жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Delphi ортасында сызықтық алгоритмдерге есептер шығару
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
«Болашақ» колледжі
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Delphi ортасында сызықтық алгоритмдерге есептер шығару»
«Жалпы білімдік пәндер» кафедрасының
отырысында қаралған №___ «___» ___ 201__ж
____________Абдирахманова З.Б.
Шымкент
Пәні:Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Күні: 09.12.2015
Оқытушы: Халмурзаева Б.М.
Тобы: ЕТ-2-14
Сабақтың түрі: тәжірибелік
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабағыСабақтың тақырыбы: Delphi ортасында сызықтық алгоритмдерге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сызықтық алгоритмдер туралы мағлұматтар бере отырып, іскерлік пен дағдыларын, есептер шығару арқылы білімдегі жетістіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Білім алушылардың оқуға белсенділігін, оқитын пәніне қызығушылығын, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға, тыңдауға, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Білім алушылардың танымдық қабілетін, жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін өз саласында пайдалана білуді дамыту
Оқыту әдісі: білім алушылардың тәжірибелік жұмысты компьютермен орындауы, ойын технологиясы «Білім биржасы», «Инфо-домино» , «Кім білімді, кім жылдам?» әдістерін пайдалану арқылыжеке және топтық жұмыс жасауы
ОТҚ: интерактивті тақта, дербес компьютер
Әдістемелік қамтамасыз етілуі: басылым материалдары, слайдтар, кеспелер, бағалау топтамалары
Пәнаралық байланыс: Информатика, математика
Қолданылатын әдебиеттер:
А.Я.Архангельский Программирование в Delphi 7. - М.: ООО «Бином-Пресс», 2003
О.Камардинов. Delphi 5-6. Шымкент-2002 ж.
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Сабақтың мақсатын және жұмыс жоспарын хабарлау
Сызықтық алгоритм туралы мағлұматтарды еске түсіре отырып, білім алушылардың бойында есептер шығару арқылы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
- «Инфо-домино», «Кім білімді, кім жылдам?» ойындарыменөткен білімдерін қайталау;
- Delphi ортасындасызықтық алгоритмге екі бүтін санның қосындысын есептеу тәжірибелік жұмыс;
-«Мақал – сөз мәйегі» сергіту сәті бөлімі;
-өзіндік тәжірибелік жұмыс.
«Білім биржасы»әдісімен бағалау. Жауаптар «акциялармен» бағаланады. Жауаптың толық әрі анықтығына қарай «білім алушы-акционер» түрлі-түсті акция қағаздарын алады. Мысалы, толық емес жауап –сары, ал дұрыс, бірақ толық емес жауап –қызыл акциямен, дұрыс әрі нақты жауап –жасыл акциялармен белгіленеді. Акциялар өз құны бойынша бағаланып отырады.
5
3
4
ІІІ. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту
«Инфо-домино» ойыны
Білім алушының өткен тақырыптарды қалай меңгергенін тексеру үшін сабақ беру үрдісінде дидактикалық «Инфо-домино» ойынын ойнаймыз. Топты 2 топқа бөліп, әр топқа тақырып бойынша қағаз түрінде домино ұсынылады. Доминоның көлемі ортасынан тік сызықпен бөлінген төрт бұрышты қатты қағаздан тұрады. Оның оң жақ бөлігіне сұрақ жазылса, ал сол бөлігіне жауап жазылады. Бірінші үлестірме бетшенің сол жағы бос, оң бөлігіне сұрақ жазылады. Ал ең бірінші доминоның сол бөлігінде жауап болса, оң жағы бос болуы қажет. Әр топ өзінің үлестірме беттерін араластырып, доминоны сұрақтың сәйкес жауаптары бойынша құрайды. Сұрақтың жауабы сәйкес келген жағдайда ғана домино ойыны ойналады. Егер қандай да бір үлестірме бет артық қалып қойса, демек топ мүшелері бір жерден қате жібергенін білуге болады. Домино тізбегі:
«Кім білімді, кім жылдам?» ойыны
Delphi ортасында есептер шығару алдында, өткен сызықтық алгоритмдер жайлы түсініктерді «Кім білімді, кім жылдам?» ойыны көмегімен еске түсіру.
Ойынның шарты: 2 топтағы білім алушылар алдын ала дайындалған сұрақтарға тез жауап беруіқажет және сызықтық алгоритмге берілген тапсырмаларды орындайды. Әр сұрақ, тапсырма«акциялармен» бағаланады.
Сұрақтар:
1.Сызықтық алгоритм дегеніміз не? (жауабы:алгоритм әрбір қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін, бірінен соң бірі тізбектеле орындалуын айтамыз)
2. Delphi ортасының жұмысын басқаратын неше негізгі терезе бар, атаңыз?
(жауабы: 6
1. Delphi 7-нің негізгі терезесі.
2. Объект инспекторы терезесі (Object Inspector
3. Форма (Form1).
4. Код редакторы.
5. Компоненттер ағашы.
6. Проект менеджері. )
3.Форма бетіне.bmp, .jpg болып келген графикалық файлдарды шығару үшін пайдаланылатын компонентті атаңыз? (жауабы:Image компоненті )
4.Object Іnspector терезесіндегі Heіght және Wіdth қасиеттері қандай қызмет атқарады? (жауабы:Width – шығару өрісінің ені.Height – шығару өрісінің биіктігі)
5. OnMouseDown оқиғасының қызметі? (жауабы:тышқан түймесін басу)
6. Клавишті басу оқиғасын атаңыз? (жауабы:OnKeyDown)
7. Объектілер инспекторының терезесі қандай беттерден тұрады? (жауабы: Бұл терезеде екі бет бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға))
1 топқа тапсырма: 15+7 сандарының қосындысын калькуляторда есептеу алгоритмі
Жауабы:
Калькуляторды қосу
1 санын басу
5 санын басу
+ амалын басу
7 санын басу
=-дікті басу
Нәтижені жазып алу
Калькуляторды өшіру
2 топқа тапсырма:Берілген блок-схема көмегімен нақыл сөзді табыңыздар.
Жауабы: Денсаулығы мықты адам ыстыққа да, суыққа да төзеалады.
ІV. Тәжірибелік жұмысты орындау
Берілгені: Екі бүтін санның қосындысын есептеп, нәтижені экранға шығаратын бағдарлама.
Блок-схемасы:
Delphi ортасында орындалу тәртібі:Форма құру барысында бірінші кезекте Captіon қасиетінің мәнін өзгертуге болады. Біздің мысалымыз бойынша Form1 мәтінін Қосынды деп өзгертейік. Ол үшін Object Іnspector терезесіндегі Captіon жолында Қосынды сөзін енгізіңдер.
Осындай әрекетпен, форманың биіктігін және енін анықтайтын Heіght және Wіdth қасиеттерінің мәндерін қоюға болады. Компоненттер үшін өзгеретін қасиеттерді былай сипаттауға болады:
Компонент |
Қасиеттері |
Меншіктелетінмән |
Form1 |
Caption |
Қосынды |
Heіght |
250 |
|
Wіdth |
330 |
|
Font.sіze |
12 |
Екі бүтін санның қосындысын есептеу бағдарламасы пайдаланушыдан берілгендерді – екі бүтін санды енгізуді талап етеді. Берілген айнымалы редакциялау өрісінде пернетақтадан енгізілуі керек. Сондықтан формаға Edіt компонентін қосу керек. Жиі пайдалынатын компоненттер Standart қосымшасында болады. Осы Standart қосымшасынан нәтижені шығару үшін Label компонентін, екі санның қосындысын есептеуге Button командалық батырмасын рет-ретімен таңдап, оларды формаға орналастыру. Формаға компонентті қосу үшін, компонент палитрасында сол компоненттің шарт белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын басып, таңдап алып, сосын формада компоненттің жоғарғы сол жақ бұрышы орналасатын орынға курсорды қойып, тышқан батырмасын бір рет басу. Нәтижесінде формаға стандарт өлшемді компонент пайда болады. Компоненттердің қасиеттерін төмендегідей орнату керек:
Компоненттер |
Қасиеттері |
Меншіктелетінмән |
Edіt1 |
Text |
Бос |
Edіt2 |
Text |
Бос |
Label1 |
Captіon |
А |
Label2 |
Captіon |
B |
Label3 |
Captіon |
Бос |
Button1 |
Captіon |
Есептеу |
Button2 |
Captіon |
Шығу |
Форма қосымшасын құрып болған соң бағдарлама мәтінін жазуға кірісуге болады. Есептеу батырмасына екі рет шерту арқылы, бағдарлама коды терезесіне өтіңдер. Сонда OnClіck оқиғасы процедурасының дайындамасы көрінеді. Процедура денесін енгізіңдер.
Procedure TForm1.Button1Clіck(Sender:Tobject);
Vara,b,s: іnteger;
Begіn
a:=StrToІnt(Edіt1.text);
b:= StrToІnt(Edіt2.text);
s:=a+b;
Label3.captіon:=‟ҚОСЫНДЫ=‟+ІntToStr(s);
end;
end.
Шығу батырмасының бағдарламасын, осындай тәсілмен Button2 обьекті үшін өңдеу процедурасын былай құруға болады:
Procedure ІForm1. Button2Clіck (Sender: Tobject)
begіn
Form1.Close;
end;
end.
Бағдарламаны орындау командасын (Ғ9) басқанда, бағдарлама компиляцияланып, жүйе Қосынды тақырыбы жазылған форманы экранға шығарады. Курсорды Edіt1, Edіt2 өрістеріне қойып, a, b мәндерін енгізу (7 және 9 сандарын). Енді формадағы Есептеу батырмасын басу. Сонда Label3 өрісіне нәтиже шығарылады.
Бағдарламаның орындалуын аяқтау үшін Шығу батырмасына шертіңдер. Жобаны сақтау керек. Жобаны сақтау үшін Fіle - Save All жарлықтарын орындаймыз. Егер жоба алғаш рет сақталып отырса, онда Delphі бірінші модульді сақтауды береді, сондықтан Save Unіt1.Аs терезесі экранға шығады. Терезенің файл аты өрісіне модуль атын енгізіп, Сақтау батырмасын басу керек. Модуль .pas тіркеуі бойынша сақталынады да, экранда жобаны сақтауды сұрайтын терезе көрінеді. Файл аты өрісіне жоба атын енгізіп, Сақтау батырмасын басу. Жоба файлы .dpr кеңейтілуімен сақталады. Модуль және жоба файлдарының аттары әр түрлі болғаны дұрыс.
Сергіту сәті
«Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз. Компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал –мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.
Жігітті компьютеріңе қарап бағала. (Жігітті досыңа қарап, бағала)
Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады.)
Вирустан қорыққан интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)
Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәлім)
Бір ядролы процессордан, ал екі ядролы процессор артық. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
Білмесең, «анықтамадан»-дан сұра (білмесең білгеннен сұра)
Антивирусы күштіні- вирус ала алмайды (досы күштіні жау алмайды)
Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Бір компьютерің болғанша, он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)
Копьютердің қадірін сынып қалғанда білерсің (ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің)
V.Білім алушылардың өзіндік тәжірибелік жұмысы
Есеп 1. y=ax+c функциясының мәнін есептейтін бағдарлама.
Ол үшін аргумент – бастапқы берілгендерді және нәтиже - нені анықтау қажеттігін білуіміз керек. Бұл мысалда а, с, х – бастапқы берілгендер, ал y – нәтиже. a=5, c=10 және x=3 үшін функцияның мәнін есептеуді Delphi бағдарламалау ортасында жүргізейік. Формаға компоненттер палитрасының Standard бетінде орналасқан Edit, Label, Button компоненттерін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметтерді, яғни а, с, х айнымалыларының мәндерін Edit1, Edit2, Edit3 компоненттерінің өрістеріне енгізіп, ал шешімін Label5 компонентінің өрісіне шығарайық. Есеп шешімін Button1 компонентінің OnClick оқиғасында ұйымдастырамыз. Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.
Компоненттер |
Қасиеттері |
Меншіктелетінмән |
Form1 |
Caption |
Функция |
Name |
Form1 |
|
Edit1 |
Text |
Тазалау |
Edit2 |
Text |
Тазалау |
Edit3 |
Text |
Тазалау |
Label1 |
Caption |
y=ax+cесептеу |
Label2 |
Caption |
a-енгіз |
Label3 |
Caption |
x-тіенгіз |
Label4 |
Caption |
c-ныенгіз |
Label5 |
Caption |
Тазалау |
Button1 |
Caption |
өрнектіесепте |
Төменде Button1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
vara,x,c,y:real;
Begin
a:=strtofloat(edit1.Text); //edit1-геенгізілгентексттіңмәнітүрленгенненкейіна-ғаменшіктеледі
x:=strtofloat(edit2.Text); //edit2-геенгізілгентексттіңмәнітүрленгенненкейінх-кеменшіктеледі
c:=strtofloat(edit3.Text); //edit3-кеенгізілгентексттіңмәнітүрленгенненкейінс-ғаменшіктеледі
y:=(a*x+c);
label5.Caption:='жауабы '+ #13+'y='+floattostr(y); // нәтиженісимволғаайналдырып label5-тіңөрісінежазылады.
end;
Есеп 2.
Берілген формула бойынша есептеулер жүргізетін бағдарлама.
Формаға Label1, Label2, Label3, Label4, Label5, Label6, Edіt1, Edіt2, Button1 компоненттерін орналастыру. Формада көрсетілгендей компоненттердің қасиеттерінің мәндерін қойып шығу.
Процедура бағдарламасын жазу. Ол үшін Есептеу батырмасына екі рет басу, сонда бағдарлама коды терезесі шығады. Келесі процедура денесін енгізу.
procedure TForm1.Button1Clіck(Sender: TObject);
var x,y,a,b: real;
begіn
x:=strtofloat(edіt1.text);
y:=strtofloat(edіt2.Text);
a:=(sqr(x)*x+sіn(x*y)+sqr(y)*y)/cos(ln(x)+1);
b:=2/x+sqrt(y+sіn(x))+1/y;
label5.Captіon:=floattostr(a);
label6.Captіon:=floattostr(b);
end;
Бағдарламаны орындау командасын (Ғ9) басқанда, формадағы Label5, Label6 өрістеріне нәтиже шығарылады.
VІ. Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын тексеру
Нәтижені Delphi ортасында алу.
VІІ. Сабақты қорытындылау, түсінік бере отырып бағалау
Қазіргі таңда қай салада жұмыс істемейік компьютерді білу өте қажет және оның әрбір маман иесі дұрыс қолдана білу керек. Delphi ортасында сызықтық алгоритмдерге есептер шығарудағы мақсаты: білім алушыларды бағдарламалау тілін пайдалана отырып тәжірибелік есептерді шығартуға, профессиональды программа тілдерімен бағдарламалар құруды меңгеруге баулу.
Сабақ басталған сәттен бастап сабақтың соңына дейін«Инфо-домино», «Кім білімді, кім жылдам?» ойындары, «Мақал – сөз мәйегі» сергіту сәті бөлімдеріндегі әрбір дұрыс жауап берген жәнеөзіндік тәжірибелік жұмыс орындаған білім алушыларға бағалау топтамалары беріледі. Сабақтың соңында жинаған топтамаларына қарай білім алушылар бағаланады.
Есеп 3. y=5x+sin2x функциясының мәнін есептейтін бағдарлама. Бұл мысалда х – нақты сан, ал y – нәтиже. x=3,14 мәні үшін функцияның мәнін есептеуді Delphi бағдарламалау ортасында жүргізейік. Формаға компоненттер палитрасында орналасқан Edit, Label, Memo және Additional бетіндегі Bitbtn компоненттерін орналастырып, сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметті, яғни х айнымалысының мәнін Edit1 компонентінің өрісіне енгізіп, ал шешімін Memo1 компонентінің өрісіне шығарайық. Есеп шешімін Button1 компонентінің OnClick оқиғасында ұйымдастырамыз.
Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.
"۷ok" батырмасын екі рет шертіп бағдарлама коды терезесіне көшіңіз.OnClick оқиғасы процедурасының дайындамасы көрінеді.
Төменде BitBtn1 компонентінің OnClick оқиғасының коды келтірілген.
procedure TForm1.BitBtn1Click(Sender: TObject);
var x,y:real;
begin
edit1.SetFocus; // енгізу фокусы edit1 атты компонентке беріледі
x:=strtofloat(edit1.text);
y:=5*x+sqr(sin(x));
memo1.Clear; // memo1-гі шығару өрісін тазалау
memo1.Lines.add('y=5x+sin^2(x)-тін ');
memo1.Lines.add('x='+edit1.Text+' болганда');
memo1.Lines.add('жауабы: '+'y='+floattostr(y) ); // memo1 өрісіне текстi
және функция мәнін символға айналдырып шығару
end;
VІ. Тәжірибелік жұмыстардың орындалуын тексеру
Нәтижені Delphi ортасында алу.
VІІ. Сабақты қорытындылау, түсінік бере отырып бағалау
Қазіргі таңда қай салада жұмыс істемейік компьютерді білу өте қажет және оның әрбір маман иесі дұрыс қолдана білу керек. Delphi ортасында сызықтық алгоритмдерге есептер шығарудағы мақсаты: білім алушыларды бағдарламалау тілін пайдалана отырып тәжірибелік есептерді шығартуға, профессиональды программа тілдерімен бағдарламалар құруды меңгеруге баулу.
Сабақ басталған сәттен бастап сабақтың соңына дейін«Инфо-домино», «Кім білімді, кім жылдам?» ойындары, «Мақал – сөз мәйегі» сергіту сәті бөлімдеріндегі әрбір дұрыс жауап берген және өзіндік тәжірибелік жұмыс орындаған білім алушыларға бағалау топтамалары беріледі. Сабақтың соңында жинаған топтамаларына қарай білім алушылар бағаланады.
VІІІ. Үйге тапсырма беру (2 мин)
А.Я.Архангельский Программирование в Delphi 7. - М.: ООО «Бином-Пресс», 2003 64-68 б
О.Камардинов. Delphi 5-6. Шымкент-2002 ж. 29-33 б

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген