(Р) (F) «Ойлан
–жұптас-бөліс»
Үй жұмысын тексеру:
Оқушыларға жетелеу сұрақтары беріледі, сол
сұрақтардың реті бойынша мәтінді оқиды, болған соң жанындағы
оқушымен жұптасып берілген тапсырманы орындайды.
Жұптық жұмыс:
«Ойлан»
1.
Дене тыныштық қалпын сақтау үшін .....
2.
тыныштықтағы денеге бір бағытта бірнеше күш әрекет етсе
....
3.
қарама –қарсы бағытта тең күш әрекет етсе ....
4.
қарама-қарсы бағытта әрекет еткен күштің біріеуі үлкен мәнге ие
болса....
«Жұптас»
1.
Қандай күш тең әрекетті деп аталады?
2.
Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең
әрекетті күші неге тең?
3.
Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің
теңәрекетті күші неге тең? Ол күш қай жаққа қарай
бағытталады?
Бағалау критерийлері:
-
Оқушы тыныштықта тұрған денеге
қандай күштер әрекет ететінін анықтады
-
Оқушылар бір түзудің бойымен
бір жаққа қарай бағытталған күштің мәнін түсіне отырып сурет
салды;
-
Оқушылар бір түзудің бойымен
қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған күштің мәнін түсіне отырып
сурет салды.
Дескрипторлар:
-
Оқушы тыныштықта тұрған денеге қандай күштер
әрекет ететінін анықтады;
-
Оқушылар бір түзудің бойымен
бір жаққа қарай бағытталған күштің мәнін түсіне отырып сурет
салды;
-
Оқушылар бір түзудің бойымен
қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған күштің мәнін түсіне отырып
сурет салды.
Мұғалім тақтада дұрыс жауабын көрсетеді. Оқушылар
өзін-өзі бағалайды.
Жаңа сабақ:
G)
(F) Мәлімет
беру.
Топтық тапсырма:
Күнделікті өмірдегі мысалдарды сұрақ ретінде қоя
отырып, оқушылардың ой-өрістерін дамыту.
Мысалы: Жоғары лақтырылған
тас, допты тепкен кезде, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.
Топ ішінде әрбір оқушының ойын білу.
Проблемалық сұрақ:
Неліктен барлық денелер Жерге қайтадан түседі,
неге олар жоғарға ұшып кетпейді?
Топтық жұмыс:
Бағалау критерийлері:
-
Өмірден келтірілген мысалды
біледі;
-
Жоғары лақтырылған тас, допты
тепкен кезде, бұтағынан үзілген алманың Жерге құлау себебін
түсінеді.
Дескрипторлар:
Оқушылар тапсырманың меңгергенін екі қолын көтеру
арқылы жүзеге асырады.
Осыдан барып, мынадай
қорытындыға келеміз: денелерге Жердің тарапынан
күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне
тартады.
Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан «Жеті қат
көкке ұшсақ та», «Жеті қабат жер астына енсек те» құтыла
алмаймыз.
Сондықтан Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы
бүкіләлемдік тартылыс деп атайды. Осы құбылыс негізінде ұлы ағылшын
ғалымы Исаак Ньютон табиғаттың ұлы заңы – Бүкіләлемдік тартылыс
заңын тұжырымдады.
(G) Топтық
жұмыс: «Бұрыштар» әдісін
пайдаланамын. Бұл әдіс белсенді тыңдау, сөйлеу, анық баяндау,
тәжірибе алмасу, өзара байланыста болу мақсатында
қолданылады.
Проблемалық сұрақ:
Сіздер лифтімен көтерілген
кезде немесе төмен түскен кезде қандай күйде болдыңыздар? Не
сездіңіздер? Бұл құбылысты немен
байланыстырасыздар?
Бағалау критерийлері:
-
Күнделікті өмірмен
байланыстырады;
-
Келтірілген мысалды түсінеді;
-
Лифтімен көтерілген кездегі
немесе төмен түскен кездің себебін ажырата
біледі.
Дескрипторлар:
-
Күнделікті өмірмен
байланыстырды;
-
Келтірілген мысалды түсінді;
-
Лифтімен көтерілген кездегі
немесе төмен түскен кездегі себебін ажыратып айырмашылығын
білді.
Оқушылар орындарынан тұру
арқылы тапсырманы түсінгенін көрсетеді.
(G) (F) Есеп
шығару:
1. Жүктің массасы 100 г дене. Оған қандай ауырлық
күші әрекет етеді?
2. Орта ендікте денеге әрекет ететін ауырлық күші
196,12 Н. Дененің массасы қандай? Осы денеге экваторда, полюсте
әрекет ететін ауырлық күштерінің шамасы қандай
болады?
3. Неліктен денелердің Айға
тартылуы Жерге қарағанда аз?
4. Салмақсыздық деген не және
ол қай уақытта пайда болады? Өздерің салмақсыздық күйге түсіп
көрдіңдер ме?
Бағалау критерийлері:
-
Есептердің берілгенін жазады;
-
ХБЖ-ға аударады;
-
Салмақ, тартылыс құбылысы және ауырлық күші
мағыналарын біледі және түсінеді;
-
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші формулаларын
есеп шығару барысында қолданады;
-
Салмақ, тартылыс құбылысы және ауырлық күші
өмірмен тығыз байланыстыра алады.
Дескриптор:
-
Есептердің берілгенін физикалық тілде
жазды;
-
ХБЖ-ға аударды;
-
Салмақ, тартылыс құбылысы және ауырлық күші
ұғымдарын білді және түсінді;
-
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші формулаларын
есеп шығару барысында қолданды;
-
Алған білмдерін өмірмен байланыстыра
алды.
Мұғалім тақтада дұрыс жауабын көрсетеді. Оқушылар
өзін-өзі бағалайды.
|