Материалдар / Дене шынықтыру. Спорттық сайыс.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене шынықтыру. Спорттық сайыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып оқушыларына арналған "Толағай" спорттық сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2023
222
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Толағай» спорттық сайысы
Жүргізуші:
Бүгінгі
«Ел болашағы- білімді ұрпақ» атты апталығында өтетін «Толағай» сайысына хош келдіңіздер!
- Ойын залына
5 «А» сынып оқушыларынан құралған «Сұңқар», «Қыран» тобын ортаға шақырамыз
- ( Толағай әні
ойнап тұрады )
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға
2 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы қатысқалы отыр
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Сайыс
6 кезеңнен тұрады.

І    кезең:  «Желаяқтар»  

ІІ кезең «Жемістерді егіп кел де, жинап ал»
ІІІ кезең. «Кім жүйрік?»

ІҮ «Ойлан, тап!»
Ү «Кенгуру»
ҮІ кезең «Арқан тартыс»

Әділ қазылармен таныс болыңыздар:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Ундирбаева Н

2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Кулантаева З
3. Мектептің психологы – Бектемирова А.
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Бөкеев Қ
Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.
Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)

І    кезең:  «Желаяқтар»  

Ойын шарты:    Бірінші ойыншы бастапқы  орыннан кедергілер арасымен  межені жүгіріп айналып  келіп, екінші  ойыншыға қол беру.  Келесі ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады.  Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді


ІІ кезең «Жемістерді егіп кел де, жинап ал»
Шарты: Ойыншылардың алдында 2 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада жемістер болады. Белгі бойынша топбасшылар жемістерді шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол жемістерді жинайды, 3 - ойыншы егеді, 4 - ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып, әділқазыларға береді де, ойын аяқталады.


ІІІ кезең. «Кім жүйрік?»

Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!


ІҮ «Ойлан, тап!»
Шарты: әр топқа екі картон қағазды беріп, сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау, яғни есептер шығару

Ү кезең «Кенгуру»

Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз доптың аяғыңның арасына қыса отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу.
Әділ - қазылар алқасы, бағаларыңыз!


ҮІ кезең «Арқан тартыс»

Ойынның шарты; Екі топ арқаннның екі жағынна ұстап тұрып, белгі берген кезде тартады.Қай топ көбірек тартса, сол жеңімпаз болады.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!
- Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!
Сайысымызды бас жүлдесін « » ұпаймен « »тобы жеңді, құттықтаймыз!
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір оқушыға алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!
















«Атамекен жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Толағай»

спорттық сайысы







Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Б. Тынысбаев


















2022-2023 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!