400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дене шынықтыру Тақырыбы : « Доппен ойнайық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Допты тігінен төменге еденге лақтыру және секірген допты екі қолымен қағып алуды үйрету. Екпінді итеріліп және жартылай бүгілген аяқпен заттың үстінен жерге жеңіл түрде секіріп түсе білуін бекіту
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы : « Доппен ойнайық»

Мақсаты: Допты тігінен төменге еденге лақтыру және секірген допты екі қолымен қағып алуды үйрету. Екпінді итеріліп және жартылай бүгілген аяқпен заттың үстінен жерге жеңіл түрде секіріп түсе білуін бекіту

Қажетті құралдар:

Қос тілдік компонент

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың Іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

І.Бөлім

Балалармен сәлемдесу

1.Шашырап жүру және жүгіру;Балалар бір-бірінің артынан жүреді, тәрбиешінің сигналы бойынша шашырап жүреді «Серуендейміз», солай шашырап жүгіруге де сигнал беріледі.

2. Бөлменің әр жақ бөлігінде сигнал бойынша тоқтау.

Балалар тәрбиешімен сәлемдеседі.

Балалар шашырап жүреді және жүгіреді,сигналды тыңдайды.

Іздену- ұйымдастырушылық

ІІ.Бөлім

Затсыз жасалатын жалпы дамыту жаттығулары:

Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындату. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсету. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалау

1. Б.қ. тұру: аяқтар иық деңгейінде, қолдар төменде. Қолдарды екі жаққа көтеру, түсіру,бастапқы қалыпқа оралу 6 рет.

2.Б.қ.: сол сияқты, қолдар белде. Отырыңқырап қолмен еденге тию, тұру, бастапқы қалыпқа оралу 4 рет.

3. Б.қ.: Тізерлеп тұру, қолдар белде. Оңға (солға) еңкею, екі үш тербеліс жасау, тоқтау. Жаттығуды 3-4 рет қайталау.

4. Б.қ.: Аяқтарды созып отыру, қолдар артта еденге тіреулі. Аяқтарды тізеден бүгіп, ішке қарай тарту 5 рет.

5. Б.қ.: Аяқтар бірге, қолдар белде. Екі аяқпен орнында секіру мен жүруді алмастыру.




ІІІ.Бөлім

Негізгі қимылдар:

Допты еденге ұрып, қағып алу.

Заттың үстінен қос аяқпен секіру (биіктігі — 5 см)



Ойын: «Асық әперші»


Балалар жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.






















Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

Ойынға жаппай қатысады


Рефлексті - коррекциялаушы


ІV.Бөлім

Қорытынды:

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

-Бүгінгі сабақта не істедіңдер?

Сапқа тұрып, бірінің артынан бірі жүріп, тәрбиешімен қоштасу



-Иә, сабақ ұнады.

-Жаттығу жасадық, ойнадық

Тәрбиешімен қоштасу



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Шашырап жүру мен сигнал бойынша тоқтауды.

Қандай түсініктерді игерді:. Допты еденге ұрып, қағып алуды игерді


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Екпінді итеріліп және жартылай бүгілген аяқпен заттың үстінен жерге жеңіл түрде секіруді үйренді
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
2489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі