№ 1 сабақ
10 сынып Сабақ жоспары
күні:
Сабақтың тақырыбы: Механикалық
қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау
тәсілдері.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға
механикалық қозғалыс, денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері
туралы толық түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың
логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды
тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бақылау
жұмысы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Бақылау жұмысын жазу
3.Сабақты бекіту
4.Үйге тапсырма
беру
Жаңа сабақты
түсіндіру
Денелердің қозғалысын және оны сипаттайтын
шамалардың арасындағы байланысты қарастыратын механика бөлімі
кинематика деп аталады.
Біз үнемі қозғалыстағы денелер ортасында өмір
сүреміз, сондықтан бұл құбылыс бізге жақсы таныс сиқты болып
көрінеді де, оған терең үңіле бермейміз. Механикалық
қозғалыс деп аталатын дененің ең қарапайым қозғалысын,
яғни оның кеңістіктегі орнының өзгеруін қарастырайық. Дененің
қозғалысын сипаттауға талпыныс жасап, оны сипаттау үшін ненің қажет
болатынын анықтайық.
І. Материялық нүкте. Егер
қозғалыстың алуан түрлілігін және оның күрделілігін ескерсек, онда
нақты қозғалысты сипаттау өте қиын мәселе болып табылады. Физикада
күрделі объектілер мен құбылыстарды зерделеу үшін модельдеу әдісі
пайдаланылады.
Материялық нүкте деп
қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге
болатын денені айтады.
ІІ. Санақ жүйесі. Дене
қозғалысын бақылаған кезде, біз оның уақыт өтуіне қарай орын
ауыстырғанын басқа денеге қатысты қарастырамыз. Сондықтан дененің
қозғалыста немесе тыныштықта тұрғанын анықтау үшін алдын ала екінші
дене таңдап алынады. Мұндай дене санақ денесі деп
аталады.
Санақ денесімен байланысқан координаталар
осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені санақ жүйесі деп
атайды.
ІІІ. Траектория. Материалық
нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің
жиынтығы траектория деп
аталады.
IV. Жол. Жол – бақылау уақыты
аралығында дененің жүріп өткен траекториясының
ұзындығы.
V. Орын ауыстыру. Дененің
бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді
орын ауыстыру деп аталады.
VІ. Жылдамдық. Материялық
нүктенің қозғалысын сипаттау үшін жылдамдық ұғымы
енгізіледі.
Физикада дене қозғалысының шапшаңдығымен қатар
оның қозғалыс бағытын да сипаттайтын векторлық шаманы
жылдамдық деп атайды.
Сабақты бекіту
сұрақтары
1.Механикалық қозғалыс деп нені
айтады?
2.Санақ жүйесі дегеніміз
не?
Үйге тапсырма беру.
Қайталау.