400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Деформация 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып физика мұғалімдеріне қажет материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспарының шаблоны



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денелердің өзара әрекеттесуі


Мектеп: Тасты-Талды орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мурзабекова Г.З.

Сынып: 7 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Деформация



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Деформация ұғымын жұптық жұмыс арқылы көрсетілім барысында түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі: Пластикалық және серпімді деформацияның айырмашылығын ажырата алады;

Кейбір оқушылар: Деформация түрлерін өмірмен байланыстыра отырып түсіндіріп береді


Бағалау критерийі

  • Деформацияның не екенін түсінеді;

  • Деформацияға мысал келтіре алады;

  • Пластикалық және серпімді деформацияны ажырата алады

Тілдік мақсаттар


Деформация, серпімді, пластикалық, «сколиоздық деформация» ұғымы

Құндылықтарға баулу




Денсаулықтарын сақтау, партада өздерін дұрыс ұстап отыру, дене бітімімен сымбатын сақтау, СӨС ұстану жақсы оқуларына оң ықпалын тигізетінін түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

Дене бітімін түзу ұстап үйренуде биологиядан алған білімдеріне сүйенеді.

Сымбатын деформацияға ұшыратпай, салауатты өмір салтын ұстануда денешынықтырудан алатын дағдылармен байланыстырады.

Алдыңғы білім


Күш, масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын біледі.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



















































С ыныпта жағымды атмосфера құру:

«Үш алақан» сергіту.

(сары, қызыл, көк түсті алақан макеті)







  • Сары түсті көрсеткенде қол алысып амандасады;

  • Қызыл түсті көрсеткенде жауырынмен амандасады;

  • Көк түсті көрсеткенде мұрындарын түйістіріп амандасып, қимыл-қозғалысқа келеді.

«Музыкалы қобдиша» әдісімен үй тапсырмасын сұрау.

  • Салмақсыздық себебі неде?

  • Дененің салмағы дегеніміз не?

  • Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?

  • Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

  • Күш дегеніміз не?

  • Күш немен сипатталады?

  • Күш сызбада қалай кескінделеді?

“Назар аудар» - стол үстіндегі жатқан заттарға назар аударту

  • Ол заттардың бүгінгі сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін? деген сұраққа жауап алу.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

«Жарайсыңдар» мадақтау әдісі

Сонымен бүгін біз денелердің пішіні мен көлемдерінің өзгеріске ұшырауымен танысамыз.

Үш түсті алақан макеті







Үрленген шар, үрленбеген шар, ермексаз, ермексаздан жасалған бейне, серіппелер, сызғыштар, резеңке ойыншықтар






Сабақтың ортасы





































































Тапсырма-1. «Ойлан-жұптас-бөліс» Бұл тапсырма бүгінгі сабақтың мақсатын анықтауға бағытталады. Оқушыларға әртүрлі тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар таратылады. Олар бір-бірден шығып тапсырманы орындап, оны түсіндіруге тырысады:

  • шарды үрлеп, оның аузын жіппен байлап қой.

  • шарды үрлеп, оның аузын байламай бос жібер.

  • ермексаздан домалақ шарик жаса.

  • Серіппені созып, қайтадан орнына қой.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, өздерінің жасаған іс-әрекетін түсіндіреді. Бүгінгі сабақтың мақсатын тұжырымдайды. Тақтаға бүгінгі сабақтың мақсатын шығарып қоямын. Дәптерге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазады.

«Бас бармақ» әдісімен мадақтау.

«Еркін талқылау» оқу ақпаратымен танысып, бір-бірімен талқылайды.

Тапсырма-2 «Сөйлемді толықтыр»


  1. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін ______________деп атаймыз

  2. Деформация ______ және _______болып, 2 түрге бөлінеді.

  3. Серпімді деформация.......................деп атайды.

  4. Пластикалық деформация ................деп атайды.

  5. Деформацияға мысал келтір.................


Оқушыларға бағалау парағы таратылып беріледі. Дескриптор арқылы келесі тапсырмаларда бірін-бірі бағалайды.


Бағалау критерийi

Дескриптор

1.Деформация не екенін түсінеді.

2. Деформация түрлерін біледі.

1. Деформацияның анықтамасын береді

2.Деформацияның түрлерін атап береді

3. Серпімді деформация анықтамасын біледі

4. Пластикалық деформация анықтамасын айтады


Тапсырма -3 Жұппен жұмыс

а) «Кестені толтыр»

Серпімді деформация түрлері:


Мысал жаз

Созылу


Сығылу


Бұралу


Майысу


Ығысу




Ә) «Суреттерді сөйлет»

Суреттерде деформацияның қандай түрі бейнеленгенін табыңыз.





















Бағалау критерийi

Дескриптор

А) Серпімді деформация түрлерін ажырата алады.




Ә) Әртүрлі заттардағы деформация қалай жүретінін түсінеді


А) 1.Серпімді деформация түрлерін ажыратады

2.Мысалдар келтіреді


Ә) Заттардағы өзгеріске қарап деформация түрін ажырата алады.





Шарлар, серіппе, ермексаз



интертақта

































































Тапсырмалар жазылған жұмыс парақтары.



Бағалау парағы

Сабақтың соңы


















Бекіту. Топпен жұмыс.

Оқушыларға артқы партаға бұрылып, топқа біріге қою сұралады.

«SWOT» талдау кестесін толтырады.

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ





МҮМКІНДІКТЕР

ҚАУІПТЕР







Кері байланыс: «Сөйлемді аяқта»

«Мен не үйрендім ?

«Мен түсіндім»

«Маған қызықты»

«Мен не істей алдым ?»

«Мен басқаша үйрете аламын»

«Маған қиын болды»

Үй жұмысы: параграф 18, айналаңды қоршаған ортадан деформация түрлеріне 5 мысалдан жазып келу



Жұмыс парақтары

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Жеке жұмыста мадақтау арқылы, жұппен жұмыс, топпен жұмыста бағыт-бағдар беру арқылы олардың өзіне деген сенімімен ішкі уәжін арттырамын, қолдау көрсетемін. Сабақ барысында мынадай белсенді оқу әдістерін қолданамын:

«Музыкалы қобдиша»

«Назар аудар» әдісі

«Ойлан-жұптас-бөліс»

«Еркін талқылау»

«Сөйлемді толықтыр»

«Кестені толтыр»

«Суреттерді сөйлет»

«SWOT» талдау




  1. «Жарайсыңдар» мадақтау

  2. «Басбармақ» әдісі

  3. Бағалау парағы

  4. «Сөйлемді аяқта»

рефлексия



«Үш алақан» әртүрлі амандасу түрлері арқылы қимыл-қозғалысқа түседі.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі