жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Демалу мәдениеті. Мейрамдар. Мен және қоғам
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: дүниетану Сынып: 3 сынып Күні: 01.06.2018 Ортақ тақырып: Демалу мәдениеті. Мейрамдар. Сабақтың тақырыбы: Мен және қоғам |
Мектеп: Рудный қаласы әкімдігінің Дм. Карбышев атындағы №14 орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Балым Сабитхановна Қатысқандар: 24 Қатыспағандар саны: -- |
|
|
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
3.1.2.3 қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: әдеп нормаларын біледі, жағдаяттарды шешеді; Көбі: қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіреді; Кейбірі: қоғамдық орындардағы тәртіп ережесін құрастырады. |
|
|
Бағалау критерийлері |
Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін атайды. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Қоғам, тәртіп үлгісі Әдеп дегенді қалай түсінесіңдер? Әдептілік қайдан басталады? |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет, жауапкершілік, өмір бойы білім алу |
|
|
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Сабақ уақытында қауіпсіздік ережелері. |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу |
|
|
АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетініз) |
Интербелсенді тақта, бейнебаян |
|
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Мектепте, үйде өзін-өз і ұстау нормаларын біледі. |
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ширату жаттығу: «Миға шабуыл» Балалар жартылай шеңберге тұрып , допты лақтырып қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздер айтады. -рахмет - Айып етпеңіз! - Сәлем! - Ғафу етіңіз. - Амансыз ба ? - Оқасы жоқ - Қош келдіңіз! - Кешірім өтінем. - Сізді көргеніме қуаныштымын. - Сау болыңыз! - Кешіріңіз! - Қош болыңыз! – Көріскенше!
Топқа бөлу. Бағалау парақшасы таратылады. Әр тапсырмадан кейін өздерін бағалап, сабақ соңында қорытынды шығарады. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ ортасы |
Т.Қ. «Кейс – стади» әдісі Жағдаяттарды шешу 1-жағдаят Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сздерін қалай да күлкіге айналдыруға да әуес. Сұрақ: Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады? 2-жағдаят Назым әп-әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп-нәзік, биязы бойжеткен көз алдымызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айырылып жүре береді. Сұрақ: Назымға қандай кеңес берер едің? 3-жағдаят Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған үлкен кісілер: - Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады, - деп бір-біріне мақтай бастады. Сұрақ: Арманның айналасына ерекше көрінуінің сыры неде?
Ж.Қ. «Кинометафора» әдісі Бейнебаяннан үзінді көрсетіледі, балаларға өз ойымен аяқтау ұсынылады.
(Ө) «Еркін жазу стратегиясы» Қоғамдық орындардың біреуін т аңдап алып, ондағы сақталуы тиіс тәртіп ережелерін құрастырыңдар. • Белгінің тұсына ережені жазыңдар. • Сыныптастарыңа мағынасын түсіндіріңдер.
Сыныптастармен телефонмен сөйлесу әдебі
Қоғамдық көліктегі сөйлесу әдептері.
Отбасында, дастархан басындағы өзін ұстау әдебі.
|
Бейнебаян: https://imektep.kz/kz |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Ұ. «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады. Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды ...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.................(айғайлауға болмайды.) - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау- оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Барлық оқушылар: әдеп нормаларын біледі, жағдаяттарды шешеді; Оқушылардың басым бөлігі: қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіреді қоғамдық орындардағы тәртіп ережесін құрастырады.
|
Бағалау парақшасы
|
Сабақ уақытында оқушылар қозғалысының ережесін сақтау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты дұрыс қойылған ба? Сабақтың мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылар бүгінгі сабақта не үйренді? Қоғамдық орындардағы әдеп нормалары. Жоспарланған саралау жақсы өтті ме? Менің ойымша жақсы өтті. Сабақ мақсатына жетті ме? Жетті деп ойлаймын. Сабақ жоспарына қандай өзгеріс еңгізілді? Белсенді, саралап оқытудың жаңа әдіс тәсілдері.
|
Бұл бөлімдім сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыныз.Өз сабағыныз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап берініз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылар бүгінгі сабақта отбасына қажетті тұтыну заттарымен танысты. Жоспарланған саралау жақсы өтті. Сабақ мақсатына жетті. Жоспарға оқушы деңгейіне қарай тапсырмалар беру еңгізілді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі 1: Жеке тапсырмалардан жақсы нәтиже көрдім. 2: Оқушы құндылықтары ескерілгені. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады 1: Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану. 2: Сабаққа деген қызығушылықтардың еселенуі. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылапрдың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген