400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1. Балаларға дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру. 2. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.

3. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлес-мелі дидак-лық матер-р

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қостілділік компонент: дауысты – гласный, дауыссыз – согласный, дыбыстар – звуки.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз!

Шаттық

шеңберін

жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру



















2. Тәрбиеші дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсіндіреді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы, і, ю, я, ё. Дауысты дыбыстарды жеке-жеке айтқызу. Мысалы: а-а-а, ә-ә-ә, и-и-и, о-о-о, ұ-ұ-ұ, ү-ү-ү, і-і-і, т.б.


3. Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, балаларға сөздердің мағынасын түсіндіреді. Көбелек, домбыра, орындық, үйрек т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады.


4. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қоялық.

Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық!


ІІ. Негізгі бөлім. 1. Баланың білімін жан-жақты тексеру мақсатында тәрбиеші бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты дыбыс қанша болса, сонша рет қолдарын шапалақтап білдіреді. Масылы: кү-шік, кітап, ө-зен, да-ла, қаз, ба-ла-пан, т.б.


2. «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Орыннан орынға ауысқан, Ұшқалақ қара ала ...(сауысқан) Бәрі бірдей жұмысқа Шығады не?...(құмырсқа)


3. Дәптермен жүмыс жүргізу. а) Берілген суреттер бойынша дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін (қызыл – дауысты дыбысы, көк – дауыссыз дыбыс) салады. Әке, ана, бала, сырмақ, қамшы, торсық.


ә) Кестенің ішіне жетпей тұрған төртбұрыштың суретін салады, оны бояйды.


Балалардың жауаптары тыңдалады.








Сергіту сәтін жасайды.







Ойынды ойнайды.



Дәптердегі тапсырмалар-ды орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Дауысты және дауыссыз туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшелігі туралы түсінік беру.

Қандай түсініктерді игерді: жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөйлеу тілін

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі