400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Delphi – дің Additional парағының компоненттері. BitBtn батырмасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Delphi – дің Additional парағының компоненттері. BitBtn батырмасы туралы мағұлмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Delphi – дің Additional парағының компоненттері. BitBtn

батырмасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа сабақты үйрету арқылы жоба құруды үйрету..

Дамытушылық: Шығармашылық қасиетін дамыту.

Тәрбиелілік: Сабырлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Теориялық және практикалық.

Көрнекілік құрал: Компьютер және интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгелдеу.

- Үй тапсырмасын сұрау.

- Жаңа сабақты түсіндіру.

- Практикалық жұмыс.

- Үйге тапсырма.

- Бағалау.

- Қорытынды.

І бөлім: Жаңа сабақты түсіндіру.

Additional парағының құрамына сұхбаттасу терезелерін орнату үшін қолданылатын келесі компоненттер кіреді.


1 – сурет. Additional парағы.

BitBtn – бетінде суреті және жазуы бар нұсқаулық батырма.

Standart парағында орналасқан батырмасы стандарт батырма болып табылады да, қосымша жасауда жиі қолданылады. Ал Additional парағында батырманың ерекше түрі – BitBtn қолданылады. Бұл батырманың қарапайым батырмадан айырмашылығы – оның бетіне сурет орналастыруға болады. Батырма бетіндегі жазу Caption қасиеті арқылы қойылады.

BitBtn батырмасының Kind қасиеті батырма түрін анықтайды. Бұл қасиеттің қалыпты жағдайдағы мәні – BkCustom. Одан басқа да мәндері: BkOk, BkCancel, BkHelp, BkYes, BkNo, BkClose,BkAbort, BkRetly, BkIgnore, BkAll. Бұл батырмаларда сәйкес жазу мен пиктограмма орнатылған.

Батырма бетіне сурет Glyph қасиеті арқылы қойылады. Обьект бақылаушысы терезесіндегі Glyph қасиетінің жанындағы көп нүктелі жолды шерткен кезде шағын терезе ашылады. Одан Load батырмасын шертіп, қажетті bmp типті файлды таңдау керек. Дельфиде батырмалар үшін суреттердің мол жиынтығы бар. Олар әдетте \program files\ common files\ Borland shared\ Images\ Buttons бумасында орналасады.

Кез – келген батырманың негізгі оқиғасы – OnClick. Ол батырманы шерткен кезде пайда болады.

Мысалы: Сәйкес батырмаларды шерткенде экранға ағымдық уақыт, ағымдық дата шығатын edit компонентіне мәтінді алмастыру буферіне қиятын, көшіретін және қоятын және форманы жабатын код жаз.


Ағымдық уақыт программасы:

procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);

begin

edit1.Text:=timetostr(time);

end;


Ағымдық дата программасы:

procedure TForm1.BitBtn2Click(Sender: TObject);

begin

edit2.Text:=datetostr(date);

end;

Алмастыру буферіне қиятын программасы:

procedure TForm1.BitBtn3Click(Sender: TObject);

begin

edit3.CutToClipboard;

end;


Алмастыру буферіне көшіретін программасы:

procedure TForm1.BitBtn6Click(Sender: TObject);

begin

edit3.CopyToClipboard;

end;

Алмастыру буферіне қоятын программасы:

procedure TForm1.BitBtn5Click(Sender: TObject);

begin

edit3.PasteFromClipboard;

end;

Форманы жабу программасы:

procedure TForm1.BitBtn4Click(Sender: TObject);

begin

form1.Close;

end;

end.

Суреттегідей етіп компоненттерді орналастырыңдар. Нәтижесінде төмендегідей етіп шығады.

ІІ бөлім: Практикалық жұмыс.

Жоғарыдағы мысалды орыңдаңдар.

ІІІ бөлім: Үйге тапсырма.

Бүгінгі өткен жаңа сабақты оқып, түсінгенін айту, келесі сабақта жұмыс дәптерлерін тексеру.

IV бөлім: Бағалау.

V бөлім: Қорытынды.

Сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!










Жалпы білім беретін Сырым орта мектеп – балабақша кешенінің информатика пәнінің мұғалімі Давлетчарова Фарида Алімқызы


3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1255
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі