400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру ашық ҰОҚ .Ортаңғы топ.Тақырыбы: "Ергежейлілер мен сиқырлы гүл".

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ортаңғы топ тәрбиешілері үшін балаларды салауатты өмір салтына баулу үшін жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбдіғалиева Ғалия Мұқанбетжанқызы

Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы

«Балдырған» санаторлық бөбекжай бақшасы

«Ергежейлілер мен сиқырлы гүл»

Дене шынықтыру ашық ҰОҚ . Ортаңғы топ.



ҰОҚ мақсаты:гимнастикалық орындық үстіне жатып алып,қолдармен орындық тақтайшасы шеттерінен тартыла алға қарай жылжуды үйрету;бөрене үстімен тепе теңдік сақтап жүруді,доға астынан төрт тағандап өтуді бекіту.Балалардың белсенділгін арттырып,қимыл қозғалыстарын дамыту арқылы оларды спортқа қызығушылықтарын арттыру. Жинақылыққа,жылдамдыққа,шыдамдылық пен достыққа тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар:

Балаларға ергежейлілер баскиімі,әр балаға екі шамшырақ,қоңыз ойыншығы,гүл, фото суреттер,гимнастикалыық орындық,бөрене ,екі доға,төсеніштер,жұлдызшалар



Оқу қызметінің барысы:

Балалар залға кіріп,дөңгелене тұрады,қонақтармен қазақ және орыс тілінде амандасады.

Жүргізуші:Балалар, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме?Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер ертегі кейіпкерін тауып айтып беріңдер

Қалпақтары басында

Тұрағы олардың орманда

Бойлары бар екен бір тұтам

Қимылдары тым жылдам.

Кімдер екен бұл,табыңдаршы балалар?

Балалар:Ергежейлілер.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар. Менің қолымда ергежейлілер сиқырлы қалпақтары бар,қараңдаршы. Қалпақтарды киіп алып бізде ертегі кейіпкерлеріне айналайық. Ергежейлілер күнімен жұмыс істеп,кеш бата ұйықтап қалады екен. (балалар отырып,көздерін жұмады).Таң ата ергежейлілерді орманның салқын тентек желі оятады екен,жамылғылардың астына кіреді,ергежейлілердің аяқтарынан қытықтайды,жоғары көтеріле іштерінен қытықтайды,көтеріліп беттерінен қытықтайды,мұрнынан қытықтайды...

Аапчхи!деп ергежейлілер оянады,керіледі,созылады,бірібіріне қарайды,бірі бірімен амандасады.Саусақпен амандасады,басымен амандасады,мұрнымен амандасады,қолымен амандасады.

Жүргізуші:Білесіңдерме,мен түсімде керемет бір сиқырлы гүл көрдім. Ол қараңғылық басқан орманның арғы жағындағы алаңқайда өсіп жатыр екен. Балалар,сиқырлы гүлге барайықшы?Сиқыры оның неде білейікші.Қараңғы орманнан өту үшін жарық қоңызыдан оның сиқырлы шамдарын алайық.

Балаларды жүргізеді.Жүру түрлері:қолдарын оңға солға сермеп аяқты тізеден жоғары көтеріп жүру,қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен жүру;қолды арқа қайырып өкшемен жүру;еңбектеу төрттағандап;жүгіру (жаңбыр жауып кетті);аяқты алшақ басып жүру (шалжық судан аттап жүреміз).

Жүргізуші:Мінекей жарық шашатын қоңызғада жеттік,шамдарын алып орманды жарық қылайық.

Балалар екі сапқа бөлініп тұрады.

Жалпы жетілдіруші жаттығуларды шамдармен орындайды.

Жалпы жетілдіруші жаттығулары:

1Б.қ:қол төменде,аяқ қосулы. Басты айналдыру.

2.Б.қ:қол белде,аяқ иық деңгейінде. Иықты көтеріп түсіру.

3 Б.қ:қол төмендде,аяқ қосулы. Шамдарды алға созу,жоғары көтеру,жан жаққа қою,төмен түсіру.

4.Б.қ:аяқ иықтың деңгейінде,қолдар құлаш жайып жан жаққа созулы. Жартылай артқа қарай оң жағынан бұрылу,б.қ келу. Сол жаққа бұрылу,б.қ келу.

5.Б.қ:тізерлеп отыру,қолдарды жоғары көтеру. Өолдарды айқастыра қозғау.

6.Б.қ:қолдарды жартылай көтеріп айнала секіру.

Орманды жарық еттік шамдар енді бізге әзірге керек емес,оларды жарық шашатын қоңызға қайтарып берейік,,енді ары қарай жолға шығайық.Балалар,жолда бізді кедергілер күтіп тұр екен:кедергілерден батылдықпен өтейік.

Негізгі жаттығулар:

1Бөрене үстімен жүру (батпақтардан өтейік)

2.Доға астынан еңбектеп өту (үңгірден өтейік)

3.Гимнастикалық орындық үстіне жатып,қолмен тартыла алға қарай жылжу (өзеннен жүзіп өтейік)

Қимылды ойын «Түстес шамды тап».Балалар қолдарында бір бір шамнан. Музыка басталысымен балалар еркін бағытта жүре бастайды. Музыка тоқтағанда әркім өзінің қолындағы шамға түстесін тауып тұрақалады.

Ойыннан кейін жүргізуші балаларды тұрғызады,өзі өздеріне массаж жасау жаттығуларын жүргізеді:

Танауыңды ысқыла:бір,екі,үш,төрт,бес

Танау астын ұмытпа: бір,екі,үш,төрт,бес

Қасты керіп сен тара:бір,екі,үш,төрт,бес

Маңдай терін сүртіп ал:бір,екі,үш,төрт,бес

Құлаққасырға тағып ал:бір,екі,үш,төрт,бес

Шашты тара артыңа:бір,екі,үш,төрт,бес

Мойыныңа алға тағып ал:бір,екі,үш,төрт,бес

Алқа артын іліп ал:бір,екі,үш,төрт,бес.

Жүргізуші:Мінекей сиқырлы гүлге де жеттік. Қандай хош иісті гүл десейші... (терең тыныс алу)

Жапырақтарында гүлдің суреттер бар екен ,суреттерге қарап деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек екенін шешіп көрейік(спортпен шұғылдану,тамақтану,дене тазалығын сақтау,шынығу)

Жарайсыңдар балалар,енді орындарымызға отыырайық. Гүл сияқты болайық. Гүлдер болып ұйықтайық. Таңатқанда жәйменен оянайық,жапырақтарымызды күн сәулесіне созайық,жел соққанда жайқалайық,кеш батқанда жапырақтарымызды жинап ұйқыға батайық.

Жарайсыңдар,балалар.

Сылдырмақтың шылдыры естіледі.

Жүргізуші:Сылдырмақтың шылдыры естілді, ғажайып орманда түн батты. Демек бізде сиқырлы қалпақтарымызды шешулеріміз керек.

Балалар,бүгінгі күн сендерге ұнадыма? Не істедіңдер,қандай жаттығулар ұнады сендерге?Балалар,білесіңдерме сендер кереметсіңдер. Жарық шашатын қоңыз сендерге сыйлыққа осындай жұлдызшалар дайындап қойды.

Кәне сапқа тұрып,бізді тамашалаған қонақтар,лебізімізді білдіріп қоштасайық.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
2558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі