400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Дене жаттығуларының негізгі құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетін танып. Оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет. Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар: ә) ойын жаттығулары: б) туристік жаттығулар в) спорттық жаттығулар-спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс № 11

Тақырыбы: Дене жаттығуларының негізгі құрамы


Жоспар:

1. Дене жаттығуларының негізгі құрамы

2. Денешынықтыру міндеттері

3. Дене шынықтыру құралдары


Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетін танып. Оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет.

Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді:

а) гимнастикалық жаттығулар:

ә) ойын жаттығулары:

б) туристік жаттығулар

в) спорттық жаттығулар-спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.

Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар күш жылдамдығы жаттығулары жаттығушылардың күштерін дамытады, төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар, үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар, икемділікке арналған жаттығулар, комплексті қмылды талап ететін жаттығулар.

Жаттығуларды білім деру мақсатына қарай топтау: негізгі жаттығулар Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін жаттығулар., дайындық жаттығулары.Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар, жақындататын жаттығулар-негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын қимыл- әрекеттер.

Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттеріне , кеуде бұлшық еттеріне , аяқ-іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Қозғалысқа арналған жаттығулартобы:а) циклді жаттығулар (жүру, жүгірут/б), циклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика , жеке сайыс т/б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулар бар спорт ойындары.

Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау а) өте жоғары қарқынмен орыедалатын жаттығуларб) қатты қарқанмен орындалатын жаттығулар. в) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар. [1]

Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар:Жаттығулардың адам органзміне әсер етуі әртүрлі себептерге байланысты: оқыту процесі екі жақты –ұзтаз оқытады , оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығуларың әсер ету сипаты бойынша , ақылына, білім деңгейіне , қимыл дағдысына , дене қуатына ынтасына байланысты

Дене жаттығуларының негізгі түрлері белсенді бұлшық ет массасының көлеміне байланысты жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Жергілікті-бұлшықеттердің шамамен 30% қатысатын жаттығулар. Оларға кейбір гимнастикалық жаттығулар, тапанша немесе садақ ату жатады.

Өңірлік жаттығуларға бұлшық ет массасының 20-30% қатысады. Бұл гимнастикалық тренингтер болуы мүмкін, олар тек дене мен қолдың бұлшық еттері.

Жаһандық жаттығуларға барлық дене бұлшық етінің 60% - дан астамы белсендірілген көптеген спорт түрлері жатады. Жүгіру, жүзу, есу, штанганы көтеру, велосипедпен жүру, шаңғымен жүгіру және т.б. жаһандық кезеңге жатады.

Барлық спорттық физикалық жаттығулар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Гимнастарда тіркелген қалпын сақтау немесе көрсеткіде көру сәті, мысалы, жаттығудың статикалық түрі болып табылады. Қалғандары динамикалық болып саналады.`

      Дене  шынықтырудың аталған мақсатына  сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:

Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.

Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары  мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат, шыдамдылық, т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.

Тәрбиелік міндеттері: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық  және еңбек тәрбиесіне ықпал ету. Бұл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жастарға байланысты олардың жас  ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.

      Жан-жақты  мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады.

      Дене  шынықтыру жүйесінің мақсаттылығы - жан-жақты бағытта екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене тәрбиесімен айналысушылардың жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.

      Дене  шынықтыру жүйесін одан әрі дамыту Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан 2030" стратегиясында жылғы Қазақстан  Республикасының халқына Жолдауында дене шынықтыру және спорт жөніндегі  Заңда, нақты қаулы-ларда көрініс  тапқан.

      Дене  шынықтыру жүйесінің халықтығы - оның өмір талабына сәйкестігі. Еліміздің түрғындарының денсаулығын нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары, жеке адамның әл-ауқатын сондай-ақ, халықтық, ұлттық спорт ойындары түрлерін дамыту болып табылады.

   Халықтың дене шынықтырумен айналысу — мемлекеттік маңызды іс.

Ғылымилық - дене шынықтыру жүйесінің сипатты  белгісі болып табылады. Зерттеу негізінде бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары жасалады және жетілдіріледі. Дене шынықтыру құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар анықталады, әрбір жас кезеңіне қарай дене дамуының, дене әзірлігінің өлшем көрсеткіштері жасалады.

      Зерттеулер  нәтижесінде алынған жаңалықтардың  бәрі мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық орындардың және отбасы тәжірибесінде  жүзеге асырылады.

      Дене  шынықтыру  мәселелерін негіздеу мен ғылыми- зерттеу жүргізуге  жұмылдыратын ғылыми-педагогика мамандарын даярлау жөнінде маңызды шаралар  жүргізіледі.

      Дене  шынықтыру жүйесі төмендегі топтардан  құрылған.

    Мектеп жасына дейінгі балалар  дене шынықтыруы (отбасында, балабақшада, балалар үйінде 1 жастан 7 жасқа дейін).

9 жылдық  және орта мектепте, арнаулы оқу  орын- дарындағы дене шынықтыру. Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру.

   Сонымен қатар, дене тәрбиесі сауықтыру-профилактикалық, емдеу мекемелерінде, демалыс  орындарында, дене жаттығуларын радио, телехабарлары арқылы беру түрінде  ұйымдастырылады. [2]

  Дене  шынықтыру құралдары

   Дене  шынықтырудың негізгі құралдары: дене жаттығулары, гимнастика, спорт, ойын, саяхаттар. Жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) және еңбектегі гигиеналық жағдай.

   Дене  жаттығулары. Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығуларының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мұндай жағдайлар:

  • жаттығулар түрлерінің ағзаға әр түрлі әсер етуі;

  • дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға байланыстылығы;

  • жаттығулар өлшемі, ұзақтығы, саны жас ерекшелгіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деңгейі және айналысушының денсаулық жағдайы;

  • сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдануымен анықталады.

   Жасөспірімдер мен балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде әр түрлі жаттығулар түрлері  қолданылады. Дене шынықтыру міндеттерін  іске асыруда жаттығулар тиімділігіне, орындалу барысындағы жағдайға, дене жаттығуларын іріктеп алуға ғылыми тұрғыда қарау мен дене жаттығуларының  денеге әсерін қадағалау қатаң есеп беруді талап етеді. [3]

      Гимнастика. Гимнастика - дене шынықтырудың негізгі құралының бірі - адамның денсаулығын нығайту мақсатындағы арнайы іріктелген дене жаттығуларының ағзаға әсері, қозғалыс іскерлік дағдыларын дамыту, ерік- жігер қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ дене дамуындағы кейбір қайшылықтырды жою болып табылады.

      Гимнастика  жаттығулардың әр түрлілігі, ең қарапайым жаттығудан, күрделі жаттығуға ауысуы, аралас жаттығулардан, снарядсыз жасанды жаттығуларға көшуі, снарядтар қолданылатын жаттығулардың ағзаға жан- жақты әсері, сонымен қатар спортшының денесіне түсетін салмақтың нақты реттелуі арқылы ерекшеленеді.

     Гимнастикалық жаттығулар әдемі, көркем, мәнерлі, нақты  орындалуымен ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін салмақты реттеудің дене қызметімен қатар, емдік маңызы бар. Әр түрлі жастағы спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды кең көлемде пайдалануы жоғарыда аталған ерекшелікті дәлелдейді.

      Дене  шынықтыру жүйесінің даму кезеңінде  гимнастиканың міндеттері анықталып  және олардың түрлері белгіленеді.

   а)    негізгі гимнастика;

   б) гигиеналық гимнастика;

   б) спорттық гимнастика;

   в) акробатика;

   г) көркем гимнастика;

   д) қолданбалы гимнастика, оның құрамына спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік және емдік гимнастика жатады.

      Қорытынды: Біздің  елімізде дене шынықтыру мақсаттары, міндеттері адамның жан-жақты дамуы  жөніндегі білім негізінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады.Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға даярлау болып табылады. Бұл мақсат адамдардың дене шынықтыруды жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады. [3]


Пайдаланылған әдебиет:

1.Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің әдістемесі» -Өскемен.: ШҚМУ баспасы, 2006.

2. Мұхаметжанова Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. – А, 2006. – 320б.

3.Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі. – Алматы, 1995. – 180б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі