400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дефектолог жұмысының жылдық жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектолог маманның жылдық жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


жалпы білім беретін мектеп» КММ







2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

АРНАЙЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ



















2024-2025 оқу жылы



КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

ауданы бойынша «№ жалпы білім беретін мектеп» КММ

Білім бөлімінің ОӘО орталығы директорының у.м.а директоры

____________ ________

« ____»_____2024 ж «___»_______2024 ж



























Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.

Арнайы педагогтың міндеттері:

  1. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;

  2. Білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыға жеке, топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.

  3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.

Арнайы педагог жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Ұйымдастырушылық жұмыс;

  2. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және оқушыларды педагогикалық қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау;

  3. Оқушыларға арнайы педагогикалық қолдау көрсету және оның тиімділігін бағалау;

  4. Кеңестік-әдістемелік қызмет;

  5. Өзін-өзі дамыту.

Басшылыққа алатын құжаттар:

  1. «Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы» ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-ІІ Заңы (2021 жылғы 26 маусымдағы өзгертулер мен толықтырулармен).

  2. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заң.

  3.  Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Заң.

  4. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 наурызда № 22418 болып тіркелді».

  5. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығы.

  6. Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы.

  7. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2021жылғы 16 қыркүйегіндегі №472 бұйрығы. ҚР Әділет Министрлігінде 2021жылғы 18 қыркүйекте №24429 болып тіркелді.




















































АРНАЙЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ


р/с

Іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

Есеп беру нысандары

I.Ұйымдастырушылық жұмыс

1

Көрнекі-дидактикалық құралдар мен жұмыс орнын дайындау




Тамыз

Қыркүйек

Арнайы педагог


  1. Диагностикалық және дидактикалық материалдарды жинақтау;

  2. Әдістемелік құралдардың картотекасы;

  3. Оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бақылау формалары (форма 2а,б)

2

Жылдық жұмыс жоспары

Қыркүйек

Арнайы педагог


Жұмыстың жылдық жоспары

3

Оқушылар тобын және жеке, топтық сабақтардың кестесін құру

Қыркүйек

Арнайы педагог

ЕББҚ ететін білім алушылардың тобы, сабақ кестесі

4

Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу:

  1. Жұмыс кестесін құру;

  2. Сабақ кестесін құру;

  3. Журнал толтыру: сабаққа қатысу, кеңестерді тіркеу.

Қыркүйек және жыл бойы


Арнайы педагог

  1. Жұмыс кестесі

  2. Сабақ кестесі

  3. Сабақтарға қатысу журналы

  4. Кеңестерді тіркеу журналы

5

Жылдық рефлексиялық есеп жүргізу

Мамыр

Арнайы педагог


Жылдық есеп

II. Білім алуда ерекше қажеттіліктерін бағалау және білім алушыларды арнайы педагогикалық қолдау


1

Білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін арнайы педагогикалық зерттеу:

  1. Сабақта бақылау;

  2. Жетістіктер картасын толтыру;

  3. Ата-аналармен сұхбат және сауалнамалар;

Қыркүйек

Педагог-логопед

Арнайы педагог

Педагог-психолог


  1. Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б)

  2. Жетістіктер картасы;

  3. Әңгімелесу хаттамасы немесе толтырылған сауалнама;

2

Білім алушылардың оқу қиындықтарының көріністерін және олардың себептерін ұжымдық талқылау

Қыркүйек

Педагог-логопед

Арнайы педагог

Педагог-психолог

Оқушылардың мінездемесі (форма 4)

3

Білім алушылармен жұмысты жоспарлау:

    1. Жеке/бейімделген жалпы білім беру бағдарламаларын құрастыру;

    2. Жеке/топтық сабақтардың бағдарламаларын құру;

    3. Жеке/топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары мен қысқа мерзімді жоспарларын құру;


Қыркүйек


Арнайы педагог


  1. Жеке/бейімделген жалпы білім беру бағдарламалары;

  2. Жеке/ топтық сабақтардың бағдарламалары;

  3. Жеке/топтық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларымен қысқа мерзімді жоспарлары

4

Мұғалімдердің сұранысы бойынша білім алушылардың қажеттіліктерін бағалау

Жыл бойы

Арнайы педагог

  1. Оқушыларды сабақта бақылау хаттамасы (форма 2а,б)

III. Білім алушыларды арнайы педагогикалық қолдау және оның тиімділігін бағалау

1

Жеке және топтық сабақтарды өткізу

Жыл бойы

Арнайы педагог

Жеке және топтық сабақтардың жоспарлары

2

Психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы мен жеке дамыту бағдарламаларын іске асырудың сәттілігін динамикалық байқау


Жыл бойы






Арнайы педагог

  1. Сабақ барысында оқушыны бақылау хаттамасы (2а,б формасы);


  1. Динамикалық күнделік

3

Оқушыларды мәдени іс-шараларға тарту

  1. )

Жыл бойы

Арнайы педагог


Анықтама, Ақпарат

Әлеуметтік желіге жариялау


IV.Кеңестік-әдістемелік қызмет

1

Ата-аналарға жеке кеңес беру (ата-анасының қалауы бойынша немесе қажет болған жағдайда)

Жыл бойы

Қажеттілікке қарай

Арнайы педагог

Кеңесті тіркеу журналы

2

Мұғалімдерге жеке кеңес беру

Жыл бойы

Қажеттілікке қарай

Арнайы педагог

Кеңесті тіркеу журналы

V.Өзін-өзі дамыту

3

Ғылыми-әдістемелік құралдарды зерделеу

Жыл бойы

Арнайы педагог


4

Біліктілікті арттыру курстарынан өтуді ұйымдастыру

Жыл бойы

Арнайы педагог

Сертификат



Арнайы педагог

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
17.10.2024
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі