Денелердің электрленуі 8 сынып физика сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Денелердің электрленуі 8 сынып физика сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Электр зарядын сипаттау, электроскопты жасау. Үйкеліс және индукция арқылы электрлену құбылыстарын түсіндуру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Электростатика негіздері

Мектеп: №37 жом

Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Сугурбаева

Сынып: 8

Қатысушылар саны: 18

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты

8.4.1.1- электр зарядын сипаттау;

8.4.1.2-үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.1.3-Электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Электр заряды ұғымының физикалық мағынасын біле отырып сипаттайды.

Көптеген оқушылар істей алады: Сабақтың соңына дейін үйкеліс арқылы дененің электрленуін және индукция құбылысын денелердің әсерлесу арқылы екінші денеге тигізген мәнін түсінеді.

Кейбір оқушылар істей алады: Зарядтың сақталу заңын тұжырымдап, күрделі есептерді шығара алады.

Бағалау критерийі

  1. Денелердің электрленуі құбылысын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтіреді.

  2. Электр заряды ұғымының физикалык мағынасын біледі, электр зарядын сипаттай алады.

  3. Зарядтың сақталу заңы бойынша аналитикалық жолмен есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар электр зарядының екі тегін, зарядталған денелердің өзара әсерлесуін және зарядтың сақталу заңын ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Пәндік және терминология:

Дененің электрленуі, электр заряды. Электроскопты қолдану. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер, изоляторлар.

Құндылықтарды дарыту



Баламалы энергия түрлерін ескере отырып, арзан энергияны өндіруде жаһандық және өңірлік бәсекеге қабілетті болу электр тогы жайлы терең біліммен жүзеге асырылады

Пән аралық байланыс

Химия- атом құрылымын сипаттау үшін химия пәніндегі ұғымдарды пайдалану.

Математика- математикалық түрлендірулер арқылы есептер шығару.

Тақырып бойынша

алдыңғы білім


7 сыныптан «Атомдар мен молекулалар» тақырыбынан заттың құрылысын, оны құрайтын молекулалар мен атомдар болатынын, атомдар элементар бөлшектерден тұратынын біледі. Бүгінгі сабақта заттың құрылысы мен электр тогы арасындағы байланысты ашу.




Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 1 мин

Т опқа бөлу. 2 мин

I топ. Ай

II топ. Марс

III топ. Шолпан



«Fish боун» әдісі (Үй тапсырмасын сұрау) 7 мин

«Ай» тобына:

  1. Үстіңгі беті қатты шар тәрізді суық дене болып табылады?

  2. Күн жүйесін не құрайды?

  3. Ж үйенің ішкі энергиясының бір бөлігін механикалық энергияға айналдыратын және соның есебінен жұмыс істейтін машина?

  4. Орташа радиусы 1738 км қай планетаға тән.

  5. Жылу алмасусыз жүретін процесс?

  6. Не себепті Айдың бетінде шұңқыр көп?


«Марс» тобына:

  1. Барлық жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі қандай?

  2. Орташа диаметрі 6800км болатын планета?

  3. Екі табиғи серігінің атаулары?

  4. Шолпандағы жылыжай эффектісінің болуының себебі?

  5. ІЖҚ жұмыстық жүріс тектісінде не орындалады?

  6. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК анықтайтын формула?


«Шолпан» тобына:

  1. Шолпанның бетінің температурасын жазыңыз

  2. Ондағы тәулік қанша Жер тәулігіне тең

  3. Марс атмосферасының 95% жуығын не алып жатыр?

  4. ІЖҚ сығу тактісі қалай орындалады?

  5. XVII ғасырдың соңында жасалған техника?

  6. Тұрақты температурада жүретін процесс?

Әрбір топ жазып болғаннан кейін басқа топпен алмасады, қателер болса өзгертеді. Мұғалімнің қызметі оқушылардың қажеттілігіне қарай саралау арқылы үнемі түзелтіп отырады.

Дескриптор:

1. Жылу двигателдерін біледі.

2. ІЖҚ жұмыс істеу принципін біледі.

3.Айдағы, Шолпандағы, Марстағы термодинамикалық жағдайларды айта алады.

ҚБ. «Бас бармақ»- әдіс

Оқулық, оқу құралдары




C уреттер, топ-тардың аты жазылған парақшалар,

бағалау парақшалары














Сабақтың ортасы

20 мин

Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты ашу интерактивті тақтадан екі сурет көрсетіледі. Осы сурет арқылы оқушылардың бұрын өтілген білімдерін еске түсіру.


«Ширату сұрақтары»

а)  Бұл екі суреттен ортақ нені көріп тұрмыз?

ә) Шыны пен темірдің қандай айырмашылығы бар?

б)  Синтетикалық киімді шешкенде нені аңғарамыз?

I«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы оқушыларға постер қорғау үшін плакат тарқатылады. Әр топ оқулықпен жұмыс істей отырып, берілген тапсырманы топтасып талқылайды.

Оқушылар оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастырады.

«Ай» тобы: Бір-біріне үйкелген денелердің электр зарядын тәжірибе жүзінде қалай байқауға болады? Диэлектриктер деген не?

«Марс» тобы: Аттас және әр аттас зарядтар қалай әсерлеседі? Өткізгіштерді қалай білеміз?

«Шолпан» тобы: Электр зарядының сақталу заңының мәні неде?

Критерий

Дескриптор

Электр зарядын сипаттай отырып, үйкелген денелерде электрлену құбылысын түсіну

  1. электр зарядын ұғымын біледі, сипаттай алады

  2. үйкеліс арқылы денені электрлену құбылысын түсінеді

  3. денелердің электрленуі құбылысына мысалдар келтіре алады


Қалыптастырушы «Бас бармақ»- әдісі арқылы оқушыларды бағалау. «Конверттегі есептер» әдісі. Оқушылар деңгейлік есептер шығарады.

А-деңгей:Жіңішке жіпке екі жеңіл бузин шарларын іліп,оларға жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізгенде , шарлар бір-бірінен тебіле бастайды.Не үшін?

В-деңгей: +4 және –11q зарядтар әсерлеседі. Пайда болған зарядты тап.

С-деңгей: 1-ші жүйеде +6q және -9q зарядтар бар. 2-ші жүйеде -3q және +16q зарядтар бар.

1-ші жүйенің 1-ші заряды мен 2-ші жүйенің 2-ші зарядын әсерлестіргенде, пайда болатын зарядты табу керек.


Критерий

Дескриптор

Зарядтың сақталу заңын тұжырымдап есептер шығару


1.А деңгейінде анықтайды.

2.В деңгейінде салыстырады

3.С деңгейінде есептеп шығарады.









Суреттер


Сабақтың аяғы

10 мин

Сабақты бекіту: «Стоп кадр» әдісі арқылы әр оқушы сабақта өтілген тақырып бойынша тәжірибелер көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын айтып түсіндіреді. Мұғалім қосымша ақпарат береді.


Қалыптастырушы бағалау: «Желкенді кеме»


Үйге тапсырма

А) Денелердің электрленуі,электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер

В )





С) №5 эксперименттік тапсырма



Кері байланыс «Бес саусақ»

  1. Бас бармақ– мен үшін маңызды және қызықты болды ......

  2. Балан үйрек (сұқ саусақ) – мен бүгін түсіндім ..........

  3. Ортан терек (ортаншы саусақ) – мен үшін қиын болды .......

  4. Шылдыр шүмек (төртінші саусақ) – менің бағам ....... себебі...

  5. Кішкене бөбек (кішкентай саусақ) – менің білгім келеді ......



Бейне материал




Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау














Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?


Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1595
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі