Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға білімді ғылыми негізде, сатылай, жүйелі, кешенді, меңгеруді ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге пәнді сауатты меңгеруге пайдасы бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар. Сөз сиқырын ұға біл.

Жалпы мақсаттар.а)  Дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру,сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып,алған білімдерін бекіту
ә)  Тілдік – эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмыс барысында адамдық қасиеттерін дамыту,ұлттық рухты бойларына сіңіру ;

б)  Сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Сабақтың түрі :   Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі :   сатылай кешенді талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :   әдебиет

Сабақтың барысы. Топқа бөлу. Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу.Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай

3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Ынтымақтастық атмосферасы.

«1» дегенім – жаман баға
Алады оны жаман бала
«2» дегенім – нашар баға
Інішегім нашарлама
«3» дегенім – орта баға
Алады оны орта ғана
«4» дегенім – жақсы баға
Алады оны жақсы бала
«5» дегенім – үздік баға
Оқитын бол үздік қана!

Мағынаны тану

Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
   Қазақ тілінде  12 дауысты дыбыс бар : а,ә,и,о,ө,е,э,у,ұ,ү,ы,і
   Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді.
   Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Жуан даысты дыбыстар мыналар : а,о,ұ,ы,у.
   Тіл ілгері қарай,созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.
 
Жіңіщке дауысты дыбыстар мыналар : ә,ө,ү,і,е,э,и,у

Қазақтың топ сөзіндегі дауысты дыбыстар негізінен не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болады. Түбір сөзге жалғанатын қосымшалар құрамындағы дауыстылар да осы заңға бағынады.
   Тек кірме сөздерде және қос сөздерде бұл ерекшелік әрдайым сақтала бермейді.

Мысалы : кітап (араб сөзі )
Ескерту : у дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық

Топтық жұмыс. 1 топ тапсырмасы Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі рет сызыңдар.

Ішіне тамақ салынған, Әкесі – тышқан,

Есігі тастай жабылған. Шешесі құстан. \Жарғанат\

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең – қанат, сүті дәрі,

Еті тамақ. \Жылқы\

2 топ тапсырмасы. Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.

Ашу,білу,қазу,сену,жазу, қу,беру,жолығу,кезу,сызушы,жу,көну, тану, ілу, шешу, тігу, жолығу, уақ, уыс, уық сену, төгу, тесу, тору,тоқу, жу, қону, қосу, кесу, уыз,білу, бірігу, көну, көру, оқу, сөгу, төгу.

3 топ тапсырмасы. Жұмбақтың шешуіне дыбыстық талдау жасау.

Берілгені: Жылқы

Шешуі: 5 = 2 +3 ”

2 =2 (ы2) (3 ” = 3 ” ( ж, и, қ )

1)тілдің қатысына қарай:

2 ( ы2) тіл арты, жуан

2 Ў% = тіл алды, жіңіщке

Берілгені: жарқанат

Шешуі: 8 = 3 + 5”

3 = 3 (а3); 5” =5” (ж, р, қ, н, т)

1)тілдің қатысына қарай:

3 (а3) тіл арты, жуан

3 = тіл алды, жіңішке

Сабақты бекіту."Ыстық орындық" әдісі.

1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?  

3.Жуан дауыстылар дегеніміз не?

4.Жіңішке дауысты дыбыстарға қандай әріптер жатады?

Үй тапсырмасы. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстары бар 4 сөз ойлап жазу, қалаған екі сөзге дыбыстық талдау жасау.

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс."Екі жұлдыз бір ұсыныс"





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1823
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12