен сөздердің алдында ы, і дыбыстары кездескенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, Рауан, рет, рас, лашын т.б
Енді оқушылар барлығымыз тақтаға қарайықшы. Тыңдалым: 2 минут
Топтық жұмыс:
1 топқа тапсырма
Л дыбысынан басталатын сөздерді қатесін тауып түзету және жазу
Ылашын, ылайық, ілебіз, ылай, ылди, ылас, ылауазым, ілгіш
2 топқа тапсырма
Р дыбысынан басталатын сөздердің қатесін табу және жа
Ырақмет, ырас, іреніш, ыраушан, ырауан, ырақат, ырым, ірімшік
3 топ тапсырмасы
Р – дыбысынан басталатын сөздерді жазу
![]()
Р
![]()
![]()
![]()
4 топқа тапсырма
Л – дыбысан басталатын сөздерді жазу
![]()
![]()
Л
![]()
![]()
5 топқа тапсырма
Лашын қандай құс? Сұраққа жауап ауызша беру және лашын сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Л – дауыссыз,
үнді
А – дауысты, жуан
Ш – дауыссыз, қатаң
Ы – дауысты, жуан
Н – дауыссыз, үнді
Топтық жұмысты бағалау:
стикерлер арқылы
Сергіту сәті:
Желкілдеген желменен
Жел егінді тербеген,
Өсірді оны диқандар,
Тамшылаған терменен
Соз қолыңды оңға,
Соз қолыңды солға,
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай
Өлеңді хормен айту, қолымызды жұмыс жасату
Дәптермен жұмыс: 57 – жаттығу
Сөздерді көшіріп жазу, мағынасын айту:
Іле, ілгері, ілгек, ілгіш, ілмек, ілесу, ылди, ылғал, үнемі, ырыс, ірі, ылғи, ілтипат, ірімшік.
Дәптермен жұмысты бағалау.
Кері байланыс: Даналық ағашымызға стикерлер арқылы бағалау. Балалар мына даналық ағашымыздың ең жоғарғы жағына бүгінгі сабағымызды жақсы түсінгендеріңіз стикер жапсырыңыз, ал егерде, толғандырып жатқан сұрақтарыңыз болса, орташа түсінсеңіз орта беліне, ал, мүлдем түсінбедім, ұқпадым, бүгінгі өтілген сабақ мүлдем көңіліме қонбады десеңіздер даналық ағашымыздың төменгі бөлігіне стикер жабыстыруыңызды сұраймын.
Өте жақсы, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Барлығымыз бір – бірімізге рахмет айтамыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген