400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Профессор Ж.А.Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген: оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау; білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процессіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда: - білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, оқушылардың дамуына бақылау жасауға, оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

(Ж.А. Караевтың)


Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, академик В.М.Монаховтың оқыту технологиясы( Дьяченконың жұмыстарында айтылатын оқытудың ұжымдық тәсілі.

Профессор Ж.А.Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген: оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;

білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процессіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:

- білімді демократияландыруға және ізгілендіруге,

оқыту сапасын арттыруға,

басқару тиімділігін жетілдіруге,

оқушылардың дамуына бақылау жасауға,

оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.

Бұл жағдайда педагогикалық технология - компьютерлік техниканың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік–сынақ жұмыстарымыздың басты міндеті – дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын, (В.П.Беспалько) белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (қосымшада берілген 1-кестені қараңыз).

Бж. – бақылау әрекеттері /бақылау жұмыстары/(

Бас. – педагогтік басқару, болашақта/жоғарырақ деңгейлерде/

оқушылар өзін-өзі басқарады.

Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –жан жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып қалады.

Бірақ ол мақсат - өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс- әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптарымен өзгерулерін талап етеді.

Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз(

Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігімен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің - мұғалімдердің күнделікті жүмыста пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Демек, біздің жағдайымыздағы „оқыту әдістемесі”-деп отырғанымыз (оқушы–мұғалім( деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

2. жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

Оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

3.Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша „оқытуды ізгілендіру” қажет деп отырмыз ғой. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қана

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі