жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Дене тәрбиесі және спорт мененджментіне кіріспе.
Дәрісбаян № ______
Тақырыбы: Дене тәрбиесі және спорт мененджментіне кіріспе.
Жоспар:
1. Менеджмент түсінігі
2. Нарықтық қатынастар
3. Басқару ұғымы
1. "Менеджмент" (ағылшын тілінде - manage) "басқару" деген мағынаны білдіреді. "Менеджмент" түсінігінің аныңтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады[1:5].
Оксфорд түсіндірме сөздігі:
Менеджмент:
- адамдармен қарым-қатынас тәсілі;
- билік және басқару өнері;
- әкімшілік шеберлігі;
- басқару органы;
- әкімшілік бірлік.
Мағынасы бойынша "менеджмент" термині "басқару" терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша "басқару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Мысалы, автомобильді және басқа да неғұрлым күрделі техникалың жүйелерді басқару. Ал "менеджмент" термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сипаттайды.
Басқару (басқару процесі) - мақсатқа жетуге бағытталған
іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент - өзіне міндетті элемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы.
Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару. "Менеджмент" түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:
-
Менеджмент - бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару.
-
Менеджмент - бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы. Бұл ғылыми пән.
-
Менеджмент - басқару бойынша жұмыс жасаушы- ның өлеуметтік табы[1:6].
Менеджментке байланысты бірнеше авторлардың анықтамалары бар:
"Адамдың қатынастар" мектебінің өкілі Паркер-Роллеттің анықтамасы: "Менеджмент - басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету".
"Менеджмент - ұйымның мақсатына жетуге және құруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру, жоспарлау процестері" (Мескон, Альберт, Хедоуридің "Менеджмент негіздері” оқулығы).
"Фирманы басқарудың теориясы мен тәжірибесі және нарық жағдайындағы оның қызметшілері” (Веснин "Менеджмент негіздері").
"Өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатымен болатын принциптер, әдістер, құралдар мен өндірісті басқару формаларының жиынтығы" (1988 ж. шетелдік сөздер сөздігі).
"Өзіне міндетті элемент ретінде, адамдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы" (Американдың энциклопедия).
"Адамдар көмегімен тиімді жету және қойылым"
Менеджменттің 3 маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам.
Бәсеке жағдайында тиімділік - фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің[1:6].
2. Менеджмент дегеніміз - бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы[1:8].
Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:
-
Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;
-
Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбекақымен ынталандыру және еңбекке жағдай жасау;
-
Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.
-
Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;
-
Нақты мақсаттарды аныңтау;
-
Мақсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;
-
Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылың міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.
Нарық дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынасты сипаттайтын күрделі түсінік. Нарықтың шынайылығы сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынаста, өнімге құрылатын бағада, өнімді сату, сатып алу актісінде көрініс береді[1:3].
Нарық жағдайында басқару былайша құрылган:
-
Нарықтың сұранысы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімділігінде;
-
Өндіріс тиімділігін жоғарылатуға үнемі талпынуында;
-
Шаруашылың өздігінде, соңғы нөтижесіне жауапты болатын адамның шешім қабылдау бостандығында;
-
Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі түзетуінде;
-
Шешім қабылдау кезінде көптеген есептер үшін компьютерлік техниканың қазіргі негізін қолдану қажеттілігінде.
3. Басқару - белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүйенің келесі жүйеге ықпал жасауы.
Менеджмент пәні ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстармен басқаруды игереді.
"Басқару" термині - бұл жоспарлау, бағалау, жобаларды жүзеге асыру, бақылау процестерімен қоса шешім қабылдайтын жалпылама түсінік. Бір жағынан жоспарлы және оперативті шешімдердің белгісі, олардың ілесіп отыру тәртібі[1:3].
"Менеджмент негіздері" пәнін игерудің басты міндеті басқарушының қызметіне ықпал ететін және анықтайтын факторлармен, басқарудың қазіргі кездегі амалдарымен, басқару қызметінің негіздерімен, олардың функцияларымен танысу болып табылады.
Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады. Экономикалық саясат та өзгерді. Сондай-ақ, дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады. Нарықтық экономиканы жетік басқару үшін арнайы білім көзі болуы керек.
Басқару теориясы ғылым ретінде (оның анықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болды және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады.
Сонымен бірге, "ғылыми менеджмент" түсінігін басқару теориясының негізін қалаушы болып саналатын Фредерик Уинслоу Тейлор енгізді.
30-40 жылдардағы басқару облысының теоретигі, Лютер Гьюликтің пікірінше, басқару әр түрлі теорияларды, жинақтаған әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым болып табылады және "адамдар орталық мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етеді, сонымен бірге осы қарым-қатынас жүйелерін барлық адамзат үшін неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысады".
Әлбетте, басқарудың теориясы мен тәжірибе эволюциясы өнеркәсіп пен
жалпы ғылымның дамуымен тығыз байланысты.
Менеджмент
ғылым ба, әлде өнер
ме?
Менеджмент өнер ретінде.
Менеджмент - нақты
басқару
козғалыстары жағынан
кәсіпорынның дамуы мен кызмет
етуін камтамасыз ететін
адамдардың қоғамдық
тәжірибесінің формасы.
Кәсіпорынды баскарудың
жоғарғы дәрежесі өнер ретінде
бағаланады. Менеджмент көп
жағдайларда қағидаларға,
теорияларға, принциптерге
сүйенетін өнер ретінде каралады.
Менеджмент ғылым ретінде.
Менеджмент - ұйымды басқару
бойынша тәжірибелік қызмет
негізінде пайда болған және оларды
шешу амалдары бар басқару
ғылымы. Бұл пәннін ғылыми негізін
тәжірибе арқылы жүздеген жылдар
бойы жинакталған басқару туралы
білімдердін сомасы және кағида,
теория, принциптер, амалдар мен
басқару формалар ретінде
көрсетілген түрлері кұрайды.
Адамдардың өздік білімдерінің
аумағында, ХІХғ. алғында бөлініп
шыкты.
Ұйым - бұл кызмет етуіне сыртқы
және ішкі ортаның көптеген
факторлары ыкпал ететін күрделі
әлеуметгі-техникалық жүйелер
Оқиғалардың дамуын болжау
және осыған сәйкес ұйымның
стратегиялары мен саясатын
кұру
Ағымдағы істерді, маманды қазіргі жағдаймен басқару
Адамдардын бірлесіп еткен енбегі
неғұрлым пайдалы және тиімді
болып саналатын жағдайлар мен
факторларды анықтау
Себеп пен салдар арасындағы
байланысты бекіту
Баскару енбегінін табиғатын
түсіндіру
Көптеген мамандар баскаруды
тәжірибе арқылы ғана уйренетін өнер
деп және таланты бар адамдарда ғана
болады деп есептейді
Ұйымда кызмет ететін адамдар
ғьлыми амалды пайдалануды ғана
есепке алуды емес, нақты бір
жағдайларда қолдану өнерін де талап
ететін басты фактор
Менеджментті баскару
өнері
ретінде түсіну негізі
Қолданылған әдебиеттер:
-
Б.Жакенова, Қ.Тәмпішева, Л.Мақсатова Менеджмент негіздері. – Астана.: Фолиант, 2011.
-
М.Золотов, В.Кузин, М.Кутепов, С.Сейранов Менеджмент и экономика физической культуры и спорта. – Москва.: Издательский центр «Академия», 2001.
-
Т.Ботагариев Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі. – Астана.: Фолиант, 2017.
-
Төтенай.Б. Дене тәрбиесі. – Астана.: Фолиант, 2017.
-
Мұхамеджанова.Ұ. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. – Астана.: Фолиант, 2017.
-
Уанбаев.Е.Қ. Дене мәдениеті және спортының ілімі мен әдіснамасы. – Өскемен, 2010.
1

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген