Білім беру
саласы:Денсаулық.
Бөлімі: Дене
шынықтыру.
Тақырыбы:Дене шынықтыру сабақтарында
қимыл-қозғалыс түрлендіру.
Мақсаты:балаларды жылдамдыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеп, ұлттық ойындарды
ойнату.
Көрнекіліктер:асықтар.
Сөздік
жұмыстар:ұқыптылық,
жылдамдық.
Полингвальді: жүгіру-бегать, секіру-прыгать,
жүру-ходить.
Ұйым
кезеңі:
Балаға дене тәрбиесін беруде
қимылды ойындардың орны ерекше. Қимылды ойындар бұлшық еттерді ғана
іске қосып қоймайды, баланың бүкіл ағзасының ішкі құрылысының
қызметін, зат алмасуын, күшейтіп психикасының дамуына да ықпал
етеді, жалпы денсаулығын нығайтады. Қимыл әрбір іс-әрекеттің
негізін құрайды, тиімді ұйымдастырылған қимыл икемділікке боулиды,
жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді.
Балабақша міндеттерінің
бірі-балаға қимыл негіздерін үйрету. Негізгі қимылдарға: жүру,
жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу сияқты қимылдар жатады. Балаларды
мақсатқа бағытталған қимыл жасауға, қажет кезінде қимылды тежеу
әрекеттеріне үйрету керек.
Қимылдың тәрбиелік әсері де
зор: ойын, гимнастикалық жаттығулар мен еңбек үстінде балалардың
кеңістікті бағдарлау, шапшаңдық, дәлдік, ептілік қасиеттері,
ұжымдық қарым-қатынастары тәрбиеленеді.
Күнделікті қимыл-қозғалыс
өткізіледі.
-
Бірінің соңынан бірі жай жүру,
жүгіру, шеңбер бойымен жүру, жүгіру.
-
Тәрбиеші артынан жүгіру,
жүру.
-
Бір-бірін қуа жүгіру, допты
дөңгелетіп қуа жүгіру.
-
«Қояндар» сияқты бір орында
секіру, қос аяқтап алысқа секіру.
Таңертеңгі жаттығу 10 минутқа
созылады, оған түрлі қимылдар енеді: сапқа тұру, жүру бұлшық
еттердің әрбір бөлшегіне арналған жаттығулар жасау, жүгіру,
секіру.
Таңертеңгі гимнастика тек
қимылды дамыту үшін ғана емес балаларды ұйымдастыру, оларды сергек
те ширақ көңіл-күйін қамтамасыз ету үшін де
қажет.
Жаттығу ойындары баланың
ағзасына, бойына, денесіне, кеудесі мен салмағына жалпы дамуына
әсер етеді.
Әр жаттығудан кейін ұлттық
ойындар ойнатылады.
«Атбақыл» ойыны.
Ойынға екі бала қатысады.
Біреуі сақаны иіріп, екіншісі сол сақаны атады. Егер сақаға
тигізсе, атқан бала сол жерден сақасы жатқан жерге дейін екінші
баланы көтеріп апарады. Бірінің сақасын бірі атып, екеуі алдыға
қарай жылжи береді. Ойынды қанша ойнаса да, өз
еріктерінде.
«Хан
алшы» ойыны.
Ойынға 5-10 балаға дейін
қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек
біреуін қызыл түске бояйды. Осы асық «Хан» болады. Алдымен санамақ
арқылы ойын бастаушыны тағаындап алады. Осы бала асықтың бәрін
уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар
«Ханның» қалай түскенін байқап отырады. Егер «Хан» бүк, шік, тәйкі
түссе ойын бастаушы бала «Ханның» түсуіне қарай жақын жатқан
асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып,
біріне бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне
алады. Осы арада «Ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен
алып алуға болатынын ұмытпаған жөн. Ойын бастаушы басқа асықтарға
қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды басқа бала жүргізеді. Ал егер
«Хан» алшысынан тұрса, «Ханды» әрқайсысы өз қолдарына түсіруге
әрекеттенеді. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді.
Ойынды да сол жеңген бала бастайды.
Күтілетін
нәтиже:
Жаңғырады: қазақ халқының ұлттық
ойындарын.
Түсінеді: салт-дәстүрлердің маңызын;
физикалық жаттығулардың адам денсаулығына
пайдасын.
Қолданады:жүгіру, секіру, жүру сынды
қимыл іс-әрекеттерді күнделікті орындауды.