400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Дененің салмағы,салмақсыздық 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәнінен сабақ беретін жас мұғалімдерге көмегі тиіп қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2 А Динамика негіздері

Мектеп: Ө.Жаңабаев

Күні: 11.12.19ж


Мұғалімнің аты-жөні:Л.Кусаинова

Сынып: 9 а


Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.10 - үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтау;

9.2.2.11 - салмақсыздық жағдайын түсіндіру;


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

9.2.2.10 - үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтайды;

9.2.2.11 - салмақсыздық жағдайын түсіндіреді;

Басым бөлігі:

- үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап,

салмақсыздық жағдайын түсінеді;

Кейбір оқушылар:

- үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап,практикада қолданады;

Бағалау критерийлері

- үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтайды;

- салмақсыздық жағдайын түсіндіреді;

- үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап,

салмақсыздық жағдайын түсінеді;

- үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтап,практикада қолданады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оқушылар: салмақ, деформация, салмақсыздық, асқын салмақ терминдерін қолдана алады.

Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер:

Дене салмағының пайда болу себебі ...

Вертикаль үдемелі қозғалатын дененің салмағы ...

Құндылықтарды дарыту

Өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, топта жұмыс жасау. Төзімділік.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім


Ньютон заңдары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Сабақтың ортасы

5 мин
















5 мин















10мин

















10мин




















5 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын анықтау.

Психологиялық ахуал туғызу.Көңіл-күйлерін көтеру.

2.Үй тапсырмасын «мен- саған ,сен- маған» әдісі арқылы сұрау. Оқушылар бір-біріне өткен сабақтардан сұрақтар қояды.

ҚБ: мадақтау

Жаңа сабақты сыни ойлаудан бастау:

Сурет арқылы сұрақтар қою:

1.Дененің салмағы дегеніміз не?


Өз ойларын айтады.

Оқушылар салмақ – шығу тегі серпімді күш екенін біледі, үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтай алады, салмақсыздық күйін түсіндіреді.

Кез келген әрекет өзіне қарсы әрекетті тудырады. INCLUDEPICTURE "https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQCTzicHiyToaQdnokgWOPYqzC0MJe6csqj6_L4nz2X5XjY1UuN" \* MERGEFORMATINET

Сыни ойлау:

  • Қандай да бір іс-әрекет кезіндегі қарама-қарсы әрекет қалай көрсетілген? Күштерді атаңдар.

  • Табиғатта күштер жұп күштер ретінде пайда болады деп айта аламыз ба? Неліктен?

ҚБ: Жарайсың!Жақсы!

3. Жүгі бар серіппелі таразымен тәжірибе жасау арқылы:

  • Адамның қолы Жерге қатысты тыныштықта тұрып, таразыны көрсеткен кезде дене салмағы модулі бойынша ауырлық күшіне тең екендігін көрсетеді.

  • Таразыны жүкпен бірге төмен қарай қозғалтамыз. Салмақ азаяды.

  • Таразыны жүкпен бірге жоғары қарай көтереміз. Салмақ артады.

  • Таразыны қолдан босатып жібереміз, сол кезде жүкпен бірге таразы да еркін құлайды. Осы жағдайда салмақтың көрсетуі нольге теңеседі. Салмақ жоғалды.

Сыни ойлау:

  • Не себепті біз бұл көріністі байқадық?

  • Біздің салмағымыз неден тәуелді?

4.«Топтық » жұмыс.

  1. Топ: Дене а үдеумен жоғары қөтерілген кездегі салмақты

  2. Топ: Дене а үдеумен төмен түскен кездегі салмақты

  3. Топ: Дененің а үдеуі g-ға тең болған кездегі салмақты анықтаңдар.

Берілген тапсырма бойынша постерге жұмыстарын жасап, дайындаған жұмыстарын қорғайды.

Бағалау критерийлері:

  • материалдың анық болуы, дұрыстығы

  • физикада ғылыми тілді қолдануы

  • белгілеулер мен формулаларды дұрыс жазуы


  1. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары .Жұптық жұмыс жасау:
    1. Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы қандай? 60Н 
    2 .Массасы 50 кг адамның Жерге түсіретін салмағы қандай? 500Н 
    3. Массасы 40 кг бала 5кг сөмкені өзімен көтеріп ұстап тұр. Баланың салмағы қандай? 450Н

  1. Асқын салмақ дагеніміз не? Мысал келтір .

  2. Салмақсыздық дегеніміз не? Мысал келтір.
     Б) Тақтада орындату 
    1. Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеуі а=0,2м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? 510Н 
    2. Массасы 500г допты тік жоғары 0,6 м/с2 үдеумен лақтырсақ онда доптың салмағы неге тең? 5,3Н 
    3. Дене 1,5м/с2 үдеумен төмен қарай түскенде салмағы неге тең? Дене массасы 40 кг . 340Н .

  1. Лифт 2м/с2 үдеумен вертикаль жоғары қарай көтеріледі. Лифтідегі жүктің массасы 50кг. Жүктің лифт еденіне түсіретін қысым күшін анықтаңдар.

Дескриптор:

1.Дененің салмағын анықтайды.

2.Формуласын жазады.

3.Өлшем бірлігін жазады

4.Салмақсыздыққа мысал келтіреді.

5.Асқын салмақты анықтайды.

Рефлексия:

БББ кестесін толтырады.

Кері байланыс : «Блоб ағашы»


Блоб ағашы арқылы өзінің деңгейін анықтайды.


Үйге тапсырма: Адам қай кезде асқын салмақта бола алатындығына мысал келтіріңдер? §19 оқуға.




сұрақтар






Оқулық,

суреттер


















Таразы, жүктер










постер


















тапсырмалар












БББ кестесі


Блоб ағашы суреті

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
3279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі