жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Демалыс үшін не қажет 1 сынып
Сабақ тақырыбы: Демалыс үшін не қажет? |
Мектеп: №4 ЖОББМ |
||||
Күні: 04. 12. 19 |
Мұғалімнің аты-жөні: Айқын Гүлдана |
||||
Сынып: 1 в |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) |
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу
|
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: адам қай жерде және қалай демалу керектігін біледі. Оқушылардың басым бөлігі: адамның өсуіне және дамуына қажетті заттарды анықтайды; Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
||||
Тілдік мақсаттар
|
Ұйқы, демалу, каникул, күн тәртібі |
||||
Бағалау критерийі |
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек және шығармашылық |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану,өнер,математика |
||||
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Тірі табиғат. Жанды және жансыз заттар |
||||
Сабақбарысы |
|||||
Жоспарланған уақыт есебі |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
2 минут
|
Амандасу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. Психологиялық
ахуал: -Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды). -Қайырлы таң, құлақтарым! -Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды). -Қайырлы таң, қолдарым! -Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды). -Қайырлы таң, аяқтарым! -Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу). -Қайырлы таң, ұстазым! -Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады) Оқушылар орындарына отырады.
Қызығушылықтарын арттыру: Оқушыларға 1-7 сандарды таратып беру. Сандардың артына әріптер бар. Сандарды өсу ретімен орналастырса, сабақтың тақырыбын білдіретін сөз шығады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұғалім мен оқушылар бірігіп хабарлайды. |
Сандар және әріатер жазылған қима қағаздар |
|||
Сабақ ортасы 6 минут
2 минут
4 минут
7 минут
4 минут
5 минут
5 минут |
Жаңа сабақ: «Демалыс деген не?» деген сұраққа жауап бере отырып кластер құрастырады. Кластерге демалысқа байланысты сурет не сөздер жазуы керек. Олар оны таңдап, қорғауы керек.
ОЙНАМЫН СЕРУЕНДЕЙМІН ТАМАҚТАНАМЫН ҰЙЫҚТАЙМЫН КІТАП ОҚИМЫН ҮЙ ШАРУАСЫН ІСТЕЙМІН Қ/б: «Баспармақ әдісі»
«Ой қозғау» Суретке назар аудар.
(оқушыларсұраққа өз ойынша жауап береді.)
Қ/б: «Мадақтау сөздер»
«Қызықты демалыс» Тақтада демалыс күндері туралы суреттер ілініп тұрады, оқушылар сурет туралы өз ойын айтады және каникулда өзі қалай демалғаны туралы айтып береді.
Күн тәртібі.
Күн тәртібі деген мультфильм көру. Күн тәртібі – бұл тәулік бойындағы еғбектену, тынығу және тамақтану уақыты белгіленген кесте. (Оқушылар өз ойын айтады.)
Зерттеу жұмысы: 3 топқа бір қыздың күн тәртібі сурет түрінде беріледі. Әр топ күннің мезгілін білдіретін сөз алады. Таңертең, түсте, кешке. Оқушылар алдарындағы суреттердің тиістісін алып, өзінің мезгіліне байланысты жабыстыру керек.
Дәптермен жұмыс: Өз күн тәртібін құрастырады. Ол үшін Растишка көмекке келеді. (Сағатты қимау үшін оқушы белгіні тиісті сағатпен байланыстырады. Түсінікті болуы үшін белгінінің түсімен байланыстырған дұрыс)
Ойлан. Ұйқың қанбаса, өзіңдң қалай сезінесің? Көрініс арқылы көрсетеді.
|
Суреттер мен жазулар
Оқулық 38 бет
Суреттер
http://smk.edu.kz/Bank/Download/ec4db213-5386-4da8-9564-813dfbf66a41
Күн тәртібінің суреттері «Таңертең, Түсте, Кеште» деген сөздер |
|||
Сабақтың соңы 3 минут |
«Тазалық» Чемодан – тақырыпты түсіндім, мен оны чемоданыма салып аламын. Қоқыс шелегі – тақырып маған қызық емес, мен оны қоқысқа тастаймын. Ет тартқыш – мен бұл тақырып туралы әді де білгім келеді. Бағалау. «Смайлик» |
|
|||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|||
Дене мүшесінің қызметін атап, көрсетеді. |
Адамның дене мүшелерінің атауын атап, көрстетеді, қызметін айтады.
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
|
|||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген