400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Демографиялық көрсеткіштер және демографиялық жағдай. 8 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Бөлім 8.4Әлеуметтік география

Бөлімше 4.1 Халық географиясы .


Күні:20.02.2020


Сынып: 8


Мектеп: М.Мәметова атындағы ЖОББМ


Мұғалімнің аты-жөні:

Тохметова Саягуль Толегеновна.


Қатысқандар:14


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.1.4- елдердің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып



Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:

Туған өлкеміздің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде түсіндіреді.

Оқушылардың басым бөлігі:

АКТ-ны қолдану арқылы кестемен жұмыстанып, елдердің демографиялық

көрсеткіштерінің графикалық туындыларын құрастырады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

АКТ-ны колданып электронды кестемен жұмыстанып, елдердің демографиялық көрсеткіштерінің графикалық туындыларын салыстырады.


Бағалау критерийі

  • Қолдану:Демографиялық көрсеткіштерді графикалық түрде бейнелейді.

  • Синтез:Берілген елдердің демографиялық көрсеткіштерінің графикалық туындыларын құрастырады.

  • Бағалау:Туған өлкеміздің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып салыстырады.


Тілдік мақсаттар

Термин сөздермен жұмыс: Абсолют көрсеткіштері, Халықтың табиғи өсуі, Халықтың механикалық қозғалысы,Салыстырмалы көрсеткіштері, Туу және өлім коэффициенті, Табиғи өсу коэффициенті

Оқылым:Оқулықтағы және берілген сайттағы мәліметтерді оқиды.

Айтылым: Ойларын ортаға салады,топта пікір алмасады.

Тыңдалым:. Бір-бірін тыңдайды.

Жазылым:Тапсырмаларды орындай отырып, дәптерлеріне елдердің демографиялық көрсеткіштерінің графиктерін құрастырып жазады

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының Қазақстан халқының табиғи өсуін арттыруға бағытталған бағдарлама аясында: Халық денсаулығын жақсарту,Салауатты өмір салтын ұстану, Ана мен балаға қамқор болу құндылықтарын ескере отырып, оқушылардың бойында қалыптастырамыз:

  • Әрбір адамға азаматтық жауапкершілікпен қарау.

  • Жеке тұлға ретінде өз пікірін,ойын білдіру.

  • Алған білімін өмірде қолдана білу,ашықтыққа үйрену.

  • Топтық жұмыс кезінде бір-бірінің пікірін тыңдауға,ынтымақтастыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Математикамен:өлшем бірліктер, графиктерді пайдаланған кезде.

Информатикамен:компьютер,интербелсенді тақта,информатикалық программалармен ( Powerpоint, paint )жұмыс істегенде.

Алдыңғы оқу

8.4.1.1 ;8.4.1.2; 8.4.1.3; сыныпта өткен тақырыптары бойынша білімін еске түсіреді.алдындағы тақырыпта алған білімдері бойынша жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут

























Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

  • «Аялы алақан » бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіру,тілек тілеу.(Сергіту сәті)

  • «1 минуттағы ой» әдісі бойынша мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады.. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды,түсіндіреді бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек. жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру,мақсатын талдау.



Топтарға бөлу. Қаламдар арқылы топқа бөлу. Оқушыларға қалам таратылады,макалдар жазылған.Қалакмдағы қағаздарындағы сөздер бойынша топқа бөлінеді.Отбасы демографияда басты мәселе екені айтылады.

І топ: «Әке асқар тау»

ІІ топ: «Ана өмірдің шырағы»

ІІІ топ: «Бала бауыр етің»

«Серпілген сауал» әдісі допты лақтыру арқылы алдындағы өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Картаға сипаттама беруде :

  • Халықтың саны бойынша алдыңғы қатарлы елдерді көрсет.

  • Халықтардың жас – жыныстық картасында нелер көрсетілген?

  • Негізгі ұлттар мен діннің түрлерін ата






Таратпа қағаздар.







Түрлі қаламдар












Доп

Сабақтың ортасы

9 минут

Қолдану







1.Тапсырма“Ойлан-жұптас-талқыла” әдісі арқылы жеке, жұптық, жұмыс жүреді. Тиімділігі оқушылардың оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары қалыптасады, өз ойын ашық айта алады.Видео арқылы Ақадыр кенттінің бас маманы Аманкул апаймен оқушылардың кездесіп Ақадыр халқының көші қоны,ұлттық құрамы ,халықтың өсімі туралы сұхбаты көрсетіледі.М.Маметова атындағы ЖББОМ оқушыларының санын ,үлттық құрамын анықтау.

.Ақадыр халқының демографиялық көрсеткіштері берілген.

• Ақадыр елді мекенінің демографиялық көрсеткіштерінің орташа мәндерін есептеңіз.

• Шыққан көрсеткіштерді графикте көрсетіңіз .

• Ақадыр халқының табиғи өсуі арасындағы

айырмашылықты түсіндіріңіз


Бағалау кретерийі

Дескриптор



Демографиялық көрсеткіштерді

графикалық түрде бейнелейді


− есептеулерді дұрыс жасайды;

− көрсеткіштерге сәйкес графикте құрады;

− Ақадыр халқы арасындағы табиғи өсудің айырмашылығын

түсіндіреді.


Қ.Б әдісі« Түрлі түсті гүлдер»

Жасыл түсті гүл-ең белсенді ,жұмыстың көп бөлігін орындаған топ мүшесіне беріледі.

Сары түсті гүл-ең сыпайы,жұмыстың орындалуына көп үлесін қосқан топтағы оқушыға беріледі.

Қызыл түсті гүл-белсенділігі аздау болған оқушыларға беріледі.

Оқушыларды гүлдер арқылы топ басшысы бағалайды.

Бұл әдісті алу мақсатым:Оқушылардың демографиялық көрсеткіштерді графикалық түрін қаншалықты бейнелегенін анықтау.

Белсенділігі аздау болған оқушыларға осы мәтінге ұқсас тапсырма беріп және белсенді оқушының көмектесуі арқылы оқушымен өзіндік кері байланыс жасау арқылы бағалаймын. Білім дағдыларын қалыптастырып нәтижеге қол жеткіземін.





Үлестірмелі материалдар





















Түрлі-түсті

гүлдер


2 -мин



Талдау

Синтез


15 минут

2-тапсырма. «Ойлан,жұптас, талқыла » әдісі.Топтық жұмыс

Бұл әдістің тиімділігі оқушылар кестелерді пайдаланып. Өз пікірін білдіріп, талқылайды, жеке, жұптық,топтық жұмыс жасайды.

Ітоп:А) Ақадыр халқының ұлттық құрамын анықтау:


ІІ топ:Б) Мектебіміздің ұлттық құрамын анықтау




ІІІ топ:В) Қазақстанның ұлттық құрамы.


Бағалау критерийі

Дескриптор


Ақадыр халқының демографиялық көрсеткіштерінің графикалық туындыларын құрастырады.


-Ақадыр және мектебіміздің ұлттық құрамы графигін жасайды.

Қазақстандағы ұлт өкілдерінің таралу графигін құрастырады





К.Б. «Бас бармақ » әдісі бұл әдістеТүсінгендерін көру үшін бас бармақпен көрсетеді..

Оқушылар өздерін бағалайды. Көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазамын. тапсырманы толық орындай алды.Менің мақсатым: оқушылардың Туған өлкесінің демографиялық көрсеткіштерінің графикалық туындыларын қаншалықты құрастырғанын анықтау.


Ғаламтор желісіне алынған


Үлестірмелі материал


Бағалау

7 мин

3-тапсырма. Жұптық жұмыс.

« Үштік» әдіс (Ойлан,жұптас, бөліс)Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары қалыптасады, өз ойын ашық айта алады.

Туған өлкеміздің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрлерін қарастырады.

Бағалау критерийі

Дескриптор


Туған өлкеміздің демографиялық графикалық түрде ұсынып салыстырады.


Туған өлкеміздің демографиялық көрсеткішерін графикалық түрде дәлелдейді.

Туған өлкеміздің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрлерітуралы мәлімттер жинақтайды.

Туған өлкеміздің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрлерін салыстырады.

Туған өлкеміздің демографиялық көрсеткіштерін графикалық түрлеріне қорытынды жасайды.


Қ.Б.«Табыс ағашы» қызыл алма-орташа.Сары алма-жақсы.

жасыл алма- өте жақсы.

Бұл әдістің алған мақсатым:Берілген елдердің демографиялық көрсеткіштерінің графикалық туындыларын қаншалықты салыстырғанын бағалау.Оқушыға тапсырма беру арқылы білім нақтылаймын.Сабақта белсенді әдістер қолдану арқылы оқушының өзіндік кері байланыс жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік беремін.



АКТ құралдары



3 мин




















Кері байланыс

3 минут

«Табыс сатысы» әдісі

Мен меңгере алмадым

Жартылай меңгердім

Мен толықтай меңгере алдым

Мақсатым: .

Сабақта белсенді әдістер қолдану арқылы оқушының өзіндік кері байланыс жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік беремін

Ағаш суреттері

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі