Материалдар / Дебат, Оқушылар үшін
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дебат, Оқушылар үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
АПФ форматы оқушылар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2018
2649
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№17 Ә. Қастеев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















«Фемида» дебат клубы





Дайындаған: Н.Спатаев









Қызыл әскер ауылы 2015-2016 оқу жылыБАҒДАРЛАМА







Өтетін уақытыҚызметі
10:00-11:00 Қонақтарды күтіп алу және тіркеу
11: 00 Семинардың ашылуы
11: 05БАЯНДАМА. ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫЖақсылық Жазира
11:15Модератор Спатаев Нұркелді Тәжібайұлы
12: 00Кофе брек
12: 30«Дебат» ойыны
13:30«Дебат» ойыны
14:00Жабылуы
ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫҚазақстан Республикасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына жету үшін қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Соған орай білім мен ғылым жаңа заман талабына сай ұлттық идеялармен ұштастыруды көздейді. Елбасының жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген. Білім беру жүйесі жаңа өркениетті қоғамға қажетті білімді, қабілетті, өз ойын еркін білдіретін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтпақшы, жас ұрпақ бойындағы қабілет-қарымын тамыршыдай тап басып бағыт берілсе, жасампаздық қасиеттерді бойына сіңіріп өскендіктен, нағыз ұлтын сүйетін азаматтар елінің тағдырына бей-жай қарамай, келешегі көркем болар еді.Бүгінгі таңда оқушы құзіреттілігін арттыру басты мақсат болып отыр. Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген. Competent сөзі французша «копонетті» заңға сай, латынша «сай болу», «қабілеті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.Сөйлеу мәнерін жетілдіру, пікірталастар ұйымдастыруСонымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. /1.1/ Оқушының құзіреттілін арттыру үшін не істеуіміз керек?Оқушы құзіреттілігін арттыруБәсекелестік қабілеті бар, ізденімпаз, білімді, шығармашыл, жеке тұлғаБаспасөзбен байланысты нығайту, түрлі тапсырмалар беруӨз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау, еркіндік беруОқушылардың құзіреттілігін арттыру, жүйелі білім, сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени- рухани жағынан өсіп жетілуіне дебат ойындарының маңызы аса зор.«Дебат» (Debate) немесе пікірталас әртүрлі контекске орай сыни тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Пікірсайыс – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Дебат бағдарламасы тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму технологиясын ұсынады. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы проблемалар бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны теріске шығаруды көздейді.Жастар пікірсайысының арнайы құрылымы, ережесі бар, тақырып аясы мен уақыты шектеулі. Пікірсайыстың әзірге үш-төрт үлгісі бар. Олар: Американ Парламенттік Дебаты, Линкольн және Дуглас пікір сайысы, Карл Попер формат және Британ Парламенттік Дебаты

«Үлкен адам болу үшін ғаламда,Үлкен арман керек екен адамға» - дейді Мұхтар Шаханов ағамыз. Тарихта Наполеон 4 сағат қана ұйықтап-ақ есімі әйгілі болған болса, Эйнштейн қызметшісіне жарты сағаттан соң оятуын өтінеді, демалсын деп 1 сағаттан кейін келген қызметшісіне Эйнштейн налып: «30 минутымды қайтарыңыз» - деп сұраған екен. Осы мысалдардан арманға жету үшін уақытты тиімді пайдаланудың мәнін аңғарамыз.Бұхари риуаят еткен хадисте «Адамдардың көбісі бағаламайтын екі нығмет бар. Ол – денсаулық пен бос уақыт» делінген және бұл қай ғасырға да сай.Ал бүгінгі қоғамда уақыттың қадірін бағалауға пайдасын тигізер істің бірі – пікірсайыс. Ережеге сай, әр спикер өзіне берілген уақыт лимитін сақтап, идеясын нақты жеткізуге міндетті. Уақытты шектеу - ойындағы әділеттілік пен тәртіптің кепілі.Ендігі кезекте уақыт тиімділігінің қағидаларын ұсынамыз:1. Таймкипердің ескерту белгілерін назардан тыс қалдырмаңыз, ол ойыңызды тиянақтауға әсер етеді.2. Тарих та, ғылым да мойындаған әдіс – жазу. Өз ойыңызды, яки қарсылықтарыңызды қағаз бетіне қысқаша түртіп отырыңыз. Ой жүйелілігі уақытты үнемдейді.3. Уақыт лимиті - сіз үшін сүзгі. Идеяларыңыздың ең маңыздысын таңдап алып қана ұсыныңыз. Ойыншыға сапа, уақытқа пайда.4. Тіл тазалығы, яғни бейсауыт сөздерді (жаргон, диалект) қысқартыңыз. Бір сөзді үнемі қайталайтын (яғни, және, тағы) әдеттен арылыңыз. Идеяны нақты, түсінікті сөйлеммен беріңіз.5. Мүмкіндікті толық пайдаланыңыз. «Ырыс астың қалғанында болуы мүмкін». Жеңіске жеткізер сөз соңғы минуттарда айтылуы да ғажап емес. Дегенмен, уақыт толтыру үшін құрғақ қасықпен ауыз жыртудың қажеті шамалы.ө



















































































Сабақтарда пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.- өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге баулиды;- шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;- оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:Құндылық кейстің құрылымы:1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ақталады деп есептейді)2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)3.Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)4.Философия ()





























5.Аргументтер()6.Қорытынды.















































  • Ойын барысы (спикердің рөлі,уақыт) саяси кейспен ұқсас.
  • Дұрыс-дұрыс емес,ақталады-ақталмайды формасында қарастырылады.
  • Ескерту:
  • Командалар жақтау мен даттау позицияларына дайын болу керек.
  • Позиция ойынға 15 минут қалғанда анықталады
(теңге лақтыру арқылы) т.б.№17 Ә. Қастеев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілетін дебат ойынының тақырыптары:




Дебат ойындарында оқушылардың ой ұшқырлылығы қарама-қарсы сұрақ сәтінде анық байқалады. Білімді, көп ізденетін оқушылардың өзіндік ой-өрісі ойын барысында көрінеді. Қыннан қылыш қылыш суырғандай сұрақтары қарсы топты ойландырып, өз кейстеріне күмән тудыратындай етулері керек.Жалпы, оқушылардың бойына ұлттық үрдісті сіңдіруде, баланы озық қоғамға сай етіп тәрбиелеуде дебат технологиясының берер пайдасы мол. Оқушыларға сапалы білім мен саналы білім беру – бүгінгі күннің басты өлшемі. Өз позициясын жақтап шығуға тырысқан оқушылар бос уақытта сенделмей, кітапханаға барып түрлі материалдар іздестіреді. Қазіргі таңда ғаламтордың шеңберінен шырматылып шыға алмай қалған балалардың көркем әдебиет оқуға құлшынысы арта түседі. Ойын барысында өз ойларын келелі сөз, шынайы шеберлікпен, шешен тілмен жеткізуге тырысады. Кез келген тыңдаушыға жүйелі сөз әсер етері хақ. Шешендік салтанат құрған жерде оқушылар ұлттық-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, алдағы күнде ел жүгін мойнымен арқалауға дайын тұрады. Жаһандану заманында білім берудің озық үлгілерін пайдалана отыра нақты нәтижелерге қол жеткізу – бүгінгі заманның басты талабы.Пайдаланылған әдебиеттер:
  • К.Қалелхан. «Дебат» әдісін пайдаланудың тиімділігі. //»Ертіс дидары» газеті. 18.04.2009
  • З.Н.Қасымқанова Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру. // Конференция материалдары.
  • Дебат ойынының ережелері.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!