400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дд дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: 55

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 1

Пәні:Сауат ашу


Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым

Бөлім:


Сабақтың тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы:Д дыбысымен әріпті тану,ажырату,дыбыспен сәйкестендіру.

Көптеген оқушы:Д дыбысын ажырату,д дыбысы бар сөздерді атау. Сөздерден сөйлем құрау

Кейбір оқушы:Мәтінді болжау.Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қою.

Бағалау критерийлері

1. Д әрпін таниды және дыбыспен сәйкестендіреді;

2. Оқудың түрлерін қолданады;

3. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы бойынша болжайды;

4. Сөйлем жазуда бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Тілдік мақсат


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Доп- мяч – ball Дос – друг – friend

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Ауызша, жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Д дыбысы дауысты ма? Әлде дауыссыз ба?

2. Қандай текшемен белгілейміз?

3.Д дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесің?

4.Доп не үшін қажет?

5.Дос қандай болу керек?

Не себепті......деп ойлайсыз?

Не себепті дос керек деп ойлайсыз?

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша

Құндылықтарды дарыту

Қарым – қатынас қабілеті,денсаулық,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету,өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану – Менің достарым сюжетті сурет

АКТ

Слайд арқылы,іздеу,талдау,бөлісу дағдыларын дамыту.

Бастапқы оқу:

Сөзге дыбыстық талдау жасай алады.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы



Ұйымдастыру кезеңі.

 Дос болайық бәріміз,
 Жарасып тұр әніміз.
  Тыныштықты сақтаймыз,
  Атсын күліп таңымыз!

- Балалар, біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Топқа бөлу.

Стикер түстері арқылы топтарға бөлу

1 топ. «Қызыл түс»

2 топ. «Сары түс»

3 топ. « Жасыл түс»


Ой шақыру

Жұмбақ жасыру:
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. /Доп./
- Демек біз бүгін - «Д» - дыбысымен және әрпімен таныс боламыз.
ә) Д дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
б) Д дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.


Шаттық шеңбері










Топқа бөлу стикер түстері арқылы

Ортасы










1 тапсырма:Ұжымдық жұмыс. Тақтаға суреттер ілу.


Д




Д








Д






Дескриптор:

  • Суреттегі заттың атауын табады.

  • Сөздің неше дыбыстан тұратынын анықтайды.

  • Сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Бағалау: смайликтер арқылы өз – өзін бағалау бағалайды.


2- тапсырма

Ұжымдық жұмыс.Оқулықпен жұмыс.

Балалар да- ла –да ойнады. Олар жа-рыс-қа барды. Ду – лат жарыста алтын алды.

Дескриптор:

  • Сурет пен сөзді дұрыс байланыстырады.

  • Сөйлемдерді буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

Дәптермен жұмыс.

Жазу дәптерінде берілген Д әрпіне байланысты сөздерді көркем жазу.

Дескриптор:

  • Д дыбысын әріп таңбасымен жазады.

  • Сөздерді көркем жазады


Ширату жаттығуы.

Ду,ду,ду! Дүк-дүк!

Пойыз келеді.

Ду,ду,ду! Дүк-дүк!

Жүгіріп өтпе,

Ду,ду,ду! Дүк-дүк!

Пойызды өткіз.

Қол бұлғап қалайық-

“Жол болсын!”-деп біз.


3-тапсырма.Топтық жұмыс.(Слайдпен жұмыс.)

«Кім жылдам» әдісі.


3 топ суреттер бойынша сөйлем құрастырып,сызбамен жазып көрсету керек.Сөйлем соңында тиісті тыныс белгілерін табу қажет.

Дескриптор:

  • Сурет бойынша сөйлем құрастырып,сызбамен жазып көрсетеді.

  • Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

Топтар бір-бірін « басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.








Смайликтер






















Қимылмен орындайды.









Слайд,суреттер













« Басбармақ» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалау


Соңы




Қорытындылау

Оқушылар «Ыстық картоп» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймыз.

-Балалар бүгін біз қандай әріп таңбасымен таныстық?

- Д қандай дыбыс?

- Кім д дыбысынан келетін сөздер айтады?

-Сөйлем қандай әріптен басталады?

-Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс береді.


Кері байланыс.

Табыс ағашы

Жасыл түсті алма – білемін

Қызыл түсті алма – жартылай түсіндім

Сары түсті алма – сұрағым бар



Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Сабақта алынған тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтаса әрекет етуге және сөйлеу әрекетінің түрлері(тыңдалым, айтылым, жазылым)

дағдыларының қалыптасуына ықпал еттім.

Сызба арқылы әртүрлі сөйлемдер құратамын. Тыныс белгісін қойғызамын.

1. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар

2. Сөйлемді сызба түрінде жазыңдар.

3. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.

.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Критерийлер негізінде оқу мақсатына жету үшін белсенді іс-әрекеттер ұйымдастырып , топта бірігіп жұмыс жасауға, бірін- бірі қолдауға, тыңдауға және бірін –бірі бағалауға , өзінің іс –әрекетіне баға беруге үйренеді. Бағалау критерийлері дескрипторлар арқылы әр тапсырма соңында беріледі.

Сабақта «Басбармақ»әдісін, «Бағдаршам» әдісі «Смайликтер» арқылы бағалайды.


Денсаулық және қауіпсіздік



Ширату жаттығуларын орындату.Денені дұрыс ұстап отыруын,қаламды дұрыс пайдалана білуін қадағалау.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі