400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Деңгейлік курс бойынша 2018-2019 оқу жылының есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға өз білімін арттыруға қосымша көмек әдіс-тәсіл алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

2018-2019 оқу жылындағы деңгейлік курс бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебі.

Илешова Дана Шораевна, тарих және география пәндері мұғалімі.

Білімі: 2001-2006 жылдары, Тараз қаласы, «Тараз» институты, «Тарих және география» факультеті.
Іс-тәжірибесі: 2004-2018 жж. Қаратау қаласы, М.Әуезов атындағы орта мектеп, 2018 ж. қыркүйек айынан бастап Тараз қаласы, №13 орта мектеп
Санаты: I

Еңбек өтілі: 14 жыл

Шығармашылық тақырыбы: Тарих сабағында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланудың тиімділігі.

Сабақ беретін сыныптары: 5,6,7,8,9

Білім беру шеберлік орталығы мен Н.Назарбаевтың зияткерлік мектебі және Кембридж университетінің білім беру факультетінің бағдарламасы бойынша үшінші деңгейлік курсын 2012 жылы желтоқсан айында аяқтадым. 2018-2019 оқу жылының қазан айында мектебімізде деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған семинарда 6 А сыныбында «Қыпшақ хандығы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақ сын тұрғысынан ойлау стратегиясы негізінде құрылды. Сабақ ұйымдастыру кезеңімен басталды. Сыныпты 3 топқа бөлдім. Әр топ басшысын сайлады. Бағалау парақтарын таратып бердім. Кезекші мәлімет жасап, үй тапсырмасын айтты. Оқушылардың үй тапсырмасын түсіну деңгейін бақылау үшін әр топқа тапсырмалар жазылған үлестірмелер таратып бердім. Сұрақтарға жауап берілді. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін Қыпшақ хандығы туралы бейнебаян көрсеттім. Сабақтың тақырыбын анықтап, дәптерлеріне жазды. Осы орайда сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағын, мақсаттарын айтып өттім. Жаңа тақырып мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. Қыпшақ хандығының құрылу процессін түсііндіріп, картадан территориясын көрсеттім. Тақырыпты аша түсу үшін «Құмырсқаның илеуі» стратегиясын пайдаландым. Әр топтан 2 оқушыдан шығып, тақтаға ілінген мәтіндерді оқып, өз топтарына баяндап отырды. Отырған топ мүшелері түсінгендерін параққа түсіріп отырды. Әдіс сәтті өтті. Балалар мәтінді меңгеріп, талдап берді. Келесі қадамым постер құрастыру болды.

1 топ- Қыпшақ хандығы мен Хорезм хандығы арасындағы қатынас.

2 топ- Қыпшақ хандығы мен Киев Русі арасындағы қатынас.

3 топ- Қыпшақ хандығының әскери өнері.

Берілген мәтін бойынша әр топ өз постерлерін қорғап, тақырыпты аша түсті.Осы әдістен соң зерттеу сұрағы қойылды. Оқушылар зерттеу сұрағының мәнін ашып, жауап берді. Тақырыпты қорытындылау мақсатында «Половцы» тақырыбындағы деректі фильмнен үзінді көрсеттім. Сабақтың соңында бекіту үшін «Карта» ойынын ұйымдастырдым. Ойын қызықты және сәтті өтті. Сабаққа рефлексия жасау мақсатында «Мұғалімге хат» әдісін пайдаландым. Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен келесі сабаққа ұсыныстарын стикерлерге жазып, хат қоржынына ілді. Сабақ соңында үй тапсырмасын бердім. Бағалау парақшаларын жинап, топ басшылардың мәліметі бойынша әр оқушының бағасын айттым. Сабақ мақсатына жетті.





Бастапқы ынталандырушы материал ретінде презентацияның слайдын көрсету арқылы ұсынылған деректен Зарина патшайымын тану үшін үзінді берілі, екінші слайд арқылы сақтар туралы мәлімет дереккөзін анықтады. Миға шабуыл ретінде

«Сақ тайпалары» бейнебаян көрсетілді.

Ойланып көріңіз,сабақтың тақырыбы қандай болмақ? Болжам жасаңыз деп тапсырма беріп,оқушылардың жауабы тыңдалды.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырдым.

Тапсырма-1: Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету.Сақ тайпаларының қоныстануын атау

2018 жылдың желтоқсан айында пән бірлестігінің онкүндігінде 5 «А» сыныбында «Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?» тақырыбында ашық сабақ өткізідім. Сыныпты 3 топқа бөлдім. 1.Тиграхауда, 2.Парадарайа, 3.Хаумаварга.

«Жылжымалы карта». Әр топтан бір оқушы келіп сақтардың орналасуын есіне сақтап,тобына жеткізіп ауызша түсіндірді, ал топ оқушылары картаға орналыстырды.Топ мүшелері ауысып отырды. Тапсырма-2.

Кластер құрастыру. Мәтінмен жұмыс

Сақтардың мекендеген жерін сипаттайтын мәтін ұсыну. Әр топ өз жұмыстарын орындап, таныстырған соң топтар өзара бағалау жүргізді.Сабақ деректерді орналастыру, тарихи диктант жазу арқылы бекітілді және қойылған дескрипторларға сай бағаланды.

Picture 1

2018-2019 оқу жылындағы тарих пәнінен білім сапасы.





2018 жылыдың шілде айында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша екі апталық курстан өттім. Жалпы озық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет" деген болатын. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз қажет.

Қорыта айтқанда, әрбір әдісті жүйелі қолдана білу арқылы жетістіктерге жетуге болады. Тек аянбай еңбек етіп, үздіксіз білімізді жетілдіріп отыруымыз керек.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі